Қандастар Ассамблея

Түріктер ғұндардан бөлінген нəсіл

21.08.2014 2544
Түріктер ғұндардан бөлінген нəсіл

Қытайлықтар сызған ғұндар келбетін олардың мұрагері түріктер мен моңғолдардан көре аласыз. Вергерше  айтқанда, олар аласалау, дембелше, жуан да дөңгелек басты, жалпақ бетті, бет сүйегі биіктеу, кең танау келеді екен. Мұрттары тығыз, сақалы шоқша көрінеді. Ұзын сырғалығын тесіп, оған сырға тағады, тақ төбесінен бір тұтам шаш қалдырып, өзгесін қырып тастайды. Қалың қас астындағы қой көздерінің нұры өткір. Ұзындығы тізелікке келетін, екі жағында жырығы бар, кең шапан киіп, белдерін буынады. Белбеулерінің екі ұшы алдыңғы жағында салбырап тұрады. Суық жер болғасын жең ұштары тарлау келеді. Бас жəне аяқ киімдері теріден. Кең шалбарларын қайыс белбеумен буынады. Қорамсақтарын белбеуінің сол жағына салбырата асып алады.

Міне бұлар енді бір жағынан сізге ғұндардың ата-бабасы сақтарды елестет- пей қоймайды. Оған мынаны қоса ойлаңыз: Геродот (IV. 65) сақтаржауының бас сүйегінің төбесін қасының тұсынан аралап алады да, сыртын терімен, ішін алтын қабыршағымен аптап сусын ішетін ыдыс қылады деп жазыпты. Ал, “Алғы хəннамада” ғұндарда да тəп сондай ғадет барлығы (тəңірқұттың Юежы – Нүкіс ханының бас сүйегін сөйткені) жазылған.

Ғұндардың мұрагері түріктердің VI ғасырдағы ғадетінде, өлген сарбаздың мəйітіне оның өлтірген жауларының санына тура пропорционал тас қоса көмілген. Бұл ғадет оның алдындағы үнді-еуропа тілділерде де болған. Скитайлар (сақтар) жауының қанын жерге шаншылған қасиетті қайқы қылышына шашады жəне алғаш өлтірген жауының қанынан ұрттайды екен. Өз ішіндегілердің өлгеніне қатты қайғырған скитайлар да, ғұндар да беттерін бəкімен тіліп, “жас пен қан бірге ақсын!” деседі екен. Сақтар да, ғұндар да жартылай малшы, жартылай егінші болған. Олар төрт түлігін өз ауылына меншікті тұрақты аумақта (қыстау, көктеу, жайлау, күзеу) баққан. Негізінен ет пен ақты азық қып, тері киім жамылып, киіз не ағаш үйде жатқан. Тəңірге табынып, табиғатты кие тұтқан. Сондықтан Паул Пелли- от (Paul Pelliot) көп салыстырулар арқылы, ғұндар (ең кемінде олардың үстем тайпалары) түріктілді деп қарайды.

Һардумтұ шығармаларында да, “«Жоунама. Түрікбаянында»: “Түріктер ғұндардан бөлінген нəсіл. Оғы - Ашына.” дегені бар. Бартольд те: “Адамдар бұрын да, қазір де ғұндарды түріктер деп қарайды. Оның үстіне Қытайлықтар VI ғасырдағы түріктерді ғұндардың ұрпағы деп білген” деген екен. Б. з. V ғасырының ортасында, нөнендер Көтеңді (Қожаны) басып алғасын, түріктереріксіз Алтайдың қойнауына көшті”  делінген. Бұл арада басын аша кететін үш түйін баp:

Бірі, ең кемінде Ғұн қағанатының батыс жағындағылар түрік тайпалары болған. Енді бірі, сондықтан Қарақожа мен Жетісу жерінде тұрған ел ғана емес, оның маңындағы талай өңірдегілер де түріктер.

Соңғы бірі, Алтайға көшкен тек түріктердің бір бөлігі - Қарақожадағы түрік тайпалары ғана. Олар Алтайдағы қандастарына барған.

 

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Ұқсас материалдар