Қандастар Ассамблея

«Шапка мономаха» жаңа жылдық салаты

23.12.2014 6483
Жаңа жылдық салат дайындау тәсілі

Шапка мономаха салаты

  • Сиыр еті - 300 г,
  • картоп - 4 шт,
  • жұмыртқа - 3-4 дана,
  • қызылша - 1 шт,
  • сәбіз - 1 шт,
  • ірімшік - 100-150 г,
  • грек жаңғағы - 50-80 г,
  • желкек - 2 столовых ложки,
  • сарымсақ - 2-3 тілім,
  • гранат - 1 шт (әсемдеу үшін),
  • жасыл бұршақ - 1 шай қасығы (әсемдеу үшін),
  • майонез,
  • тұз,
  • ұнтақталған қара бұрыш

Етті пісіріп алып, кішкене кубиктармен немесе ұзыннан кесеміз.

Картопты мундирлеп пісіріп, кейін суытып, қабығын ашып үлкен үккіштен өткіземіз.

Қызылшаны пісіріп, үлкен үккіштен өткіземіз.

Піспеген сәбіздің қабығын ашып, ұсақ үккіштен өткіземіз.

Жұмыртқаны да пісіріп алып, сарысын пышақпен ортасына бөліп, ал ағын үккіштен өткіземіз.
Ірімшікті ұсақ үккіштен өткіземіз.

Грек жаңғақтарын блендермен немесе пышақпен ұсатамыз.

Желкекті ұсақ қылып кесеміз

Сарымсақты ашып, оны да ұсатамыз.
Салат қабаттап жасалады. Қабат арасына майонез жағып отырыңыз. Қалауыңыз бойынша тұз, бұрыш салып отыруыңызға болады.

Ұқсас материалдар