Соғыстан кейінгі қазақ киносы

31.10.2016 5555
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқған соң қазақ киносы ілгерілеп дами бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқған соң қазақ киносы ілгерілеп дами бастады. Қазақ театр өнерінің дамуы қазақ киносының да бір қалыпқа түсуіне себепкер болды. Әсіресе, соғыс аяқталғаннан соң мәдениет қарқынды дамып, бас-аяғы он жылдың ішінде бірнеше фильмдер түсіріліп үлгерді.

"Абай әндері"

Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарынан кейінгі қазақ киносы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге – 1945-1951 жылдар аралығындағы шыққан көркем фильмдер жатса, екіншісіне – 1952-1960 жылдары шыққан қазақ кинотуындылары жатады.

Соғыстан кейінгі жылдары шыққан алғашқы көркем фильм – "Абай әндері" ("Песни Абая") (1945) болды. Сценарий авторы - Мұхтар Әуезов, режиссері Григорий Рошаль болып бекітілді. Қалыбек Қуанышбаев (Абай рөлі), Шәкен Айманов (Шәріп), Елубай Өмірзақов (Ерден), Серке Қожамқұлов секілді сахна саңлақтары фильмде бас кейіпкерлерді сомдады.

1948 жылы Е.Арон түсірген "Алтын мүйіз" ("Золотой рог") фильмі көрерменге жол тартты. Фильмнің мазмұны мал шаруашылығы саласында ізденіп жатқан ғалымдар өмірінен алынған. Басты рөлдерде: Шәкен Айманов, Серке Қожамқұлов, Қалыбек Қуанышбаев ойнайды.

1952 жылы Шәкен Аймановтың сомдауымен "Жамбыл" ("Джамбул") фильмі шықты. (режиссер – Е. Дзиган). Осы фильмнен кейін Шәкен Айманов режиссерлікке бет бұрды. 1953 жылғы "Махаббат туралы аңыз" ("Поэма о любви") фильмі оның алғашқы жұмысы. Фильм "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" лирикалық жырының негізінде түсірілді.

"Жамбыл" фильмінен

1955 жылдардан бастап қазақ фильмдері түрлі жанрда дами бастады. Кино талаптарына жауап беріп, "Шабандоз қыз" ("Девушка-джигит") сияқты музыкалық комедиялар түсірілді (1955  реж: П. Боголюбов).

1950-60 жылдары жарық көрген басқа да фильмдер:

"Бұл Шұғылада болған еді" ("Это было в Шугле"), 1955 жыл, режиссер – Мәжит Бегалин

"Ана мен бала" ("Мать и сын") ,1955 жыл, режиссер – Сұлтан Қожықов

"Дала қызы" ("Дочь степей"),1954 жыл, режиссер – Шәкен Айманов, Карл Гаккель

"Ботагөз" ("Ботагоз"), 1957 жыл, режиссер – Ефим Арон

"Оның уақыты келеді" ("Его время придет"), 1957 жыл, режиссер – Мәжит Бегалин

"Біз Жетісуданбыз" ("Мы из Семиречья"), 1958 жыл, режиссер – Сұлтан Қожықов

"Мазасыз көктем" ("Беспокойная весна"), 1956 жыл, режиссер – А. Медведкин

"Ертістің асау жағалауында" ("На диком бреге Иртыша"), 1959 жыл, режиссер – Ефим Арон

"Ана туралы аңыз" ("Сказ о матери") 1963 жыл, режиссер – А. Карпов

"Тұлпардың ізі" ("Следы уходят за горизонт"), 1964 жыл, режиссер – Мәжит Бегалин

"Қилы кезең" ("Тревожное утро"), 1966 жыл, режиссер – Абдолла Қарсақбаев


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Дереккөз: kinostan.kz

Ұқсас материалдар