Қандастар Ассамблея

СҮТТІ СИЫРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

27.08.2014 19283
Қай кəсіпке болса да шаруа көзімен қарап, неғұрлым пай- даны көбірек шығаруға ұмтылу керек.

 

Қай кəсіпке болса да шаруа көзімен қарап, неғұрлым пайданы көбірек шығаруға ұмтылу керек. Сауулы сиыр ұстағанда да пайдалы жақты ескеру керек. Сиыр тұкымына қарай сүт береді. Бір тұқымнан өрбіген сиырдың да жылына 150-200 шелек сүт беретіні де, 30-40 шелек сүт беретіні де бар. Мүйізді мал ұсталатын орнына қарай үш тарау: 1) жұмыс малы, 2) ет малы, 3) сүт малы. Əр тарау малдың өзіне ылайық тұлға, бітімі болады.

Жұмыс малының күші мол болуы керек. Күш – жуан сүйектен, бұқа мойыннан, кеуде, желке еті қалыңнан, əукесі үлкеннен, терісі қалың кедір-бұдырдан шығады. Ет малының еті, май жиналатын жері толық болуы керек. Ет жиналмайтын сүйек, бас, айақ қарын толымды болмайды. Ең бағалы жер арқа, белдеме, сан, қол, кеуде жентекті болу керек.

Сүт малының тұлға бітімі жұмыс, ет малына да ұқсамайды. Бар денесі сүттің шығуына байлаулы. Сүтті сиырдың бас белгісі желінінің бітімінде, желін толған без. Əрбір без есепсіз көп қуықшадан құралады. Қуықшаның ара-арасын қудалаған ет, май, қан жүретін жерінде ыдыс болады. Қуықша сүтке толса, желін керіліп кетеді, сүті суалса, бұзау емсе, қуықшадан сүт кетіп, желін босап қалады. Егер қуықша арасындағы ет, май көп болса желінді өнемейін керіп сауғанда босатпайды. Мұндай ет желінді, май желінді сиыр сүтті болмайды. Сүтті сиырдың желіні төртпақ жалпақ келеді. Əрбір емшек тұрған орын бөлек қолға білінеді. Сауса да саумаса да тікиіп тұратын, жүргенде шапқа соқтығатын желін сүтсіздіктің белгісі. Жақсы желін сүт толған сайын жан жаққа керілсе де, бұлғалақтамайды, соқтығып кернелмейді. Сүйрік желін жақсы болмайды. Сүтті сиырдың желінінің терісі жиырылып, кең жатады. Сүт толып керілуіне бөгет болмайды. Тығыз жабысқан тері желінді қысып керілтпейді. Əсіресе, жиырынды тері алды-артында болады.

Емшек аса ұзын да, жуан да, қысқа да, жіңішке де болмасқа керек. Емшек ортасында буылтық болмасын жəне атқан оқтай түп-түзу төмен қарап тұрсын, қисайып тұрмасын. Емшек үстері бір-біріне жақындасып кетпесін. Сүттің көп шығуы желінге қанның көп құйылуынан. Жақсы қанды жеткізіп жаман қанды алып қайтатын тамыр «сүт тамыр» деп аталады. Бұл желіннен бауырға қарай шығады, көзге де көрінеді. Қолымен сипау бы- лай тұрсын, неғұрлым жуан, бұтақты, іркілдеген қанды болса, сүттіліктің белгісі. Нағыз сүтті сиырдың сүт тамырының тарауы желінінің сыртында білеуленіп шығып тұрады. Сүт тамырдың қарынға кіретін орны щұңқыр келеді. Бұл шұңқыр «сүт құдық» аталады. Мұнын тереңдігі де, кеңдігі де сүттілігінің белгісі. Терендігін сүт құдыққа саусақпен басып өлшейді. Сиырдың жүні жоғарыдан төмен қарай жығық, желін ай- наласындағы жүн төменнен жоғары қарай жығық, екі жығықтың астасқан жері тақырлау, ашықтау келеді. Мұны «сүт айнасы» дейді. Неғұрлым бұл кең болып құйрыққа қарай өрлесе сүттіліктің белгісі.

 

(«Агроном»)

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"