Тұлпар – Тальгоның миллионыншы жолаушысы жыл соңына дейін тегін жүреді

29.07.2016 1949
Жолаушылар тасымалы

«Тұлпар – Тальго» пойызының 2016 жылғы миллионыншы жолаушысын анықталды.  Ақтөбелік зейнеткер Қанымай Бекбауова Астана вокзалына түскен уақытта теміржол қызметкерлері оны гүл шоқтарымен және бағалы сыйлықтармен қарсы алды.

Тосын сыйды күтпеген зейнеткер қуанышын жасыра алмады. Оған жыл аяғына  дейін «Тұлпар – Тальго» жүрдек поездарына еліміздің кез-келген бағытына 10 мәрте тегін жүруге мүмкіндік беретін сертификат және екі немересіне ұялы телефондар табыс етілді.

Қанымай Бекбауова, зейнеткер:

— Поездан түсе салғанда маған жүгіріп келе жатқан адамдарды көріп шошып кеттім. Билетті үлкен келінім алып берген болатын. Оның миллионыншы екенін қазір біліп отырмын. Астанадағы немерелерімді Ақтөбеге, Ақтөбедегі немерелерімді Астанаға «жазғы демалыста қыдырсын» деп алып келе жатырмын.  Қуанышымда шек жоқ. Барлығыңызға үлкен алғыс білдіремін!

Жалпы жыл басынан бері отандық пойыздар 10 миллион адам тасымалдады. Оның ішінде «Тұлпар - Тальго» пойыздарын пайдаланушылар саны миллионнан асқан.

Нүсіпқожанов Дияр, техникалық қызмет көрсету бөлімінің директорының орынбасары:

— Миллионыншы жолаушы «Асу экспрес» статистика бөлімімен анықталды. Қазір «Тұлпар  Тальго» пойыздарына көп балалы аналарға, соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға және студенттерге жеңілдік беретін дисконт карталары жұмыс істейді. Жүрдек поезд әртүрлі әлеуметтік топтар үшін қолжетімді болып отыр.

Бүгінде елімізде жүрдек поездар 12 бағытта қатынайды. Ал 2020 жылға дейін тағы да 8 бағыт қосылады деп жоспарлануда. Жыл соңына дейін кең кузовты кеңейтілген вогондар «Астана-Алматы» және «Алматы - Шымкент» бағыттары бойынша жолға шығады. 


Алмас САУДАМБАЙ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Ұқсас материалдар