Қандастар Ассамблея

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы қалай жазу керек?

28.10.2015 11734
Systemic Academic курсының ұйымдастырушысы, әрі оқытушысы Евгения Бакинаның ағылшын тіліндегі ғылыми мақаланы дұрыс әзірлеу бойынша кеңестерін оқырман қауымға ұсынамыз.

Соңғы уақытта еліміздегі барлық ғылыми қызметкерлер шетелдің басылымдарында өз мақалаларын жариялау туралы ойлануда. Әркімнің өз себебі бар: ғылым қызметкері ретінде статусын көтеру, әкімшілік талабы, халықаралық грант немесе стипендия жеңіп алу және т.б. PhD зерттеушілері үшін бұл тіпті орындалуы міндетті талап және алынуы қиын қорған іспеттес. Осы себепті Systemic Academic курсының ұйымдастырушысы, әрі оқытушысы Евгений Бакиннің ағылшын тіліндегі ғылыми мақаланы дұрыс әзірлеу бойынша кеңестерін оқырман қауымға ұсынамыз.

Журналды таңдаңыз

Мақаланың шетелдік журналда жарық көруі бірнеше аспектілерге байланысты. Біріншіден, зерттеу шетелдік оқырман үшін қызықты болуы шарт, жұмыстың негізгі мәні маңызды. Егер тақырып қызықсыз болса немесе зерттеу дұрыс жүргізілмесе, мұндай мәтіннің жариялануы екіталай. Көбіне зерттеушілер алдымен мақаланы жазады да, кейіннен оны белгілі бір журналда жариялығысы келеді. Мұнда маркетингтің негізгі ережесін есте сақтау маңызды: «Жасағаныңызды сатқаннан гөрі, сатылатын нәрсені жасаған дұрыс». Өзіңізге және сізбен бірге авторлықтың жүгін бөлісушілерге тапсырманы жеңілдету үшін жүргізген зерттеулеріңізді мәтіндік материалға айналдырмас бұрын жарияланғыңыз келетін бірнеше журналды таңдап алыңыз. Бұл мақаланың стилі мен бағытын анықтауға көмектеседі. Ең дұрысы, редактормен алдын ала сөйлесіп алған жөн, оның жүргізілген зерттеуге байланысты көзқарасын біліп алу қажет. Бәлкім ол өзінің қызығушылығын танытып, керекті бағыттарды белгілер...

Журналды алдын ала таңдаудың тағы бір себебі бар. Мақаланың форматы, оның ішінде құрылымы мен рәсімделуі, көбіне-көп баспаның қалауы жасалады. Мәтінде қанша бөлім болу керектігін, қанша сөз жазылу қажеттігін, сілтемелерді қалай жасалатындығын неғұрлым ерте білсеңіз, соғұрлым журналдың формалды талаптарын оңай қанағаттандырасыз. Халықаралық тәжірибеде ғылыми мәтінді рәсімдеудің бірнеше стилі бекітілген (ағылш. Reference Styles). Олардың ішіндегі ең танымалылары – MLA, Chicago, APA және Harvard.  

Формалды талаптарды орындаңыз

Бүгінде пайдаланылған әдебиеттер тізімін қолмен түзетіп әуреленудің қажеті шамалы. Біріншіден, Google Scholar іздеу жүйесін қолдануға болады. Іздеу жолағына тиісті мақаланың атауын не автордың атын жазып, шыққан нәтиженің астындағы «дәйексөз алу» (ағылш. «Cite» / орысша «Цитировать» ) батырмасын бассаңыз әр мақалаға үш түрлі форматтағы сілтеме беріледі. Сондай-ақ, MS Word библиографиямен жұмыс істеудің автоматтандырылған жүйесін ұсынады.

«Google Академия – түрлі форматтағы және пәндер бойынша толық мәтінді ғылыми еңбектер бойынша тегін іздеу жүйесі. Жоба 2004 жылдан бастап іске қосылды. «Google Академия» индексіне Еуропа мен Американың ең ірі ғылыми баспаларының  көптеген рецензияланатын онлайн журналдардың мәліметтері кіреді»

Сонымен қатар қайнар көзге сілтемені сақтауға және бір стильден екіншісіне ауыстыруға мүмкіндік беретін бірқатар тегін және ақылы қосымшалар бар. Ондай қосымшаларды библиографиялық менеджерлер деп атайды: Zotero браузерге енгізіледі де бірнеше компьютермен синхронизацияланады, ал Cite This for Me қосымшасы іздеу жүйесі арқылы мақаланы тауып оны сіз таңдаған формат бойынша дереккөз ретінде рәсімдеп береді.

Халықаралық рецензияланатын журналдағы мақаланың қалыпты құрылымы: Introduction, Methodology, Results, Analysis и Discussion (IMRAD). Академиялық мәтіндердің IMRAD қаншалықты сай келетіндігі жайлы бірқатар салмақты зерттеулер де жүргізілген. IMRAD – ауруханадағы «орташа температура», ал барлық ғылыми мақалаға сай келетін нақты ортақ формат жоқ. Мысалы, кейбір мақалаларды пайдаланылған әдебиетке шолу арнайы бөлімде берілсе, басқа  еңбектерде ол кіріспенің бір бөлігі ғана. Мақала құрылымы негізінен зерттелетін пән мен журналған байланысты. Осы себепті де мәтінмен жұмысты бастағанға дейін журналды мұқият зерттеген әлдеқайды тиімді.

Түсінікті жазыңыз, мәдениеттер  айырмашылығын ескеріңіз

Ағылшын тілінде мақала жазуға кіріскен зерттеуші қазақстандық академиялық мәдениеттің батыстағы мәдиенеттен өзгеше келетінін түсінгені абзал. Жалпылама сөздер мен күрделі сөйлемдер жарамайды. Мысалы мына бір сөйлемді қарастырып көрелік: «Азия-Тынық мұхит аймағының жедел дамуы экономистер мен саясаттанушыларды бұрыннан қызықтырады». Дереккөзге сілтемесіз бұл мақала оңайшылықпен батыс ғылыми журналдарында жарық көрмейді.

Сәтсіз мәтіннің өзге бір мысалы, бұл жолы ағылшын тілінде: «Individualized instruction is a fundamental question in teaching any subject and the English language in particular. It is recognized to be an essential response to a number of pedagogical challenges or problems currently discussed with regard to the effectiveness of teaching».

Бұл сөйлемдерде грамматикалық қателіктер жоқ, өйткені орыс тілінен ағылшын тіліне сауатты аударылған. Алайда әралуан лексика мен сөйлемнің күрделі құрылымы («it is recognized», «currently discussed», «with regard to») мәтінді жалпылама сөздерге айналдырып, мақаланың салмағын азайтады. Батыстың  академиялық мәдениетінің ерекшеліктері ескерілмеген.

Сонымен мәтін ағылшын тілінде қалай болуы керек? Біріншіден, абзац негізгі идеядан («topic sentence» ) басталады және беделді қайнаркөзге сілтеме жасалады. Мысалы: «A range of studies (e.g. Biber, 1988, 1995; Biber, Johansson, Leech, Conrad, & Finegan, 1999; Halliday, 1985) has indicated the wide differences between the way that meaning is expressed in speech and the way it is expressed in writing. Source: Parkinson, Jean, and Jill Musgrave. „Development of noun phrase complexity in the writing of English for Academic Purposes students.“ Journal of English for Academic Purposes 14 (2014): 48–59».

Екіншіден, бір абзацта бір ғана идея болуы керек. Ары қарай сол идеяның тарқатылымы жүреді. Сондай-ақ, мағынасы жоқ жоқ сөздер мен сөз тіркестерінен арылу қажет.

 Жазу тіліне мұқият болыңыз

Ғылыми мәтінде ауызекі және тұрмыстық сөздерден, жаргонизмнен (кәсібиден басқа) аулақ болыңыз. Тіпті академиялық стильдің өзіндік лексикасы да бар. Корпус лингвистикасының мәліметтері негізінде академиялық сөздердің тізімі (Academic word list), яғни ғылыми мақалаларда жиі кездесетін сөздер топтамасы әзірленді.  А-дан бастап Z-ке дейінгі барлық сөзді жаттаудың қажеті шамалы, арнайы іріктелген үлгілерге (is based on; focus on; is known for…) жүгінуге де болады. Мұндай лексиканы сөйлем және тақырып бойынша меңгерген жөн.

Сөйте тұра, аталған сөздердің қолданылуы мәтінді міндетті түрде сапалы етпейді, «ақылды сөздерді» абайлап қолданған дұрыс.

Ағылшын тілін ана тіліндей меңгермеген жас авторға мәтінді түрлі сөзбен толтырудың орнына түсінікті мазмұнға ұмтылу қажет. Яғни басымдық мәтіннің күрделілігіне емес, ұғынықтылығына берілуі тиіс. Бұл туралы Writing in the Sciences видеосабақтарынан толығырақ білуге болады.

Ғылыми мақалаларда негізгі етістің (active voice) орнына ырықсыз етісті (passive voice) пайдалануға бола ма? Мысалы, «We have discovered that…» орнына «It has been discovered that…» жазу дұрыс па?

Бұл сұрақтың біржақты жауапбы жоқ – екі қағидаға сүйенген абзал: журнал талабы және ұғынықтылық ережесі.

Сонымен қатар, есімдіктің бірінші жақта қолданылуына да байланысты сұрақтар көп туындайды: «We analyzed the results» немесе «I analyzed the results». Негізінде, екі нұсқа да жарай береді, бұл жерде тағы да журнал талаптарына сүйенген жөн.

 

Құрылымды нақтылаңыз

Мақаланы ағылшын тілінде жазу – өте қиын процесс, тіпті қажетті зерттеу дайын болса да. Тәжірибелі авторлардың айтуынша, мәтінді ылғи дамытып отыру қажет болады және бір құжатты бірнеше рет түзету үшін шыдамдылық керек. Бастапқы кезеңде перфекционизмді шетке қойып, жай ғана мақала жазып шығу керек. Ол түпкі мақаланың қысқартылған нұсқасы немесе зерттеудің сипаттамасы болуы мүмкін. Жазайын деп отырған мақаланың құрылымын нақтылап, жұмысты кезең-кезеңге бөлу қажет. Бұл жұмысты жеңілдетеді.

Мақалаңыз дайын болғанда, оның соңғы нұсқасын редакторға жібермес бұрын міндетті түрде корректорға тексертіп алыңыз. Егер ағылшынтілді танысыңыз болмаса мәтінмен айналысатын халықаралық компанияларға жүгінсеңіз болады.


Аударған: Дархан Өмірбек

Мақаланың түпнұсқасы

 

Ұқсас материалдар