Қандастар Ассамблея

Регина Вандышева, Мисс Қазақстан-2014: Сұлулық күтімін жүректің, жанның тазалығынан бастау керек!

10.12.2014 3865
Мисс Қазақстан-2014 байқауына қатысқан отыз төрт арудың арасынан, смс дауыс беру арқылы жеңіске жеткен Регина Вандышеваның өмірлік ұстанымдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Мисс Қазақстан-2014 байқауына қатысқан отыз төрт арудың арасынан, смс дауыс беру арқылы жеңіске жеткен Регина Вандышеваның өмірлік ұстанымдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Регина туралы қысқаша дерек:

  • Жасы 22-де
  • Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақ университетінің Алматыдағы филиалының 5 курс студенті (мамандығы «Экономика»)
  • Кішкентай кезінен бастап 2-3 жылдай  «Ерке» ұлттық би ансамбліне қатысқан
  • 8 жасынан бастап жеңіл атлетикамен шұғылданған, Жеңіл атлетика бойынша Қазақстан чемпионы атанған
  • Қызығушылықтары спорт, шет тілдері

Ол өзінің спорттағы жетістіктері туралы былай дейді:

-  Мен спортпен айналысқаныма өкінбеймін, ол жақта да белгілі бір жетістіктерге жеттім. Спорт маған, менің өміріме көп нәрсе берді, ол мені берілмеуге, ешқашан үмітімді үзбеуге, қатал тәртіпке үйретті. Кәсіби спортқа қайтып оралмайтын шығармын. Бірақ жаттығу залдарына барып тұрам, өз фигурамды сақтауым керек. Өмірімді спортсыз елестете алмаймын. Бұл бір есірткі секілді, спортпен айналысқым келіп тұрады, жүгіргенді жақсы көремін.

Төменде Регина Вандышеваның инстаграмдағы жеке парақшасына салған суреттері мен олардың түсіндірмесін оқи аласыз. Ару қыздың өмірлік ұстанымдары да осы жерде.

Ең пайдалы өмірлік дағдылардың бірі - жаман нәрсені тез ұмыта білу, жағымсыз оқиғаларға кідіріп қалмау, біреуге реніш, кек сақтамау. Өз жаныңызға түрлі қоқыстарды үюдің қажеті жоқ.

Өз бақытым үшін талмай күресемін. "Жоқ" деген жауап алсам да, ештеңе етпейді, одан сабақ алып, бәрібір жеңіп шығам. Менде бір ғана өмір бар, дәл қазір және осы жерде. Өз армандарымнан, сезімдерімнен қорықпаймын - оларға басқа өмір берілмеген. Мендегі бар нәрсе үшін құдайға алғыс айтам. Егер сізге "пойызыңыз кетіп қалды", десе, ештеңе етпейді. Мақсатыңызға жетер өзге де жолдар бар. Өткенді өзгертуге болмайды, бірақ финишті өзгерту сіздің қолыңызда. 

Өміріңіздегі кезекті оқиғаның қалай аяқталатынын ешкім білмейді, сондықтан бар кезінде әрбір күнді, сағатты, сәтті бағалаңыз!

Регина сөзі грекше "патшайым" деген мағынан білдіреді екен

Бала кезінде Регина өте пысық әрі белсенді қыз болған. Ол өзінің балалық шағы туралы былай дейді:

- Егер мен әжеммен бірге саябаққа қыдырып шығатын болсам, сол жерде болатын әр түрлі шараларға қатысып, барлық жүлделерді үйге алып келетінмін. Менің қолымдағы пакеттерді көріп анам маған тамсанатын.

 Оқушы Регина

Мисс Қазақстан байқауынан ұтып алған миллион теңгені ару қыз анасына сыйлайтынын айтты. Ол өзінің инстаграм парақшасында: «Қымбатты да аяулы анашым, бәрі-бәрі үшін саған деген алғысым шексіз. Сен менің тірегімсің. Мен сені қатты жақсы көрем», деп жазыпты.

Көп таныстары Регинаны ресейлік әнші Вера Брежневаға ұқсатады екен.

Жуырда ару Нұрлан Қоянбаев жүргізетін «Түнгі студия» бағдарламасына және Жаңа жылдық телебағдарламаларға түсу үшін Астанаға келіп кеткен болатын. «Астана өте ұнады. Тағы да сіздерге қонақ болып келіп кету мен үшін қуаныш. Бірақ бүгін күн қатты суық болды», дейді Регина.

Қазіргі таңда Регина Вандышева оқуымен қатар модель ретінде жұмыс жасайды.

Сұлулық күтімін жүректің, жанның тазалығынан бастау керек, әйтпесе ешқандай косметика көмектесе алмайды.

 

Ұқсас материалдар