Қандастар Ассамблея

Тұрғылықты мекеніңіз денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

03.03.2016 3692
Көп жағдайда үй таңдаудың астарында тұрғылықты жердің денсаулыққа қалай әсер ететіні ескерілмей қалып қоятын тұсы да бар.

Адам өмір сүретін елді-мекен таңдауға мүмкіндігі болғанда көп нәрсеге назар аудара бастайды. Алдымен үйдің ыңғайлылылығы мен қауіпсіздігіне мән береді, үйдің орналасқан жері жері мен терезедегі  көріністі ескереді. Алайда көп жағдайда таңдаудың астарында тұрғылықты жердің денсаулыққа қалай әсер ететіні ескерілмей қалып қоятын тұсы да бар.

Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің профессоры Франсин Ладен зерттеулерінің қорытындысы бойынша адамның саулығына әсер ететін тұрғылықты жерлердің тізімі жасалды. Сол тізіммен таныс болыңыздар!

1. Таулы мекендер

Қыратты мекендерді паналаған  тұрғындардың қаны қою болып келетінін бәрі білетін шығар. Алайда, ондай мекеннің артықщылықтары да бар көрінеді.  

Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Роберт Роучтың айтуы бойынша, теңіз деңгейінен жоғары жерде өмір сүретіндер, жазық жерлерде тұратын адамдарға қарағанда семіздікке шалдықпайды.

Соған қоса, әлем бойынша тау бөктерлерін мекендеген тұрғындарда жүрек аурулары мен инсульт көрсеткіштері төмен екен.

2. Қала сыртындағы мекендер

Қала сыртындағы өмір денсаулыққа өте пайдалы болғанымен, кемшіліктері де бар. Барлығы үйдің түрі мен өмір сүру салтына байланысты.

Бау-бақша ұстайтын жер үй иелері салауатты өмір салтын ұстанады. Соған қоса күнделікті ас мәзіріне жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді пайдаланады.

Ал көпқабатты үйлердің тұрғындарының өмірі мүлдем басқа. Олар аз қозғалады. Тіпті азық-түлік дүкеніне жаяу бармай, автомобиль немесе қоғамдық көлікпен қатынайды. Сол себепті бұл адамдарда қант диабеті ауруы мен дене салмағының ұлғаю мүмкіндігі жоғары болады.

3. Орман алқаптары

Табиғатқа неғұрлым жақын болған сайын, соғұрлым адамның физикалық және психикалық денсаулығы жақсы болады.

Орманды микроклимат имунды жүйенің жақсаруына, қан қысымының төмендеуіне, күйзелісті басуға, көңіл-күйді, ұйқыны жақсартуға, операция немесе аурудан кейін қалыпқа келуге көмектеседі. Сондай елді-мекендердің тұрғындары жігерлі келеді, денесі шыныққан. Олар таңертең жеңіл оянады және күйзеліске төзімді болып келеді.

4. Тас жол бойында

Жолдың бойында салынған үй немесе саяжайды таңдаған адамдардың таңдауы қатынауға ыңғайлы деп есептеледі. Дей тұрғанмен, денсаулыққа тигізер зияны да бар екенін білген абзал.

Ауруларды бақылау және болдырмау орталығының деректері бойынша АҚШ тұрғындарының 4% бас магистральдан 150 метр қашықтықта тұрады. Бұл бөліктерде ауа тым ластанған. Дәрігер Джеймс Гаудерманның айтуынша темекі шекпейтін адамдар да өкпе аурына шалдығуы мүмкін. Соған қоса, жол маңындағы шу деңгейінің жоғары болуы құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатады

5. Шөлді аймақ

Шөлді аймақтың жылы бөліктерінде тұратын адамдардың да қуанарлық себептері бар. Ірі қалалардан алшақ орналасқандықтан, бұл мекендердің ауасы таза. Күн көзі әрдайым жарқырап тұрғандықтан адамдардың психикалық десаулығы да жақсы болады.

Ал, шөлді мекендердің кемшіліктері де бар. Қоршаған орта эпидемиологиясының доценті Франсин Ладенаның пікірінше ультра күлгін сәуленің артықтығы қатерлі ісік ауруына соқтыра алады.

6. Қожалықта өмір сүру (ферма)

Қожалықта өмір сүретіндерде таза ауа, белсенді қозғалыс пен экологиялық таза өнімдерді тұтыну мүмкінішілігі зор.

Қамшының екі сабы бар демекші, Табиғат сақтау орталықтары ауыл шаурашылығында жоғары токсинді пестицидтер көптеп қолдана бастағандығын мәлімдеді. Сол себепті қожалық алқаптары мен жақын орналасқан мекендер токсиндермен уланған. Экологтардың пікірінше, пестицидтер балалардың денсаулығына зиянды экологиялық қатерлердің бестігіне кіру керек.

7. Үлкен қала

Қаладағы өмірдің де артықшылықтары мен осал тұстары бар. Өзгелермен салыстырғанда тұрғындар сапалы медициналық көмек ала алады, жаяу жүреді, спорт пен бидің түт-түріне қатысып, арнайы жабдықталған стадиондарда шыныға алады.

Дегенімен қала тұрғындарының 21%-ы жүйке қызметінің бұзылуына шалдықса, 39%-ы көңіл-күй жабырқауы мен күйзеліске қарсы әлсіз болады.

8. Теңіз жағалауында

Денсаулық үшін теңіз немесе мұхит жағалауында тұру ең дұрыс шешім.

Жағажайда өмір сүретіндер емдік қасиеті мол теңіз ауасымен демалып, белсенді өмір салтын ұстанады. Экологиялық психолог Мэтью Уайттың айтуынша,  адамдар теңіз жағасында тынығып, ләззатқа бөленеді.  Себебі жағалаудағы үй күйзеліс деңгейін басып, адамға физикалық жаттығулар жасауға үлкен мүмкіндіктер береді.

9. Кең ашық мекендер

Бұндай жердің артықшылығы тыныштық пен таза ауасы. NBC News ғылыми арнасының пайымдауынша тұрғындардың тізелері ауырады. Бұл семіздік пен ұсынылатын медициналық қызметтің аздығының салдарынан болады.

Әр мекеннің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылғын ескере отырып, жаныңызға жайлы жер таңдауға тырысыңыз!


Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Ұқсас материалдар