Қандастар Ассамблея

Сыр еліндегі астық жинау маусымы (ФОТО)

09.09.2015 7462
Сыр елінің диқандары әдеттегідей астық жинауға кірісті. Жер-Анадан ырзық-несібесін күтетін Сыр диқандары егін жинау науқанын бастап кетті.

Сыр елінің диқандары әдеттегідей астық жинауға кірісті. Жер-Анадан ырзық-несібесін күтетін Сыр диқандары егін жинау науқанын бастап кетті.

Биыл қызылордалықтар 163,7 мың гектар жерге егін екті. Оның 83,9 мың гектары негізгі дақыл күрішке тиесілі.

Шаруа қожалықтар тың әдістер қолданып, өнімділікті жоғарлату бағытында жұмыс жасап жатыр. Мәселен, өткен жылдан бері жерді тегістеп, күріш егуді бастады. Нәтижесі жаман емес. Жалпы, мамандар биыл соңғы екі жылдың көлемінен кем емес деңгейде өнім алынады деп болжап отыр. 

«Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтының» тұқымын биыл облыстың 40 шаруашылығы екті. Сонымен қатар, сорттың 17 түрі сынамадан өтуде. Ғалымдар басты назарды суды аз қажет ететін, Сырдың топырағына шыдамды сорттарды шығаруға басымдық беріп отыр.

 

Егін науқаны шаруа қожалықтар үшін үлкен той іспетті. Өйткені жыл бойғы еңбегінің жемісін көретін шақ. Кеудесін қуаныш кернеп жүрген жандардың бірі – Балапан Азымбетова. Жетпістің жетеуіне аяқ басқан апамыз 10 бала тәрбиелеп өсіріп, еңбек жолын күріш өсіруге арнады. Гектарына 65 центнерден өнім алып, озат күрішші атанған. Қазір апамыз «Балапан» шаруашылығын құрып, өз тәжірибесін балаларымен бөлісіп жүр. 

Егін жинау жұмыстарына 1732 трактор, 842 комбайн, 445 жатка, 403 жүк машинасы, 908 трактор тіркемесі қатысуда. 

Техника паркін жаңалауға аса үлкен мән берілуде. Мәселен, «МасДон» деп аталатын жатка өзгелерге қараған 2-3 есе жылдам жұмыс атқарады. Жаңа жатканы тізгіндеген Бисен Шәйім механизаторлардың жұмысын біраз жеңілдеткенін айтады.

Қазіргі таңда облыс диқандары егілген күріштің 20 паййызын орып болды. Әзірге орта өнім гектарына 42 центнерге жуықтайды. Шаруа қожалықтар қазан айына дейін орақ жұмысын аяқтауды межелеп отыр.

Қырманға келген алғашқы Сыр салысы зертханалық тексеруден өткізілуде. Мамандар биыл өнімнің сапасын жоғары бағалауда. 

Өткен жылы Қызылорда облысында 146 762 тонна күріш өндіріліп, оның 30 356 тоннасы экспортталды. Қырман «ақ алтынға» толса, көрсеткіш бұданда жоғары болатыны сөзсіз. Айта кетейік, қазан айының базында Қызылордада «Алтын күз» мерекесі жылдағы дәстүрмен тойланады. Шарада еңбек озаттары марапатталмақ.


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Ұқсас материалдар