Қандастар Ассамблея

Санжар Мәдиев: "Мен ешкімді өзімнен жоғары не төмен санамаймын!"

04.11.2014 5483
Санжар Мәдиев «Есентаева Live» онлайн бағдарламасында берген сұхбатынан қызықты фактілер парасын ұсынамыз.

Қазақ киносының бүгінгі жарық жұлдызы Санжар Мәдиев Қазақстандағы ең сымбатты жігіттердің тізімінде жүретін бойдақтардың бірі еді. Енді бар қыздың арманы болған Санжар Мәдиев бір ғана қыздың жан-жары атанбақ. Санжардың жақында әлеуметтік желіде өзі таратқан ақпаратына сүйенсек, 1 қараша күні Мөлдір есімді қызға құда түсіп сырға салу рәсімін өткізген екен. Мөлдірмен сөз байласып жүргеніне 4 жылға жуық уақыт өтіпті.

Жақында Санжар Мәдиев «Есентаева Live» онлайн бағдарламасында сұхбат берген еді. Сол сұхбатында отбасын құратыны жайлы тіс жарып айтпағанмен, қызықты пікірлерімен есте қалған еді. Соның бір парасын сіздерге ұсынып отырмыз.

  1. Қазақ киносында мен ешкімді өзімнен жоғары не төмен санамаймын
  2. Мен өзімді әрдайым сынға аламын. Осы қасиетім өмірде жол көрсетіп отыратын ішкі режиссерім іспеттес.
  3. Анам мен үшін бәрінен де қымбат. Бірақ мен ана құрсауынан шыға алмай жүрген бала емеспін
  4. Қарым-қатынастағы ұстанымым «Бәрі мен айтқандай болады, бірақ, қаласаң ақылдасайық»
  5. Америкада жүргенде адамдарды көбірек сыйлау керегін, үнемі күлімдеп жүруді үйрендім
  6. Өмірде әр нәрсе сенімнен басталады
  7. Мектепте мен бұзық болдым, бәріне қарсы шығатын едім. Әлі күнге дейін костюм кигенді ұнатпаймын.
  8. Мен көпшіліктен қорқамын. Қазір сахнада тұрған кезде өзімнің іштегі қорқыныш сезімімді жеңуге тырысамын
  9. Теледидар қоспағаныма бір жылдай болды
  10. Мен үшін бақыт үш нәрседен тұрады: адал дос, сүйген жар және сүйікті іс
  11. Соңғы рет мектепте төбелестім
  12. Дауды ушықтырмай, оны шешу амалы болса, міндетті түрде соны қолдан. Ал егер төбелесуге бел бусаң, артқа шегінбе.
  13. Мен ешқашан адамға сатқындық жасамаймын. Әйтпесе өзімді өмірімнің соңына дейін ары төмен, лас адам болып сезінемін

El.kz анықтамасы:

Санжар 1986 жылдың 4 тамызында Алматы қаласында дүниеге келді.

Брэйк-дэнспен биледі, мектептік вокал тобында өлең айтты, қоян-қолтық ұрыс, үлкен тенниспен айналысты, мектеп құрама командасында, кейін университетте факультет атынан баскетбол ойнады. Актер болғалы бастапқы музыкалық білім алды (вокал, сольфеджио, фано). Маунтин-байкинг, қысқы спорт түрлері мен боксқа құмар жан.

Санжар Халықаралық Лингвистикалық Гимназияны бітірді, Қазақ Ұлттық Университетінің экономика факультетінде оқыды. Кейін университет магистратурасына түсіп, Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында қатар оқып жүреді. 2008 жылы магистр дәрежесін қорғап шығып, театр режиссері мамандығы бойынша Академиядағы оқуын жалғастырады. Соған қоса, Film Making мамандығы бойынша New York Film Academy-да білім алды (Лос Анджелес Калифорния). 

 Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Фото: instagram және http://www.sanzharmadiyev.com/#!untitled/cszh

Ұқсас материалдар