Түрік қағанаты

23.08.2014 3933
Түрік қағанаты

Түрік қағанатының (б. з. 552-590 жж.) дүниеге келуі Түрік тайпаларының көсемі Түменнің (Кей əдебиеттерде Ашына текті, түрік тілді Үйсіннің Дулат тайпасының басшысы Ағын шадтың ұлы Бұмын, қытайша əдебиеттерде - С. Ж. ) б. з. 546 жылы жужандар (бұл тайпаға түріктер б. з. 460 жылы қараған болатын. - С. Ж. ) бұғауынан құтылып, Алтай регионында тəуелсіздік жариялауынан басталады (бұл “теміршілер көтерілісі” делінеді. - С. Ж. ) Тəуелсіз болғасын жужандарға шабуылға өтіп, оның Анайхан дейтін қағанын(кей əдебиеттерде Анағұй, Анахуан - С. Ж. ) өзін-өзі өлтіруіне дейін апарады да, сəлден соң Или (Ілік) қаған деген ныспымен Түріктегі тұңғыш қаған болады. Түмен (Бумын) қаған тəуелсіздік ала салып (553 жылы) қайтыс болған. Оның мұрагері - Қара Ыстық хан да бір жылға бармай уапат болады. Бұл “Қарақаған көбінесе ежелгі Үйсін жерін мекенденеді” (Осыдан, ежелгі Үйсін жерінде дулаттар көшпей қалды ма, тіпті Қара қағанның сүйегі дулат па дегенойға еріксіз батасыз. - С. Ж. ). Жужандар. аяғында Түменнің немересі Мұқан қаған (аты Сыжин) жағынан бағындырылады. Мұқан қаған жужандарды жойғасын, шығыс жағындағы қытайларды басып, іргесін Қадырханға дейін кеңейтті. Істемі қаған (Бұл əр автор жағынан əртүрлі аталып жүр. Кейі Sindjibu, кейі Silzibul, тағы бірі Dizabulus деп. Франциялық ғалым Едуарт Чаваннис айтқандай бұл аттардың соңғы жарымы ябғұ дегендік. Алғы жағы сəл өзгертілген өзінің аты, демек Син ябғұне Сил ябғұ дегендік. - С. Ж.) оны Орта Азияға дейін созып, Орқон дариясының бойындағы Өтукенге  бүкіл аумағына үстемдік ететін қаған ордасын тігеді.

Матсуда Хисаодың бұл сөзін тарата түссек, “Мұқан қаған əрі батыр, əрі парасатты болғасын нөнендерді жойып, батыстағы ақ ғұндарды да(эфталиттарді - абделдерді. - С. Ж. ) жеңді” делінген екен жылнамаларда. Сөйтіп, Мұқан қаған билік құрған жылдарда (б. з. 553-572 жж.), Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Бұмынның (Түменнің) інісі Істемі басшылығында Тəңіртау мен Алтай аралығына (Жоңғария деп аталып жүрген Құбыға) кеп орналасқан қидандарды (қытайларды), Енисейдегі қырғыздарды бағындырады. 563-567 жылдарыОрта Азия, Ауғанстан, Пəкстан, Солтүстік жəне Батыс Үндістан, Шығыс Тəңіртау өңірін билеп тұрған, жауынгер көшпелі тайпалар мемлекеті Ақ Ғұндар (Эфталиттер)патшалығын басып алады. Осыдан кейін олардың аумағы Каспий теңізінен Амур бойына, Солтүстік Индиядан Байқал көліне дейінгі жерді алып жатты. «Ескі таңнама. Батыс түрік баяны» дегенде: “Істемі қаған қарамағындағы он зор шербасыға түгел қолбасылық жасайтын. 100 мың əскері бар-ды. Батыс жағына шабуылдап, ол жердегі əлде неше елді алып, өзін қаған деп жариялады. Оның қол астында он тайпа бар болатын. Ол соның бəрін биледі” делініпті. Əрине, мұндайда үйсіндер тек алып ел Түрік қағанаты ішіндегі бір тайпалар тобы, «Ескі таңнамаша» айтқандай он ірі тайпа одағының бірі ретінде ғана өмір сүреді. Тіпті оның атын өз ішіндегі (бұрын үйсін делінетін тайпалық одақтағы)кейін келе күшейген бір тайпасының (мысалы, не Албан, не Дулат, не Шігіл) аты басады. Бұл əрине Үйсіннің жоғалғанына жатпайды.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Ұқсас материалдар