Қандастар Ассамблея

Шетелдік инвесторларға бірқатар жеңілдіктер жасалды

21.07.2016 1581
Ауыл шаруашылығы министірлігі

Салаға қосымша инвестициялар тарту мақсатында, «ҚазАгро» Холдингі тікелей инвестициялар қорын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы республиканың АӨК-не шетелден тікелей инвестициялар тарту тақырыбына арналған ҚР АШМ брифингте «ҚазАгро» холдингінің басқарушы қаржы директоры Бану Ерғалиева айтты.      

 

Бану Ерғалиева, «ҚазАгро» холдингінің басқарушы қаржы директоры:

— Аграрлық сала бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі кезде агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы мемлекеттің қолдауымен жүргізіліп отырған бағдарламалар баршылық. Олардың негізгісі — «Агробизнес 2020» бағдарламасы. Осы бағдарламаның шеңберінде қазіргі кезде қаржылай сақтандыру, кепілдендіру, инвестициялық субсидиялау, кридит және лизинг секілді қолдау құралдары жұмыс істеуде. Осыған қоса 8-ші шілде күні өткізілген Үкімет отырысында «агроөнеркәсіп кешеніндегі инвистициялық климатты жақсарту» жоспары Ауыл шаруашылығы министірлігімен әзірленді.  

Қазақстандық-Венгриялық тікелей инвестициялардың бірлескен қоры пилоттық жоба болып отыр, оның бастапқы капиталы 40 миллион АҚШ доллары және қосымша инвесторлар тарту арқылы Қорды капиталдандыру 150 миллион АҚШ долларына ұлғайтылады. Қазіргі уақыттың өзінде инвестициялық жобаларды іріктеу жүргізілуде. 

 

Қор ADM Capital тәуелсіз компаниямен басқарылады, ол 16 дамушы елдерде ашық және жабық үлгідегі түрлі инвестициялық қорлар арқылы шамамен 1,4 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі  жиынтық капиталды басқарады. Қордың бірлескен жоба болғанына қарамастан, ол Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі басым салаларда іске асырылатын жобаларға үлестік қатысуды жүзеге асырады. Кейіннен Қор жобадан шығып, өз үлесін сата алады.

Бану Ерғалиева айтуынша, Қордың Басқарушы компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығының астық өндірісі және өңдеу, мал шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу сияқты секторларында 100-ден астам түрлі инвестициялық жобаларды қамтыды. Қазіргі уақытта Қорда келісу және қол қоюға дайындау сатысында 3 жоба бар. Олар: Ақмола облысындағы Сүт-тауарлы фермасы және минерал тыңайтқыштарын шығару зауыты;  Ақтөбе облысында жылыжай кешенін салу.

Бүгінгі таңда шетелдік инвесторларға келісім 13 миллион доллардан жоғары болған жағдайда үш түрлі салықтан босатылады. Олар: 10 жылға кіріс салығы, 10 жылға жер салығы, 8 жылға мүлік салығынан босатылады. Тікелей инвестициялардың жаңа қорын FPP Asset Management LLP компаниясымен бірігіп құру жоспарланады. FPP Asset Management LLP Басқарушы компания болады, оның тікелей инвестициялар қорын басқарудағы тәжірибесі мол. Басқарушы компанияның негізгі міндеті, корпоративтік басқарудың тиімділігін жақсарту және әлемдік озық тәжірибелерді енгізу болып табылады.Қордың әлеуетті инвесторлары үшін аграрлық секторда және даму нарығында маңызды тәжірибесі бар тәуелсіз басқарушы компанияның болып есептелуі маңызды шешімдерді қабылдау кезінде қосымша басымдылық береді.

Қордың мақсаты, қазіргі уақытта ресурстар жетпей жатқан қолданыстағы агроөнеркәсіптік кешені жобаларын дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы, балық өсіру, сүт өндірісі, дәнді және май дақылдарының өндірісі мен ауылшаруашылық техникасын құрастыру сияқты бағыттар шеңберінде жаңа жобаларды қаржыландыру. Жобалар бастапқы өндірісті, қайта өңдеуді, логистиканы, сақтауды және өндіріс құралдарын жеткізуді, сауда-саттықты қарастыратын болады. Қаржыландырудан басқа, Қордың қызметі технологияның трансфертін және жоба менеджментін сапалы жақсартуды тұспалдайды. Осылайша, Қордың қызметі Қазақстанның аграрлық саласын индустрияландыруға ықпалын тигізеді деп күтілуде. 


Рустем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Ұқсас материалдар