Қандастар Ассамблея

Сəкен Сейфуллин АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 50-ге ТОЛДЫ

29.08.2014 4098
Сəкен Сейфуллин АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 50-ге ТОЛДЫ

Сəкен Сейфуллин АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 50-ге ТОЛДЫ

Осы өткен қаңтардың 28-і Ахмет Байтұрсынұлының жасы елуге толды. Халыққа өзінше қызмет қылған адам кəміл тоқтайтын кісілік жасына жеткенде сол кісінің халыққа істеген қызметтерінің қандай екенін бастан-аяқ баяндап отыру əр үлгілі халықтың əдеті. Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі, оқығандардың арасынан өз заманында патшаның арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Əрине, Ахмет қазақ халқының байы мен жарлы-жалшы табының жігін ашып, бұл екі тап қатар тұрғанда жарлы табын байлар табы жұмысқа жегіп қойып, борсықша сора беретіндігін айтқан жоқ. Байлардан бөліп жарлы табының ғана намыстарын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Жарлы табының шоқпарын соққан жоқ. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады.

Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намы- сын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз- ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмəш болып, кейбірі арла- рын сатып ұлықтық іздеп жүргенде Ахмет қазақұлтына жанын аямай қызметтерін қылды. Əуелі ол школда қазақ балаларын оқытты. Надандықпен күресіп, патша үкіметінің əділетсіз үкім-зорлығымен күресіп, Крылов деген орыстың жазушысының 40 мысалын қазақ тіліне аударды. Ол 40 мысалдың əрқайсысына сол патша заманының əділсіз тұрмысынан алып, қазаққа патша үкіметінің істейтін жəбірлігін айтып, өзінен мысалдар келтірді. Қазақ халқының арын, намысын жоқтап,«Маса» есімді өлең кітаптарын жазып шығарды. Одан соң Орынборда «Қазақ» деген газетті шығарды. Қазақтың бастауыш мектептеріне арнап «Оқу һəм тіл құралдарын» жазып шығарды. Коммунистер- ше жалпы байлардың құлдығында жүрген жарлылардың ғана арын,  намысын  жоқтамаса  да,  коммунистерше  жалпы  бай ларға оқ атып, жалпы жарлылардың таяғын соқпаса да, Ахметтің халыққа бұл істеген қызметтері зор қызмет. Бұл қызметінің əсіресе көрінетіндігі сол, өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һəм имандарын сатып жүргенде Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бəйгіге тіккен.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл. Ұлтын сүюдің зорлығынан, 1917 жылы патша түсіп, револю- ция (өзгеріс) болғанда қазақтың бұрыннан арсыз, имансыз оқығандары «ұлтшыл» бола қалып «Алаш» партиясын ашқанда бір қазақ үшін сол сұмдармен бірге «Алаш» партиясында бол- ды. (Əрине,«оқыған» дегендеріміздің арасында бірен-саран адал адамдар да бар). Адал ниетті Ахмет бір тұтынған жолы үшін, шын сүйетін ұлты үшін қандай партияға болса да кірмей қойсын ба?!

Өзі үшін ұлтшыл болған қулардан бөлініп, Ахмет сол ұлтқамы үшін коммунист партиясына да кірді.

Əрине, Ахмет коммунист партиясында да көп бола алмады. Көп бола алмайтындығы белгілі еді. Қазақтығына, орыстығына қарамай бай мен жарлының арасын ашып, борсықтай сорып келе жатқан байлардың қолдарынан үкіметті қара күшпен жарлыға тартып алғызған, малын, жерін тартып алғызған ком- мунистер, жер-дүниедегі барша халықтарды бірдей сүйетін коммунистер рухы майда һəм қазақты ғана сүйетін Ахаңа дұрыс болмады.

Ел-шежіре

Ұқсас материалдар