Қандастар Ассамблея

Шығармашылықтың 10 заңы

26.01.2016 3543
El.kz редакциясы назарларыңызға өмір, жұмыс және шығармашылық туралы манифестті қазақша аударып ұсынып отыр.

Остин Клеон – суретші және ақын, Newspaper Blackout Poems жинағының авторы. Ол шығармашылықтың тиімді жолдарын құрастырып, үлкен танымалдылыққа ие болды. El.kz  редакциясы назарларыңызға өмір, жұмыс және шығармашылық туралы манифестті қазақша аударып ұсынып отыр.

1. Суретші секілді «ұрла»

Әр суретшіге қайдан идея алатындығына жауап беру керек болады. Адал суретші «мен оларды ұрлаймын» деп шындығын жасырмайды. Бұны әр суретші түсінеді.


2. Еш нәрсе 100%  мінсіз және қайталанбас болмайды. Оның бір бөлшегі болса да басқа нәрседен бастау алып жасалынғаны белгілі болады.


3. Идеялардың пайда болуы

Сіз мұғалімдерді, достарды, музыка, кітаптар мен фильмдерді таңдай аласыз. Шындығына келгенде, сен – өз өміріңе кіргізетін нәрселердің жиынтығысын. Гете айтқандай, «біз жақсы көретін нәрселер біздің болмысымызды құрайды»

4. Шығармашылық – бұл коллекциялау.

Ал суретші – коллекционер. Бәрін қатарынан жинастыра беретін адам емес, тек өзі сүйіп таңдаған нәрселерді сақтайтын өнер иесін айтамыз.

5. Кірген қоқыс кері шығу керек.

Сіздің міндетіңіз – ең үздік ойларды жинау. Ол үшін көп оқуыңыз керек. Газеттер, кітаптар, ауа-райын, жол белгілерін, адамдарды оқи алуыңыз керек. Неғұрлым көп оқысаңыз, соғұрлым сізге әсер ететін нәрселер көп болады.

6. Іс-әрекет жасау үшін ыңғайлы уақытты күтуге болмайды.

Егер мен өзімнің кім екенімді, не үшін жаралғанымды және сүйетін кәсібім туралы ой-қозғаумен жүре берсем, әлі уақытқа дейін ешқандай шешімге келмей бос қол отыратын едім. Оның орнына мен шығармашылықпен айналысуды бастап кеттім. Өз тәжәрибем бойынша айта алатыным, жұмыс барысында ғана өзіміздің кім екенімізді біле аламыз.

7. Істеу = Білу



Қай суретшіден сұрасаңыз да ол туындыларының қалай дүниеге келетінін білмейді. Ол жай ғана өз ісімен айналысады. Күн сайын.

8. Болмасаң да ұқсап бақ.

Бұл өте керемет айтылған сөз. Сен туралы өзгелердің ойы өзіңнің қалағанындай болғанша әрекет ет. Яғни сен шынымен де бір жетістікке қол жеткізгенше, өзгелер сені әлдеқашан сол жетістіктің иесі ретінде қабылдай берсін.

9. Басқа жобалар мен хобби өте маңызды.

Ұзақ уақыт суретші болмасам да, түсінген нәрсем: басында аса маңызы жоқ, көңіл көп бөлінбейтін жобалар кейін таңғажайып туындыларға айналып отырды.

10. Шынымен жақсы нәрсе жасап, адамдар көретіндей жерге орналастырыңыз.

Осыдан 10 жыл бұрын бұл орындауға қиындық соқтыратын шарт болса, қазіргі таңда ғаламторға жүктеп қойсаңыз да үлкен әсер беріп жатады. 


Айсауле Нұрлыбек

Ұқсас материалдар