Қандастар Ассамблея

Сүйген адамыңмен бірге көруге арналған 10 отандық кино

09.10.2014 8220
Егер сіз ұнататын қызыңызды кинотеатрға емес, үйіңізге, кино қарауға шақырсаңыз, бұл мақала сіздерге септігін тигізіп қалар.

Егер сіз ұнататын қызыңызды кинотеатрға емес, үйіңізге, кино қарауға шақырсаңыз, бұл мақала сіздерге септігін тигізіп қалар.

Бұл жерде мен отандық фильмдердің тізімін ұсынғанды жөн көрдім. Мақала жазбас бұрын таныстарымнан (олардың басым бөлігі бойдақ жігіттер): «Жақсы көретін қызыңмен бірге осыған дейін өзің көрген қазақстандық фильмдердің арасынан қандай кино қарар едің?» деген сауал қойдым. Айтылған жауаптарды екіге бөлдім, бірі  қазақ киносының алтын ғасыры саналатын 60-жылдардан бастап, 90-шы жылдар аралығында жарыққа шыққан қайталанбас туындылар, ал екіншісі заманауи фильмдер. Сонымен:

«Қыз Жібек» фильмі тарихи оқиға желісімен түсірілген көркем фильм. 1968-1970 жылдары түсірілген. Фильм режиссері Сұлтан Қожықов. Фильмнің сценарийін Ғабит Мүсірепов, музыкасын Нұрғиса Тілендиев, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған. Фильмдегі Төлеген мен Жібектің бір-біріне сүйіспеншілігі, әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.

 

1969 жылы жарыққа шыққан «Тақиялы періште» фильмі  алпамса денелі, періштелі мінезі бар география пәнінің мұғалімі Тайлақ есімді бойдақ жігіт туралы. Тайлақ –кең пейілді жан. Ол өз анасынан артық шеше жер бетінде жоқ деп санайды. Ұялшақ «періштенің» бойдақ өміріне балта шапқысы келген анасы Тана ұлына қосақ іздеп Алматыға келеді. Келін іздеп келген ана осы жолда талай шытырман оқиғаларды бастан кешіреді.

 

«Махаббат бекеті»

Фильм драматургиясына классикалық «махаббат үштағаны» негіз болған. Гүлназ есімді қызға сыныптас достар Орал мен Жеңіс ғашық. Гүлназ адал да шыншыл Оралды ұнатады. Олар бақытын тапқандай. Бірақ, бірбеткей Жеңіс бәсекелесінен оңай жеңілгісі жоқ. Сонымен Орал мен Гүлназдың сезімдері сынға түседі, олардың өзі небір драмалық сәттерді бастан өткереді. Арада көп жыл өткен соң ғашықтар өздері алғаш танысқан бекетте кездеседі.

 

1975 жылы жарыққа шыққан  «Гауһартас» фильмі жазушы-драматург Дулат Исабековтың сценарийі бойынша түсірілген. Оқиға желісі бойынша, ауылдың бір шетінде тұрған киіз үйге келін түседі. Дәл сол сәттен бастап үйдің ішінің берекесі арта түсіп, махаббатқа толады.

 

"Шабандоз қыз" / "Девушка-джигит" (1955  реж: П. Боголюбов) музыкалық комедиясы кеңшардың жас жылқышысы Айдар мен жылқы зауытының бақташысы Ғалияның арасындағы махабат туралы әңгімелейді. Режисердың көмекшісі: Сұлтан Қожықов.

 

«Батыр Баян» фильмі Мағжан Жұмабаев поэмасының негізінде 1993 жылы кино түсірілген болатын. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Фильмде Баян шапқынышылық кезінде құлдыққа түскен жоңғар батырының қызы Құралайға ғашық болып қалады. Бірақ құлдыққа түскен қыз Сарының ұлы Ноянмен бірге қашып кетеді. Алданған батыр екеуін қуып жетіп, аямай өлтіреді.

 

«Он и она»

Фильм 2013 жылы жарыққа шықты. Қарапайым, жас сценарий жазушы студент жігіт өз өмірін бастан аяқ өзгерткен ерекше аруға ғашық болады. Керемет сезімге берілген жігіт күтпеген жерден өз ғашығын жоғалтып алады. Сол сәттен бастап жігіт өмірін өзгерткен ерекше жанды іздеуге кіріседі.

 

«Сказ о розовом зайце»

Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті, Ерлан есімді ауыл баласы жарқын болашақ іздеп қалаға келеді. Ол қалталы әке-шешелеріне еркелеп өскен қыз-жігіттердің ортасына түседі. Құндылықтары мүлдем өзгеше ортада Ерлан қиын да қызықты шытырман оқиғаларды бастан кешіреді.

 

«Обратная сторона»

Бұл фильм өмірдің ауыр сынағына тап болған жас жігіттің өз өмірі үшін арпалысын баяндайды. Оқиға белгілі бизнесменді ұрлап кетуден басталады. Әйелі, баласы, туыстары, жаулары бәрі күдікке алынады.

 

Міне менің сауалымның нәтижесі осындай. Ал сіз қандай фильмді ұсынар едіңіз?

Ұқсас материалдар