Қандастар Ассамблея

Өскемен қаласындағы автоқұрастыру зауытынан арнайы фоторепортаж

24.02.2015 5144
Өскемен қаласындағы «Азия Авто» зауытынан арнайы фоторепортаж

Үстіміздегі жылдың 11 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды отандық өнімді қолдауға шақырды. Ел.кз редакциясының пайымдауынша, отандық өнімді қолдау үшін ең алдымен ол туралы ақпараттар кеңінен болуы тиіс, адамдар елімізде не өндірілетінін білмей игі бастаманы қажетті деңгейде қуаттай алмайды. Осы себепті біз Қазақстанда жасалатын өнімдер туралы халыққа ақпар беріп отыруды жөн деп таптық.

Дамыған елдің қай-қайсысын алсаңыз да міндетті түрде көлік шығарады. Әрине, көлік шығару мемлекеттің дамып кетуіне кепіл емес, алайда бұл алғышарт. Қазақстан бұл алғышартты сонау 2002 жылы орындады. Дәл осы жылы Өскемен қаласында «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауыты ашылып, іске қосылды.  Бұл еліміздегі ең алғашқы және ірі автоқұрастыру зауыт болды. Зауыттың әлемдегі алдыңғы қатарлы концерндермен әріптестігі бар: Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan-АвтоВАЗ және KIA Motors.

Бүгінде зауыт Škoda (Fabia, Octavia, Superb, Yeti, Rapid), Chevrolet (Captiva, Cruze, Aveo, Orlando, Malibu, Tracker), Chevrolet (Captiva, Cruze, Aveo, Orlando, Malibu, Tracker), KIA (Sorento, Mohave, Cerato, Sportage, Soul, Cadenza, Optima, Ceed, Carens, Quoris, Picanto), Lada 4x4 автокөлік маркаларын шығарады.

2014 жылдың 28 қыркүйегінде зауыттан 100 000-шы автокөлік шықты.

Қысқаша айтқанда, зауыт күткен сенімді ақтаған өте сәтті жоба деп айтуға болады.

Ел.кз редакциясы зауытқа арнайы барып, қазақстандық тұтынушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып қайтты. Бізге осы зауыттың жас мамандары жауап берді.

Отандық автомобильдердің шетелден әкелінген, ұсталған машиналардан артықшылығы неде? Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді сатып алу неліктен тиімді?

Рустам Сергеевич Якупов, механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі Егер сізде таңдау болған жағдайда сіз қайсысын таңдар едіңіз? Жаңасын? Жоқ, әлде қолдан, екінші-үшінші адамнан ба?

Қуанышымызға орай, бүгінде сіз бен бізде таңдау бар. Сондай-ақ, жаңа қазақстандық автомобиль сатып алатын мүмкіндігіңіз бар. Тек біздің зауыт қана үш ондық модельдерді шығарады. Иә, әзірге бұл машиналардың тек 25-30%-ы ғана қазақстандық. Дегенмен, біз жұмыс істейтін автоқұрастыру зауытта жұмыс істеп тұрған конвейерінен 15 минуттық жерде бүгінгі күні ауқымды құрылыс жүріп жатыр: біздің жаңа өнеркәсіптік алаңда жуықта дәнекерлеу, шанақты бояу және еліміздің тарихында алғашқы рет – жиынтықтаушы өндіріс реттелетін болады.

Сондай-ақ, «жаңа» дегеніміз «қымбат» деген ұғымды білдірмейді.

Біздің Lada 4x4, Skoda Rapid, KIA Cerato – өз кластарында қол жетімді көшбасшылар қатарында. Иә, ұсталған автомобильді сатып ала отырып, сіз ақшаңызды үнемдей аласыз. Алайда, сатылым бағасы және иелену бағасы деген ұғым бар. Әрине, жаңа автомобиль де сіздің бюджетіңіздегі қомақты қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Әсіресе, кепілдік шарттарын еске алатын болсақ. Айталық, қазақстандық KIA үшін ол 5 жыл әрекет етеді.

Бүгінгі күні Қазақстанда сатылатын жүз автомобильдің ішінде тек екі-үшеуі ғана шетелден әкелінген қолданыста болған автомобильдердің үлесіне келеді. Уақыт өзгереді. Көптеген қазақстандықтар үшін өзін-өзі қадірлей білу мәселесі маңызды – егер машинаны ауыстыру қажет болса, тек жаңасына. Ең дұрысы, жаңа модельдік жылғысына.

Сіз ешбір жол-көлік оқиғасына түспегенін, ешқандай ақаулар болмағанын анық білесіз, ұрланған машиналарды сатып алу жағдайларын айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Автомобиль нарығындағы жағдайға байланысты, көптеген автомобиль компаниялары, соның ішінде біздің компания, арнайы акцияларды ұсынады. Қомақты жеңілдіктерге ие болу мүмкіндігі бар. Кейбір модельдерге - 1 000 000 теңге және одан да көп. Оған қоса, сенімділік бағдарламасы бойынша бірқатар артықшылықтар бар: алғашқы ТҚК, қосалқы бөлшектердің түпнұсқаларына жеңілдіктер.

Одан басқа, толық кепілдік. Бұл өте маңызды. Көптеген ресейлік дилерлер біздің отандастарымызға бүкіл сатылмай тұрған машиналарын өткізіп жіберуге тырысқандығы ешкімге құпия емес, ал біздің қазақстандық дистрибьюторлар мұндай машиналар бойынша кепілдік міндеттемелерді қамтамасыз етуден бас тартып отыр.

Барлық күтпеген кедергілерді ескере отырып, машинаны Қазақстанда сатып алу дұрыс деп санаймын.

   Жаңа индустрияландырудың президенттік бағдарламасы Сіздің кәсіпорныңыздың және жас мамандардың өмірінде қандай роль атқарады?

Владимир Сергеевич Изотов, механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі

Индустрияландыруға бағыт алып, мемлекет автомобиль өнеркәсібіне қолдау көрсеткен сәтте біздің сала соңғы жылдары ілгері қадам жасады. Осы жағдайлардың нәтижесінде зауытымыз Қазақстанда машина жасау саласында №1 кәсіпорынға айналды. Өйткені, біз шығарылым көлемі бойынша алдыңғы қатардамыз. Тағы бір маңызды жайт – өнімділік деңгейі. Бірінші бесжылдықта ҚИИДБ машина жасауда өнімділікті 52 мың АҚШ долларына  дейін арттыру міндеті қойылды. Бізде бұл көрсеткіш 13 есе жоғары.

Біздің үлесімізге қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің бүкіл өнімінің 73%-ы және республикалық машина жасау өнеркәсібінің жетінші бөлігі тиесілі. Сондықтан, өскемендік конвейерде жұмыс істей отырып, қазақстандық өнеркәсіптің осы жерде өркендейтінін түсінесің. Еңбекақы деңгейі, еуропалық еңбек стандарттары – менің жасымдағы адамдарды осында жұмысқа тартатын жалғыз ғана себеп емес. Еліміз үшін маңызды іс жасау мүмкіндігі, маңызды іске қатысушылық – міне, ең басты себеп осында.

Қазіргі кезде Өскеменде толық циклді автомобиль өндірісі жүріп жатыр. Облысымызда осындай аумақтағы соңғы объектілер біздің ата-бабаларымыз кезінде тұрғызылған. Зауыт жылына 120 мың машина шығаратын болады. Бұл қаланың ішіндегі 12 мың еңбеккері бар бүтін қала. Толыққанды құрылыс жүріп жатыр. Қазірдің өзінде жоғары деңгейдегі балалар бақшасы жұмыс істеп тұр. Біздің кәсіпорнымыздың қызметкерлері үшін бір балаға айына төлемақы символды түрде – 100 теңгені құрайды. Менің балам сол балабақшаға барады. Меніңше, бұл біздің қаладағы ең мықты мектепке дейінгі мекеме.

Басшылық тек ұжымның оқуына ғана емес, оның денсаулығына да ақша бөледі. Компаниямыз мыңдаған еңбеккерлерден тұрса да, жоғарыда отырған әріптестеріміз сенің отбасыңның күнкөріс қамына немқұрайлы қарамайды.

      Сіздерде жас мамандарының жұмысы үшін қандай жағдайлар жасалған?

Нурсултан Касымханович Кусаинов, сынақшы-жүргізуші

Мен кез келген кәсіпорын кадрлар құрамының жаңа технологияларға тез бейімделетін, жаңа ақпаратты игеруге қабілетті жас мамандар құрамымен толықтырылуына мүдделі деп ойлаймын. Біздің автоқұрастыру зауыт сол кәсіпорындардың бірі.

Біздің ұжымда жас мамандар  жеткілікті. Зауыт еңбеккерлерінің орташа жас шамасы – 35 жас. Керекті мамандар: механикалық құрастыру жұмыстарының слесары, жинақтаушы, сынақшы – жүргізуші, техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысы, жүк түсірушінің жүргізушісі.

Біздің кәсіпорында кәсіби даму үшін барлық жағдайлар жасалған. Мамандар жүйелі түрде шетелде машықтану курстарына, біліктілікті арттыру курстарына қатысып тұрады.

Жаңа еңбеккерлер кәсіпорынның істегі сапа менеджменті жүйесімен және үнемді өндірісті енгізу және қолдау құралдарымен танысу курсы енгізілген арнайы бейімделу бағдарламасын оқып-үйренеді.

Әрине, еңбеккерлер арасында жарыс рухы да бар. Еңбеккерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіруде қызығушылықтарын арттыру үшін кәсіпорында еңбеккерге жұмысты мінсіз атқарғаны үшін және оған бірқатар басымдылықтар беретін «Жеке сапа белгісі» ұғымы бар. Сондай-ақ, кәсіпорынды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізгені үшін ынталандыру жүйесі жұмыс істейді. Өндіріс озаттары, үнемді өндірісті енгізу белсенділері және өнертапқыштар сыйақылармен, мақтау қағаздарымен, озаттар белгісімен мадақталады.

Әрбір қызметкердің жемісті еңбегі мен демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Жұмыс орындары заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған, қолайлы, жылы жайлар, асхана, қызмет автобустары, бір сөзбен айтқанда, жұмыс істеуге қажетті жағдайлардың бәрі бар. «Порт Фортуна» демалыс базасына, «Рахман қайнарлары» санаториіне және «Нұртау» тау шаңғы курортына жолдама беру бағдарламасы әрекет етеді. Енді тамаша балалар бақшасы да жұмыс істеп тұр. Менің қуанышым шексіз!

P.S. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан халқы шетелден әбден мінілген көліктер тасып жүрді. 5 жыл бұрынғы, 10 жыл бұрынғы көлікті айдау қалыпты жағдайға айналды. Адамдар жаңа көлік мінуге әуес болмады, өйткені жаңа көлік міну тым қымбат, оның үстіне оның қосалқы бөлшектерін көбіне шетелде арнайы алдырту қажет, ал ескі көліктің барлық қосалқы бөлшегі жергілікті нарықта сатылады. Алайда, ескінің аты ескі демекші, мінілген көліктер көп бұзылады және олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны да көп. Одан бөлек, адамдар мұндай көлікті сатып аларда қатты тәуекелге барады, өйткені оның бұрындары ұрылған-соғылмағандығын анықтау қиын. Алаяқтарға алданып қалатын жағдай да аз болмады. Уақыт өтті, елімізде авто құрастыру зауыты ашылды, адамдардың әл-ауқаты да біршама жақсарып қалды. Жаңа көлік мінуге барлық мүмкіндік бар және оның рахаты да ұзағынан болады. Өкінішке орай, бізде артықшылығын біле тұра әлі де жаңа көлік мінуді әдетке айналдырмағандар бар. Редакцияның атынан айтарымыз, арзан, әрі сапалы, әрі көлік мініңіз. Көлік сізге қызмет етсін, сіз көлікке емес, ескі машина міну өткен шақ... Таңдау сізде!


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар