Қандастар Ассамблея

Шағын және орта бизнеске идеялар

06.10.2014 7699
«Кірісер едім, бизнес жасайтын жақсы идеям жоқ» дейтіндерге 3 қазақстандық бизнес-идея

Индустрияландыру мен өндіріс кез келген мемлекеттің экономикасының дамуына ықпал етеді және оның көрсеткіші болып келеді. Соңғы 20-30 жылда жағдайы жақсарған Қытай, Бразилия, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерді экономика тұрғысынан қарасақ, барлығының дамуына өндірістің дамуы себепкер болды. Ал индустрия саласы енді дамып келе жатқан Қазақстан үшін болашақта бағындырылуы керек белес іспеттес. Мемлекетіміздің Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 17 қаңтарындағы халыққа Жолдауында: «Шағын және орта бизнес - ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы» - деп айтып кеткеніндей, мемлекет өндіріс саласын дамытуы үшін алдымен шағын және орта бизнесті оң жолға қойып алуы қажет.

Бүгінгі күні шағын және орта бизнесте 800 мыңнан астам субъекттер болса, 2,4 миллионнан астам адам осы салаларда жұмыс істеп жүр екен. Елбасымыздың 2050 жылға қойған мақсаты – шағын және орта бизнес, ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болуы тиіс. Расында да, алға қойылған мақсат оңай емес. Алайда, біздің ол мақсатқа жете алатын қажетті экономикалық ресурстарымыз да, мүмкіншіліктеріміз де бар. Ендігісі тек білекті сыбанып, қорықпай іске кіріссек болғаны. «Кірісер едім, бизнес жасайтын жақсы идеям жоқ» дейтіндерге 3 қазақстандық бизнес-идеяларымыз да бар. Мархабат:

1.      Ұлттық бұйымдар мен үй-іші керек-жарақтарды жасау

Бұл бизнес –идеяның негізгі мақсаты атам заманнан бері келе жатқан ұсталық өнерді жандандырып, үй-ішінде қолданылатын ыдыс-аяқ пен керек-жарақтарды қазақи ою-өрнекпен безендіріп жасап шығару. Жасауға болатын заттар тізімінде кебеже, саптыаяқ, астау, нарды, шахмат, киім ілетін адалбақан, түрлі қобдишалар бар.Одан басқа, терезе, есік, сурет жиектемесі секілді ағаш заттарға ою-өрнек салу да осы бизнестің бір саласы. Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы негізінен жалпақ ойылған, терең ойылған, жалпақ бедерлі, жай бедерлі және т.с.с. болып бөлінеді. Ескерілетін басқа зат, ол – ағаштың ерекшелігі. Себебі, әр ағаш түрінің өзіне ғана тиесілі қасиеттері, текстурасы болдаы. Соған байланысты өңдеудің әдістері де өзгереді. Өңдеу жұмыстарымен жақсы білетін болса, кәсіпкердің өзі де айналыса алады. Құрал-саймандар жиынтығы 15-20 мың теңге көлемінде болады.

Пайдалы сілтемелер:

http://nomad-kazakhstan.kazakh.ru/nomad-kazakhstan/1770.php   
http://do.gendocs.ru/docs/index-127716.html   
http://rabotai.in/ideas15/1131.php   
http://www.rezbawood.ru/technika_rezbi_po_derevu.html

2. Қазақ тілін үйрету курстарын ашу

Соңғы жылдардағы мемлекет тарапынан қойылып жатқан талаптарға сәйкес, жұмыс орындарында, мектеп, бала-бақшаларда қазақ тілінің қолданысы артып келеді. Осыған сәйкес, қазақ тілін үйрету курстарын ашу жақсы бизнес-идея деп шештік. Негізінен, бұл бизнеске лайықты кәсіпкерлер ол – мұғалімдер. Өздері оқыту процесімен айналысқандықтарының арқасында, қосымша жұмысшы жалдамаудан үнемдейді. Бұл бизнестің мақсатты тобы кез келген қазақ тілін үйренем деген азаматтар. Мектеп табалдырығын әлі аттамаған бүлдіршіндерден бастап, студент, шетелдік қонақтар – барлығы потенциалды клиенттер болып табылады. Ескертетін бір жайт, білім беру саласы лицензияландырылуы қажет сала.

Пайдалы сілтемелер:

http://yvision.kz/post/182106  

http://www.zakon.kz/141150-zakon-respubliki-kazakhstan-ot-11.html    

http://lynam.ucoz.kz/index/izuchaem_kazakhskij_jazyk/0-39  

http://www.zakon.kz/site_main_news/4514899-kazakhstan-uspeshno-sokhranjaet-i.html  

http://www.zakon.kz/4468804-v-kazakhstane-razrabotana-novaja.html

http://tildaryn.kz/ru/metodika-tildaryn/metodika-tildaryn 

3.      Айран өндіру

Қазақстандық нарықта сүт өнімдері айран, балмұздақ, әртүрлі қышқыл сүтті сусындар бар. Орташа есеппен әр қазақстандық жылына 405 литр сүт өнімдерін ішеді екен. Ол өнімдердің көпшілік бөлігі сырттан импортталады екен. Эксперттердің айтуынша, бұл ішкі сүт өндіруші компаниялардың жеткіліксіз өндіріс көлемінен екен. Оған қоса, алдымыздағы 4-5 жыл ішінде қазақстандықтар сүт ішуде 500-600 литрге дейін өсіреді деген болжам бар. Сондықтан, бұл бизнес саласының да болашағы зор. Негізгі керек қызметкерлерге сауыншы мен бақташы. Өнімді жергілікті дүкендер, пансионаттар және ауруханалар арқылы сатуға болады.

Пайдалы сілтемелер:

http://hnb.com.ua/articles/s-zdorovie-ayran-2393  
http://resto.ru/glossary/54260  
http://www.krasotulya.ru/news/detail.php?ID=1959  
www.agroinnovations.kz

Ұқсас материалдар