Қандастар Ассамблея

«Шығыс экспресспен» Еуропаға саяхат

19.05.2014 4838
Еуропада темір жол желісі өте көп және онымен жүру арқылы көптеген оқиғаларға тап болуға болады.

Еуропада темір жол желісі өте көп және онымен жүру арқылы көптеген оқиғаларға тап болуға болады. Ірі қалалардың, шағын ауылдардың, таулы аймақтардың және сулы жерлердің жанынан бір ғана пойызбен өтуге болады. Пойыз бұл ұшақ емес. Ұшақта сіз бір ғана пейзажды көрсеңіз, пойызда шексіз пейзаж, керемет табиғат, сөзбен жеткізе алмастай қайнап жатқан өмір. Бір сөзбен айтқанда пойыз арқылы саяхатқа шығу өте бір ерекше жер аралаудың түрі саналады. Ал егер бұл ерекше сапарды «Шығыс экспресс» пойызымен бастасаңыз онда ертегілер әлеміне түсуіңіз де ғажап емес!

«Шығыс экспресс» («Venice Simplon-Orient-Express») – бұл Orient-Express Hotels компаниясы шығаратын «люкс» санатындағы жолаушылар пойызы. Ол 1883 жылдан бастап Париж бен Стамбул арасында қатынайды. Әртүрлі уақытта «Шығыс экспресспен» Франц-Иосиф, Елизавета II, Шарль де Голль, Агата Кристи және тағы да басқа танымал адамдар қатынаған. Агата Кристи өзгелерден ерекшеленіп, аталмыш пойызды «Шығыс экспресстегі кісі өлтіру» атты романының басты қаһарманы етті.

Пойыз тарихы

Ұзақ жолға қатынайтын жатын орны бар пойызды жасау идеясы бельгиялық инженер Жорж Ногельмакерге тиесілі. АҚШ-қа саяхаты барысында жатын орны бар пойыздарды көрген. Ол кезде мұндай пойыздар еуропалықтар үшін экзотика саналған. Өз үйіне келген соң ол бірден іске кірісті. Осылайша ол 19 ғасырдың 70-жылдары жатын орны вагондарды жасап шығарып, Халықаралық компания құрады. Дәл осы компания 1883 жылы «Шығыс Экспресс» сериясындағы алғашқы пойызды саяхатқа жіберді.

Бұл шынымен экспресс болды: пойыздар  Париж бен Стамбул арасындағы 3000 шақырымдық жолды 3 сөтке ішінде жүріп өте алды. Сол кездің өлшемі бойынша бұл үлкен көрсеткіш еді. Кейіннен инженерлер жүру уақытын бес сағатқа қысқартты. Пойыздың сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүре отырып, сол кездің рекордын жаңартты.

Пойыз люкс атауы шынымен ақтап шықты. Былайша айтқанда, пойыз қозғалмалы бес жұлдызды мейманхана іспеттес болды. Оған сол кездегі қоғамның ең талапшыл, көп нәрсені көріп қойған адамдары мінді. Қымбат бағасына қарамастан пойыз жолаушылардың көңілінен шыға білді.

Қалай шықпасын, егер сол кездегі ең қымбат жиһаз осы пойыздан табыла білсе.

Салон ең сирек кездесетін ағаштардан жасалса, перделері бархаттан тігілген, люстралары таза хрусталь, қабырғаның бәрі суретшілердің туындылары, тамағы таза деликатес, даяшылары жоғары санатты.

 

Осы тектес дүниелер 3 күндік сапарды қызықты саяхатқай айналдырды.

Қызықты факт.

Алғашқы сапарға қоғамның ең қалталы адамдары шыққанына қарамастан, жолаушыларға киініп ұйықтау мен қару ұстап жату ұсынылды. Өйткені сапар Еуропаның өркениетті батыс бөлігінен Шығысқа қарай бағытталды. Жолда не боларын ешкім білмеді. Алғашқы жол таза эксперимент болды. Қуанышқа орай, бәрі сәтті өтті.

 

Пойызға танымал адамдар қатты әуестенді. Солардың қатарында Фердинанд ханзада да болды. Бір қызығы ханзада тек саяхат құрумен шектелмей, жол жөнекей айдаған да екен. Тек халықаралық қысымның арқасында ғана машинистер рөлді өз қолдарына алған.

Танымал қонақтардың тағы бірі – атақты режиссер Альфред Хичкок.

Таңғаларлығы, 20 ғасырдағы саяси тербелістер саясатқы мүлдем қатысы жоқ «Шығыс Экспресске» әсер етіпті. Нақтырақ айтқанда, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пойыз атауы «Балкан Цуг» деп өзгертілген екен. Өзгеріске тек атау емес, сондай-ақ жүру бағыты да ұшыраған (Берлин, София және Стамбул бағыты). Кейіннен пойыз атауы «Симплон Шығыс экспресс» болып тағы жаңарды.  

50 жылдарға таман пойыз бұрынғы бағыт бойынша жүре бастады. Алайда оған «Қырғи қабақ соғыс пойызы» деген бейресми ат қойылды. Өйткені ол өзара қақтығыста болған мемлекеттердің территориясымен жүрді. Бұл жағдай сервиске де, жылдамдыққа да қатты әсер етті. Кедендік өту процесі де көптеген қиындықтар әкелді. Сөйте келе, байлар аталмыш пойызды қойып, ұшақтарға көше бастады.

1977 жылдың 19 мамыры күні пойыз өзінің соңғы саяхатына аттанды. Пойызды осы қалпында ұстап тұру компания үшін тиімсіз болғандықтан, тоқтату туралы шешім қабылданды.

Бүгінде «Шығыс экспресс» атауымен «Париж – Будапешт – Бухарест» бағытында пойыз қатынайды. Алайда, бұл кезіндегі пойызға жетпейді екен көз көрген қариялардың айтуынша. 

Ұқсас материалдар