Қандастар Ассамблея

Соңғы 50 жылда ән мәтіндеріндегі ең көп қолданылған сөздер!

12.05.2014 3542
Америкалық дизайнер, суретші Николай Ламм соңғы 50 жылдағы (нақтырақ 1960-2013 жылдар арасы) ең танымал әндердегі жиі ұшырасатын сөздерді инфографика етіп жасап шығыпты.

Америкалық дизайнер, суретші Николай Ламм соңғы 50 жылдағы (нақтырақ  1960-2013 жылдар арасы) ең танымал әндердегі жиі ұшырасатын сөздерді инфографика етіп жасап шығыпты. Мындағы түрлі-түсті тік бұрыштар әр жылдағы әндер. Неғұрлым қою болса, соғұрлым сол әнде бір сөз жиі қолданылған дегенді білдіреді. 

МАХАББАТ

Егер байқасаңыз, 2000 жылдардан бері қарай "Махаббат" сөзі қолданыста сирек кездеседі. Неге екен?!...

МЕН СЕНІ СҮЙЕМ!

Сүйетінін мойындағысы келетіндер азайып кеткен сияқты...

СҮЙІСУ

"Сүйісу" сөзі ән мәтіндерінде сирек кездеседі екен.

СЕКС

Неге екені белгісі, 2000 жылдардан бастап бұл сөз ән мәтіндерінен түспейтін болыпты.

БІЗ, ЕКЕУМІЗ

Бұл сөз қанша уақыт өтсе де, өзектілігін жоймайтын тақырып екен!

ҮЙ

Әлемде үйі жоқ жандар қаншалықты көп болса, соншалықты ән мәтіндерінде аз кездеседі екен.

ЖІГІТТЕР!

Әншілердің көбі жігіттер ме деп ойлайтын шығарсыз, өйткені ән мәтіндерінде жігіттер туралы өте аз айтылады екен...

ҚЫЗДАР!

Қыздар қашан да әннің арқауына айналған, уақыт өте тіпті көбейген екен.

ЖҮРЕК!

Жүрек болмаса ән де болмайды, мән де болмайды.

ЖАЛҒЫЗДЫҚ!

Жалғыздық өзектілігін жоймайтын тақырып, әдебиетте де, мәдениетте де!

Ұқсас материалдар