Ұшақпен ұшудан қорықпау үшін пайдалы кеңестер

07.08.2014 3475
Ұшақпен ұшқанда ештеңеге алаңдамай, қалай өзін жақсы сезінуге болады? Ұшақпен ұшудан қорқуды қалай жеңуге болады?

Ұшақпен ұшқанда ештеңеге алаңдамай, қалай өзін жақсы сезінуге болады? Ұшақпен ұшудан қорқуды қалай жеңуге болады?

Жаз – демалыс уақыты. Көбіміз саяхатқа «темір құстың» бортында аттанамыз. Ұшқан кезде сізді қандай мәселелер күтуі мүмкін? Қалай олардың алдын алуға болады?  

Баршамызға мәлім болғандай, статистика бойынша автокөлік әуекөлігінен қауіптірек. Бірақ, біз автокөлікке алаңсыз отырамыз, ал ұшаққа отырғанда қобалжи бастаймыз. Кейбір адамдар ұшаққа мүлдем отырмайды.

Сондықтан да ұшақпен ұшудан қорықпау үшін, Сіздерге бірнеше кеңесті ұсынамыз...

Ақпарат жинаңыз.

«Жаңбыр адамы» фильмінің қаһарманы барлық әуе компаниялардың ұшақтарымен ұшудан бас тартып, тек қана аустралиялық «Qantas» әуекомпаниясының ұшақтарымен ұшуды жөн көрді. Басқа компаниялардан бас тартуын былай түсіндірген: «Бұл, бортында ешқашан төтенше жағдай орын алмаған әлемдегі жалғыз әуетасымалдаушы». Ұшаққа билет алардын алдында, компанияның беделімен танысыңыз, Интернетте жолаушылардың комментарийлерін оқып шығыңыз. Сіз үшін ең лайықтысын таңдасаңыз, ұшақта алаңсыз отыра аласыз.

Көңіл көтеру үшін «Duty Free»-ге барыңыз.

Кейбір адамдар үшін күйзелістен шығудың  бір жолы ол – шопинг. Сапарға тіркеуден, паспорттық бақылаудан өткен соң дүкендерді аралап, өзіңізге сыйлықтар сатып алып, көңіл-күйіңізді көтеріңіз.

Жолға сағыз алуды ұмытпаңыз.

Ғалымдардың айтуы бойынша сағыс шайнау және кәмпит сору адамды күйзелістен шығаратын  жол. Өйткені, сағыс шайнау мен кәмпит сору бізге балалық шақты еске түсіреді.  Күйзелген кезде біз кейбір кездері балалық шаққа оралуды қалаймыз, өйткені ол кезде біз ештеңені уайымдамай ойнап-күліп жүретінбіз.

Күлімсіреу.

Үрейіңіз қашып жатса – күлімсіреңіз. Біз күлгенде немесе күлімсірегенде, беттегі кейбір бұлшықеттерді қатайтамыз. Егер де сіздің күлгіңіз келмесе де, ал сіз бетінізге күлімсіреген адамның маскасын «кисеңіз» - сіздің бетіңіздегі бұлшық еттер қуанышты еске түсіріп миға сигнал береді. Күлімсереген күйде 15 минуттай отыра тұрыңыз – күйзелістен шығасыз.

Дем аламыз.

Мұрныңыз арқылы дем алыңыз, аузыңыз арқылы ауаны шығарыңыз. Ауаны шығару жұтудан ұзағырақ болғаны жөн. Біраз уақыт осылай дем ала тұрыңыз, бірнеше сәттен кейін ағзаңызда релаксация басталады: жүрек соғу ырғағы бәсеңдейді, бұлшық еттеріңіз босаңсыйды. Ал енді, көзіңізді жұмып, сіз дем алғанда күйзелістен, қорқудан арыласыз деп елестетіңіз.

Сіз жалғыз емессіз.

Егер Сіз дінге сенсеңіз, құдайдан амандықты тілеңіз. Сіз құдайдың қамқорлығында екендіңізге сеніңіз, демек, сізде барлығы жақсы болады.

Ұқсас материалдар