Шетел элементімен күрделендірілген неке-отбасы қатынастарындағы сот тәжірибесінде кездесетін мәселелер

04.11.2015 2772
Шетел элементімен күрделендірілген неке-отбасы қатынастарындағы сот тәжірибесінде кездесетін мәселелер

Неке-отбасы құқықтық жағдайының негізгі қайнар көзі болып сот практикасы табылады. Сот практикасымен қатар, нотариалды құжаттармен рәсімделген құжаттардың тізбегі де өз орнын алады. Неке - отбасы одағының негізі болып табылады, ол меншік құратын экономикалық іргетас ретінде құрылады. Меншік құқықтық қатынасы – ерлі-зайыптылар қатынасындағы маңызды аспектілердің бірі болып саналады.

Шетел элементімен күрделендірілген неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеудегі тәжірибелік мәселелерді мемлекеттік сот заңына сілтеме жасау арқылы шешу кеңінен қолданылады- lex fori: әкелігін анықтау немесе мойындамау, біздің азаматтарымыз бен шетел азаматтары арасындағы некені бұзу жағдайларында қолданылады. Сот заңы, әдетте егер шет ел құқығына байлану қажетті неғұрлым “әлсіз” тарап үшін “неғұрлым жағымды принципті” белгілеуге бағытталған құқықтық салдарға қол жеткізуге мүмкіндік бермесе, қосалқы құрал ретінде қолданылады.

Жалпы көптеген шет елдердің сот тәжірибесі қызметі төрт топқа жіктеледі:

1)  Отбасы құқықтық істері жөніндегі сот актілері мен қаулылары. Функциялары: заңды факт функциясы: сотта ата-аналар құқығынан босату шешімін шығарады; сот тәртібі бойынша некені тоқтату. Құқықпен қамтамасыз ету функциясы – акт көмегімен қолданыстағы құқықтық қатынас бойынша құқықтық көмекпен қамтамасыз ету. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда да, бала тәрбиелеуге құқылы және т.б. осындай қатынастан туындайтын құқықтық реттеу үшін бір шешім-сотқа бару.

2)  Жоғарғы сот Пленумының қаулысы бойынша, ол тиісті түсініктемелер, ерекшелігі бағалау ұғымдар мен түсіндіру түрлі әдістерін пайдалануына беру арқылы отбасы құқығы соттардың нормаларын бірыңғай түсінуді және өтінім әзірлеуді дайындау болып табылады.

3)  Пікірлер. Жалпылауға және емес нормативтік, консультативтік әлеуметтік реттеу енгізілген басқа да осыған ұқсас құқықтық актілер. Сот практикасын қысқаша объективті жағдайларда нақты санаттағы қарарында бірыңғай тәжірибесін құру мақсатында нақты дауды қаулы немесе нақты саладағы барлық кемелерге, құқық қолдану, құқық қорғау органдарында ашу әлсіз аудандарда құру тәжірибесін нормативтік құқықтық ұсыныс береді.

4)  Конституцияның интерпретациясын беруге және Заңының конституциялылығын қарап Конституциялық соттың актілері, қолданбалы немесе нақты жағдайда қолданылуы тиіс. (Импичмент жариялау туралы анықтау, сот шешімі, пікір).

Шетел элементі көрініс тапқан отбасы неке қатынастарын зерттеу тақырыбы бойынша, өндірістік практикамды ҚР СІМ-де өткен болатынмын, нақты неке-отбасы қатынастары субьектілеріне қатысты консулдық қызмет көрсету департаменті тікелей азаматтардың шетелдегі құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады. Соның ішінде жеке отбасылық қатынастарда көрініс табады, мысалы шетелде бала асырап алу, немесе шетел азаматы біздің еліміздің баласын асырап алған жағдайда виза беру реттерін айтамыз. Тәжірибе барысында отбасылық қатынас жағдайынан туындаған бірнеше мәліметтер жинадым. Соларға қысқаша мағлұмат ретінде мысал келтіретін болсам:

ҚР азаматшасы Инна Миллер мен Түрік Республикасының азаматы Омер Ванла арасында Турция мемлекетінде 28.06.2000 жылы неке құрды. Араларында ортақ бала Дерия Ванла дүниеге келді.

Анкара қаласының отбасы істері бойынша сот шешімі 31.05.2007 ж бойынша жоғарыда көрсетілген азаматтар арасындағы неке тоқтатылды. Бала анасымен бірге, каникулға Қазақстан паспортымен Турцияға әкесіне барып отырды. Алайда, жоғарыдағы сот шешімі бойынша бала әкесінің қамқорлығында болуы керек еді.

2011 жылдың тамыз айында кезекті Дерия Ванланың Турцияға баруы кезінде, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында дау туды, сол кезде баланың әкесі- Селим Ванла осы тұста, баланың паспортын алып қойып, қызының Қазақстанға қайтып баруын қаламайтындағын айтты. 

Инна Миллер бұрынғы күйеуінің баланы қайтармайтындығын түсініп, Селимді алдау жолымен заңсыз түрде түрік-грек шекарасынан өтуге тырысады. Алайда, оларды грек құқықтық қорғау органдары қызымен бірге Инна Ванланы Қазақстанға жер аудартып жібереді. Осы орайда, баланың әкесі Селим Ванла Турция мен Қазақстанда әкесі болып танылғандықтан, сотқа талап арыз жазып, екі елдің тиісті мекемелеріне жүгінеді.

ҚР Астана қаласындағы миграционды полиция департаментінің шешіміне қарай, дерия Ванла түрік елінің азаматтығы салдарынан, оны ҚР азаматтығынан айырады.

Кәмелеттік жасқа толмаған баланың тұрғылықты жерін анықтау бойынша дау. Дерия Ванланың көзқарасын ескере отырып, баладан оның тұрғысы келетін жері бойынша сұралды. Баланың кішкентай кезінен Қазақстанда тұруын ескере отырып, оны осы елде қалдырды.

Сондай-ақ, көптеген отбасылық істер бойынша да сотқа талап арызбен жүгініп жатады. Сот тәжірибесінде неке-отбасы қатынастарының бірі алимент өндіріп алу жайында тоқталып кетсем. Шетелде, мысалы Израиль мемлекетін алатын болсақ, “Алимент өндіру туралы” Заңы бойынша Ұлттық сақтандыру қызметіне жүгінеді (Битаух муми). Ұлттық сақтандыру қызметінен сот шешімі арқылы төмендегідей шарттар бойынша алимент өндіріп алуға болады:

1. Әйел, алимент төлеушімен некеде тұруы, ортақ баласы бар, сот шешімі бар болуы керек;

2. Әйел, алимент төлеушімен некеде тұруы, ортақ баласы жоқ және 60 жастан асқан, еңбекке қабілетсіз болуы керек;

3. Әйел, алимент төлеушімен некеде тұрмаған, ортақ балалары бар, алимент алуға құқығы бар, егер сот шешімі бала мүддесіне шешілсе;

4. Бала, соттың шығарған шешімі анасымен бірге тұрмайтын баланың пайдасына шешілсе асырау жөніндегі шығындарды өтеп алуға құқылы;

5. Бала, әкесімен бірге тұратын балаға, анасы алимент төлеу міндетінен жалтарса, онда әкесінің балаға түскен алимент шығындарын өтеп алуға құқылы.

Сот орындаушы қызметіне жүгіну, алимент алушы сот орындаушыларына алимент өндіру мақсатында жүгіне алады. Сот орындаушылары алимент алушының тілегі және қолында сот шешімі бар кезде ғана, алимент алушыға қызмет істейді. Алимент алушы егер борышкер алимент төлемеген жағдайда сот орындаушылар қызметін пайдалана отырып, келесідей іс-әрекеттерді орындатуға құқығы бар: шет ел мемлекетіне шығуына рұқсат бергізбеу; айлығын тәркілеу; иелігіндегі пәтер бөлігін тәркілеу; мүлкін тәркілеу; автокөлігін тәркілеу; жылжымайтын мүлкін тәркілеу;  борышкердің өзін қамауға ұстау сияқты, бірқатар әрекеттер.

Бүгінде сот әкімшісіндегі алимент өндіру төлемдерін өндіріп алу жөніндегі топтың бір қызметкеріне орта есеппен бір мың істен келеді екен. Алимент төлемейтіндердің бірқатарын азайту сот орындаушыларының алдына күрделі міндеттер қойылып отыр. Сот орындаушыларының саны бұрынғы күйінде қалуда. Алайда Жоғары сот құрамындағы әкімшілік сот комитетіне кіретін сот орындаушыларын жеке сот орындаушыларына неге енгізбеске, бұл туралы көптеген сұрақтар көтеріліп жатыр. Жеке сот орындаушыларының қызметі көптеген елдерде дамып келеді, мысалы: Бельгия, Германия, Франция, Польша, АҚШ, Нидерланд, Люксембург.

Шет елінен алимент өндіру бойынша құқықтық көмек және азаматтардың бірқатар құқықтарын жүзеге асыру мақсатында құқықтық реттелетін нормалардың бірі ҚР Минск Конвенциясына қосылғандығын айтамыз. 1993 жылғы азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық өзара көмек беру туралы Минск конвенциясы осы аталған істер бойынша соттардың және құқыққорғау органдарының арасында және қай жерде тұратынына қарамастан, азаматтардың теңқұқықтарын қамтамасыз ету мақсатындағы механизмі десек те болады. Осы конвенцияның 1-бабына сәйкес, келісілген тараптар өз азаматтық құқықтарын еркін және кедергісіз конвенцияда бекітілген қатысушылары азаматтық, қылмыстық, отбасылық істермен айналасуға құзіреті бар сотқа, прокуратураға, өзге де мемлкеттіе мекемелерге жүгіне алады. 2000 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Жоғарғы Сот құрамына кіретін соттар әкімшілігі Комитеті құрылған болатын. Бұл Комитет алимент өндіру туралы істермен айналасатын орган болып табылады. Комитеттің жұмыс көрсеткішіне анализ жасайтын болсақ, көптеген өтініштер шет ел мемлекеті азаматтарынан алимент өндіру істері басымдыққа ие болып отырғанын көре аламыз.

Қорытындалай келе сот тәжірибесі тікелей, неке мен отбасын қорғау тетігі ретінде анықталады. Отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.

Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар – әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

Қазіргі таңда, ҚР-ның азаматтық істерін жетілдіру мақсатында және соттарды жеңілдеттіру мақсатында медиация құралы көптеп қолдануда. Барлығымызға белгілі сотта көптеп кездесетін істердің бірі, неке қатынасындағы даулар. Еуропа мемлекеттері соның ішінде Франция, Германияда неке қатынастарын медиация арқылы шешу он жылдан бері дамып келе жатқан тиімді баламалы тәсілдің бірі. 

Ұқсас материалдар