Қандастар Ассамблея

Руслан Желдібай: Бұл Жолдауда Үкіметке нақты тапсырмалар берілді!

13.11.2014 3242
резидент Жолдауының уақытынан бұрын жариялануы бүгінгі геосаяси оқиғалардың экономикаға әсер етуімен байланысты болды деп санаймын.

Биыл Жолдау аясында Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеді. Осыған орай Президент Жолдауына үн қосып жатқан журналист Руслан Желдібайдың пікірін бөлісіп отырмыз.

Президент Жолдауының уақытынан бұрын жариялануы бүгінгі геосаяси оқиғалардың экономикаға әсер етуімен байланысты болды деп санаймын. Ресей мен АҚШ, Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық өзара санкциялардың әсері қазірдің өзінде Ресейдің ұлттық валютасының долларға шаққандағы бағасы тарихи рекордты орнатты. Бұл процесстер сөзсіз біздің мемлекетке де ықпал етеніні анық. Президент осы жайтты ерекше атап өтіп, алдағы ауыр экономикалық кезеңнің басталатынын айтты. Сондықтан, уақытылы әрекет етіп, экономиканың дамуын ұстап тұру үшін "Нұрлы Жол" экономикалық бағдарламасын ұсынды. Бұл Жолдау қысқа әрі нақты болғанын атап өту қажет. Яғни, Үкіметке анық тапсырмалар берілді. Ұлттық қордың қаражатын жұмсайтын уақыт келді деп Президент атап өтті. Жөн-ақ. Экономиканың осындай кезеңдерінде қаражатты инфрақұрылымға (темір, авто жол, электр желілері, жкх, газ құбырлары т.б.) салғаны міндетті түрде ақталады. Бұл - экономикалық заңдылық. 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезеңінде Қытай дәл осындай жолды таңдаған болатын. Қателескен жоқ.
Әрине, көпшіліктің талқылауына біріншіден жаңа тұрғын үй бағдарламасы түскені анық. Себебі, бұл - еліміздің азаматтары үшін өте ауыр сұрақтың бірі. Соңғы әлеуметтік қақтығыстардың көпшілігі үй мәселесі бойынша болғанын ұмытпаған жөн. Жас отбасылардың 80 пайызында жеке баспанасы жоқ деген мәліметтің барын білеміз. Осыған дейін, жаңа ипотекалық бағдарлама қажет, оның пайызы төмен болуы тиіс деген ұсыныс көп айтылған болатын. Міне, енді жүзеге аспақ. Бұл азаматтардың баспаналы болуымен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына алып келмек.
Ең бастысы бюджет, зейнетақы қорындағы қаражаттан бөлек, ұлттық қордағы ақша талан-таражға түспеуі керек. Үкіметтің бюджетті тиімді жұмсай алмай жатқандығын ескерсек, 25 млрд. доллардың бөлінуі – үлкен қауіп.
Меніңше, бізді қыруар жұмыс күтіп тұр. Егер, осы бағдарламаның да қағаз, сөз жүзінде айтылып, іске келгенде әдеттегідей кейін тартып тұрса, онда өзімізге қиын болмақ. Сондықтан, тек сөзден іске көшіп, нәтижесін күту қажет.

Ұқсас материалдар