Қандастар Ассамблея

«Сенің даусың – сенің болашағың» атты постерлер байқауы басталды

03.03.2016 4893
Постерлер байқауы

Қазақстанда Мәжіліс және маслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды.

«Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қоры «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауын жариялады. Байқаудың басты мақсаты – қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру.

«Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы «El.kz» әлеуметтік жүйесі негізінде онлайн-форматында «Казконтент» АҚ-ның техникалық қолдауымен өтеді. Әр қалаған қатысушы конкурсқа арнайы жасақталған sailau2016.el.kz сайтына кіріп, бәйгеге түсе алады. Сервисте байқауға өтініш беріп, өз материалдарын жүктеу мүмкіндігі бар. Ғаламтор қолданушылары үшін ұнатқан жұмысқа дауыстарын беру мүмкіндігі де қарастырылған. Ең көп дауыс жинаған постерлер, білікті және құзыретті қазылар алқасының төрелігіне тапсырылады.

Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына үміткерлерді үгіттеуге бағытталған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Іс-шара 12 ақпан мен 18 наурыз аралығында sailau2016.el.kz сервисі арқылы үш кезеңде өтетін болады:

2016 жылғы 12 ақпан мен 14 наурыз аралығы байқау жұмыстарын қабылдау кезеңі;

2016 жылғы 14-17 наурыз аралығы – қазылар алқасының байқау жұмыстарын қарастыру кезеңі;

18 наурыз – үміткерлер жұмыстарының қорытындысын жиынтықтау және марапаттау кезеңі.

Ұқсас материалдар