Қандастар Ассамблея

Санжар Мәдиев - қазақ киносы тарихындағы Кенесарының рөлiн тұңғыш боп сомдайтын актер

10.03.2015 3613
Биыл жарыққа шығатын Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмiнде Кенесары ханның рөлiн актер Санжар Мәдиев сомдайды.

«Оралу» фильмінің тұсаукесері өтті. Оған «Қазақфильм» АҚ вице-президентi, бас редактор Дидар Амантай, фильмнің режиссері Рашид Сүлейменов, сондай-ақ, басты рөлде ойнайтын Санжар Мәдиев, Аружан Жазылбекова, Обонна Эндобуезе сынды актерлер қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. 

Биыл жарыққа шығатын Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмiнде Кенесары ханның рөлiн актер Санжар Мәдиев сомдайды. «Қазақфильм» АҚ вице-президентi, бас редактор Дидар Амантайдың айтуынша, Санжар Мәдиев - қазақ киносы тарихындағы Кенесарының рөлiн тұңғыш сомдайтын актер. 

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы. Осыған байланысты Кенесары фильмі де үлкен маңызға ие. Бұл фильмнің өзегі де, мазмұны да Қазақ хандығына байланысты түсірілетін сериалдан бөлек. 

«Режиссер Сатыбалды Нарымбетов Ермұхан Бекмаханов туралы тамаша фильмдi аяқтап қалды. Сол фильмде үзiк-үзiк Кенесарының образы көрiнедi. Кенесарының рөлiн Санжар Мәдиев сомдайды. Оны қазақ киносы тарихындағы Кенесарының тұңғыш рөлiн сомдаушы адам деп айтуымызға болады», – дедi бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде «Оралу» көркем фильмiнiң жалпыұлттық тұсаукесерiне арналған брифингте «Қазақфильм» АҚ вице-президентi, бас редактор Дидар Амантай.

Айта кетейiк, «Аманат» фильмiнде қазақтың соңғы ханы Кенесарының тұлғалық бейнесін зерттеген ғалым, тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры баяндалады. Кинотуындының режиссері – Сатыбалды Нарымбетов. Басты кейіпкерді Берік Айтжанов сомдайды. «Аманат» туындысы көрермендер назарына биыл ұсынылмақ.

Санжар Мәдиве бұған дейін де бірнеше отандық фильмдерге түсті. Ал, тарихи фильмдегі тұлғаларды бірінші рет сомдап отыр. Оның үстіне Кенесары туралы тұңғыш рет фильм шыққалы отыр.

Санжар Мәдиев 1986 жылдың 4 тамызында Алматы қаласында дүниеге келді. Брэйк-дэнспен биледі, мектептік вокал тобында өлең айтты, қоян-қолтық ұрыс, үлкен тенниспен айналысты, мектеп құрама командасында, кейін университетте факультет атынан баскетбол ойнады. Актер болғалы бастапқы музыкалық білім алды (вокал, сольфеджио, фано). Маунтин-байкинг, қысқы спорт түрлері мен боксқа құмар жан.

Санжар Халықаралық Лингвистикалық Гимназияны бітірді, Қазақ Ұлттық Университетінің экономика факультетінде оқыды. Кейін университет магистратурасына түсіп, Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында қатар оқып жүреді. 2008 жылы магистр дәрежесін қорғап шығып, театр режиссері мамандығы бойынша Академиядағы оқуын жалғастырады. Соған қоса, Film Making мамандығы бойынша New York Film Academy-да білім алды (Лос Анджелес Калифорния). 


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Ұқсас материалдар