Қандастар Ассамблея

Сот ісіне хакімдердің қатысы

27.08.2014 2322
Қазақ народный сотының кемшілігі көбейетіні хакімдердің бақылай алмайтындығынан.

Қазақ народный сотының кемшілігі көбейетіні хакімдердің бақылай алмайтындығынан. Қазақ сотының үстінен қарап, қисығын түзетіп, оңдап отыратын хакімдердің хұқы жоқ. Народный сотқа хакімдердің қатысы өте аз. Крестьянский на- чальниктер билік книгеге дұрыс жазылуын, билікті орнына келтіруін ғана қарайды. Жеке бидің билігін  бұзуға  ізденген арызды алу, сиезге келмеген билерге штраф салу – сондай ғана хұқы бар. Крестьянский начальниктер народный соттағы істі сыртынан ғана көздеп, нағыз істің өзіне қалай билік айтқанына қатыспайды. Билік закон жолынан теріс кеткен кезде де өз бетінен еш нəрсе істей алмай, прокурорға жібереді. Сөйтіп, крестьянский начальник бұл арада құр түсіп аттанатын жалғаушылыққа ғана орын болып табылады. Істің бұзылу, бұзылмау билігі прокурорда һəм окружной сотта болады. Прокурор мен окружной соттарға да оңай болмайды. Өйткені бұзу, бұзбау туралы 218-нші статья бойынша оларға берілген хұқ олардың қалыпты хұқықтарынан тар. Сондықтан, граф Палленнің айтуынша, прокурорлар бұл сияқты істерде тайсақтамақшы.

Əсіресе даулы мəселе – биліктің бұзылуына себеп болатын «аса билік». Бірсыпырасы Түркістан положениесінің 219-ншы статьясында айтылған мөлшерден тысқары жаза кесуді аса билікке санайды. Бірсыпырасы соттың құрылысындағы тəртіптерін орнына келтірмегенін аса билікке санайды. Бұл соңғысы негіздірек: судебный устав бойынша да сот құрылысының тəртібін бұзу қалыпты шегінен шыққанға саналады. Бірақ судебный уставтың жолын қазақ сотына тура келеді деуге болмайды. Ол Түркістан положениесінің 218-нші статьясына орайласпас еді.

Онда соттың бұзылатын себептерінің ішінде соттың құрылысы турасындағы тəртіптерін орнына келтірмеу де бар демейді, қазақ соты халық рəсімі бойынша құрылады дейді (210-ншы статья). 218-нші статьясын закон шығарушы соттың құрылыс жағын соттың қалай істесе де өз ықтиярына  берілген  екен деп те түсінуге болмайды, өйткені 211-нші һəм келесі статья қай сотқа қандай істер түсу, қандай жаза салу, істің басталуы, бітісі, сот құрылысы көп көзінше һəм жария болуы, бұздыруға іздену сроктері турасынан айтып, жол қылып көрсетеді. Бұл жолдар – народный сот шамасының шегін көрсетіп, анықтау үшін айтылған жолдар. Солай болған соң, ол тəртіптерді орнына келтірмеу шамадан тысқары кету боларға тиіс еді. Жолға қарағанда, бүйту дұрыс көрінсе де, бұл күнде ол жеткіліксіз; ол жолды кеңіту керек болса да, бөгет болатын Түркістан положениесінің 218-нші статьясындағы көрсетілген жолдың шағындығы.

Осы 218-нші статьяның жолы көмескілігінен болатын қиыншылықтарды граф Паллен де айтып отыр. Граф Паллен Түркістан уалаятының ісін тексерген отчетында Ташкент судебный палатасына қараған окружной соттар һəм прокурорлар ісінде болған уақиғаларды айтып көрсетеді: народный соттар жаза кесерде бар жазығын қабаттап, бір жаза кесу деген жолды тіпті, ескермейді екен һəм ол жолды ескермей айтылған билік аса билік болып бұзыларға тиіс еді, олай етілмейді екен деген. Срокты арестанттардың арасында екі приговормен 20 ай жаза кесілген Мауламқұлов дегенді тапқан; оны народный сот бір приговормен төрт айға, екінші приговормен 16 айға – баршасы 20 айға отырғызуға билік айтқан екен. Түрме начальнигі мұндай болатындар жалғыз Мауламқұлов емес, көп болады деген. Прокурорлардың көрсеткен жолы бойынша Түркістандағы тұрған елдің адамдарын түрмеге отырғызуға жаза кескен қанша приговор болса, сонша рет отырып, жаза тартылады екен. Закон бойынша народный сот 18 айдан артық жаза сала алмасқа тиіс. Мұндай тəртіп, сондағы сот адамдарының баяндауынша, қазақ соты жазықты қабаттап билік айтуды білмейді деп шығарған тəртіп болса керек. Ондағылар айтқан: Түркістан положениесінің 219-ншы статьясында қабаттау туралы еш нəрсе айтылмаған, жалғыз-ақ народный соттың əр іс туралы кесетін жазасының шамасын ғана көрсеткен деп. Жоғарғы айтылған статтьялардың сөзіне қарап, бұлай баяндау айтуға сыйғанмен, ақылға сыймайды. Ол статьялардың мағынасын əлгі қалыпша түсінгенде народный сот казенный (патшалық) сотынан биік болып шығар еді, я ол сот болмай, бетімен жосу болар еді. Закон шығарушы қабаттап билік айту жайынан еш нəрсе айтпағанда, народный сот казенный соттан күшті болсын демеген шығар.

Екінші көмескі мəселе – даугерлерді шақырмастан билік айту. Түркістан положениесінде биліктің дұрыстығына даугерлерді шақыру шарт деген, бірақ соттар 1899-ншы жылғы 30-ншы июнде 11-нші нөмерлі Сенат баяндамасына шейін шақырмастан айтылған биліктерді бұзу, бұзбасын білмей, екі ойлы болушы еді. Сенат баяндамасы бойынша сот екі жағын сұрап, істің анығына жетіп барып билік айту керек, өйтпей айтқан билік жолдан тысқары болып, бұзылуға тиісті.

Əсіресе, дағдартқан 218-нші статьяның жесір дауы турасындағы жағы. Мұсылман кезінде əйелдің хұқсыздығы народный сотта да орын тапқан. Народный сот жесір дауын мал дауы есебінде қарайды да, əйелдерді мал сияқты бірінен алып, екіншісіне беруге билік айтады. Əйелдің адамшылық басын кемітетін мұндай қалыпты орыс хакімдері көтеріп, шыдап тұра алмады. Соңғы кезде жесір туралы айтылған биліктердің үстінен дау жүрсе, аса билікке саналып, сот хакімдері тікелей бұзатын болды, өйткені риза болмаған əйелді байға қосуға билік айту империя законының жалпы жолына қисық деп білген (жазалау положениесінің 150-нші һəм 151-нші статьяларында əйел ризалығысыз баяға қосу –айып). Бірақ бұл дəйім сол қалыпта бола бермейді. 1906-ншы жылы Хиуаға қарайтын біреуге Сырдария отделіне қарайтын 13 жасар қызды беруге билік айтылғанда прокурор бұзуға бергенде, билік бұзылмастан өтті. Бұзбағандағы дəлел Түркістан положениесінің 210 һəм 211-нші статьялары бойынша жесір дауы народный сотта халық рəсімі бойынша бітеді дегендік.

А.Байтұрсынұлы / «Ел - шежіре»

Ұқсас материалдар