Қандастар Ассамблея

Робот Рубик текшесін бір секундта жинады

26.01.2016 2918
Джей Флэтлэнд пен Пол Роуз деген екі өнертапқыш Рубик текшесін рекордтық уақытта жинай алатын машина жасап шықты.

Джей Флэтлэнд пен Пол Роуз деген екі өнертапқыш Рубик текшесін рекордтық уақытта жинай алатын машина жасап шықты. Текшені жинауға машина орташа есеппен бір секундтан сәл асатын уақыт жұмсайды. Оның камераға жазылған ең жоғары нәтижесі – 1,047 секунд.

Машина Рубик текшесінің модификацияланған түрімен жұмыс істейді, текшенің әрбір жағында кішкене тесік жасалған, ол роботтың оны ұстап тұруы үшін қажет. Конструкция Arduino  тақтасына қосылған алты қозғалтқышты және текшенің ағымдағы жағдайын анықтайтын төрт бейне-камераны пайдаланады.

Төмендегі видеода Рубик текшесінің жиналуы баяу қозғалыста берілген.


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар