Қандастар Ассамблея

Рақымғали Құл-Мұхаммед: "Ұлы ғұламаның энциклопедиясын шығару – «Атамұраға» даңғыл жол ашты"

07.08.2014 3565
Рақымғали Құл-Мұхаммед, «Атамұра» корпорациясының президентi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi.

Рақымғали Құл-Мұхаммед, «Атамұра» корпорациясының президентi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi.

Биыл «Атамұра» баспасының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Уақытқа сəл шегініс жасап, баспаның тари-хына аз-кем тоқтала кетсеңіз?

– Мен өз басым «Атамұра» корпорациясының құрылуын еліміздің тəуелсіздігінің жемісі деп санаймын. Өйткені, еліміз тəуелсіздік алған соң араға екі-үш ай салып, 1992 жылы ақ-панның төртінші жұлдызында «Атамұра» шағын өндірістік кəсіпорны құрылды. Ол кезде құрамында бар-жоғы 4 – 5 адам еді. Бұл тұрғыдан келгенде «Атамұра» кəсіпорны өзін тəуел-сіздіктің құрдасы деп санайды.

Алғашқы құрылған жылдары бұл кəсіпорынның болашағына күмəнмен қарағандардың саны аз болған жоқ. Өйткені, бұл кəсiпорын жас мемлекетіміздің кітап бизнесіндегі алғашқы қарлығаштарының бірі еді.

– «Атамұра» баспасы қашан корпорацияға айналды? Алғашқы жұмысты неден бастадыңыздар?

– Баспа айналасы екі-үш жылда өзінің сапалы өнімдерімен елге танымал мекемеге айналған еді. «Атамұра» шағын өнді-рістік кəсіпорны 1995 жылдың 19 ақпанында құрамында 4 – 5 шағын кəсіпорны бар ірі баспа корпорациясына айналды. 1995 жылы халқымыздың ұлы перзенті Абай атамыздың туғанына 150 жыл толу мерейтойы қарсаңында корпорация өз қаржысы-на еліміздің тарихындағы тұңғыш тұлғалық, көлемі 60 бас-па табақ «Абай» энциклопедиясын 100 мың данамен басып шығарды. Бұл энциклопедияның сол жылы Қазақстан Респуб-ликасының Мемлекеттік сыйлығын алғанын жұрт жақсы бі-леді. Абай атамыздың өзі:

«...Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек, Еңбекті сат, ар сатып неге керек? Үш-ақ нəрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», – деген ғой. Иə, Мұхтар ағамыздың ұлы ақынның осынау өсиет-терін пір тұтып қана қоймай, үлкен істі Абайдан бастауы тегін емес деп ойлаймын.

Осы ұлы ғұламаның энциклопедиясын шығару – «Атамұ-раға» даңғыл жол ашты. Аллаға шүкір, қазір «Атамұраны» жұрт жақсы біледі.

– «Атамұра» кітап бизнесіндегі алғашқы қарлығаштар-дың бірі еді» дедіңіз. Ешқандай базасы жоқ шағын кəсіп-орынның бойын тіктеп кетуі оңай болмаған шығар?

– Алғашқы болып, «Тыңға түрен салудың» қашанда оңай болмайтыны ақиқат. Баспамыздың іргетасын қалап, негі-зін салған Мұхтар ағамыз тəуекел етіп, осы істi бастаған еді. Ол кезде «Осындай баспа ашылған екен, соған тапсы-рыс берейік» дейтін ешкім болған жоқ. Өтпелі кезеңде жеке меншік кəсіпорындар ашылып жатқанмен, бұрынғы кездің мемлекеттік жұмыс жүйесіне үйреніп қалған кісілер оларға сене бермейтін. Бұл жерде басшының тек қана өзінің қажыр-қайратына, iскерлігіне, қабілет-алымына ғана сенуі керек еді. Абай атамыздың: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөзін негізге алған болар.

Иə, баспаның аяғынан тік тұрып кетуі оңай болған жоқ. Алғашқы өнімдеріміз жол жүру билеттері, банк бланкілері, бірлі-екілі ақын-жазушылардың шағын жинақтары, тұтыну-шылардың сұранысына ие болады-ау деген тарихи, шежірелік кітаптар болатын. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге арналған сол оқу орындары профессорларының өздері дайындаған əр пəн бойынша көмекші оқу құралдары еді. Осы алғашқы өнімдерді сату жұмыстарын да өзіміз ұйым-дастырдық.

Реке, Сіз сол кезден осы баспада қызмет істейтін бе едіңіз?

– Баспаның шаруасына алғашқы күндерден бастап аралас-қаным рас. Мен ғана емес, інім Мұратқали, апайымыз Рахи-ма – бəріміз де осы баспаның барлық жұмыстарына белсене ат салыстық.

Сіз басқарып отырған ұжымда қанша адам жұмыс істейді?

– Бүгінгі күні «Атамұра» корпорациясында əр сала бойын-ша барлығы бір мыңнан астам адам қызмет істейді.

Корпорацияға қарасты қанша Кітап үйі бар? Олардың аймақтарда ашылуының себебі жəне рөлі қандай?

– Корпорацияға қарасты Қазақстанның əр облысында елу-ге жуық кітап үйі бар. Барлық облыс орталықтарында, қала-ларда, кейбiр шалғай аудандарда орналасқан ол кітап үйлері жергілікті жерлердегі кітап саудасына деген сұранысты қам-тамасыз ету үшін ұйымдастырылған. Бұл кітап үйлерінде өз корпорациямыздың өнімдері ғана емес, ТМД-дағы, əлемдік баспалардың кітаптары да сатылады. Жəне ол кітап үйлеріне сол өңірден шыққан ұлы тұлғалар мен Алаш арыстарының есімдері берілген. Бұл бүгінгі ұрпақтың өздерінің даңқты ата-бабаларының есімдерін құрмет тұтуға үлкен ықпал ететін тəр-биелік мəні зор шара деп білемін. Басқасын айтпағанда, осы-нау кітап үйлері бірнеше жүздеген адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Оқулықтар шығаруүлкен жауапкершілікті талап етеді. Олай болса, əр оқулықтың редакторы сол саланы жетік меңгеруі тиіс. Ал баспа редакторлары осы талапқа жауап бере ала ма? Қазіргі кездегі оқулықтардың сапасы қандай дəрежеде?

– Елбасының қолдауымен ең алғашқы болып, «Əліппеден» басталған жаңа буын төл оқулықтарын шығаруды қолға алған «Атамұра» баспа корпорациясы болатын. Осы оқулықтармен оқыған балалар бүгінде халықаралық олимпиадаларды айт-пағанда, «Болашақ» бағдарламасымен Америка, Еуропа елде-ріндегі іргелі оқу орындарынан білім алып келіп, егеменді елі-мізге қызмет етіп жүр.

Бізде барлық пəндік саланың редакторлары бар. Олардың барлығы да өз саласына толық жауап бере алатын жоғары білімді, тəжірибелі мамандар. Қазіргі кезде оқулықтардың сапасы туралы пікірлер аз айтылып жүрген жоқ. Оқулық – бір жылдық немесе бір жолғы өнім емес. Əр басылым сайын жөнде-ліп, өңделеді. Сын, ескертпелер сарапталып, дұрыс пікірлер міндетті түрде ескеріледі. Дегенмен, соңғы жылдары оқулық-тың сапасы жақсарып келеді. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов мырза білім саласында өте көп тиімді реформалар іске асырып жатыр.

Сіздің сұрағыңызға орай оқулықтарға байланысты бір-екеу-ін атап өтуді жөн санап отырмын. Мысалы, бұрын оқулықтарға сараптаманы бір ғана мекеме жасайтын, қазір ол үш сатылы болды. Бірінші – Оқулық орталығы, екінші – Мектепке дейінгі жəне орта білім департаменті, үшінші – Республикалық кеңес. Осы үш сатыдан өткен оқулықтар ғана Қазақстан Республика-сының Білім жəне ғылым министрлігінің оқу процесіне рұқсат етілген бұйрығының тізіміне енеді.

Оның үстіне, бұрынғы жылдары осы бұйрықтар өте кеш шығатын еді. Мысалы, 2010 – 2011 жылғы оқулықтарды шығаруға байланысты бұйрық кешіктіріліп, 2010 жылғы қыр-күйектің 7-сі күні ғана шықты. Ал қыркүйек айының 1-інде оқушы қажетті оқулықтарын алып, мектеп партасында отыруы керек болса, министрлік сол айда бұйрыққа енді қол қойып жатты. Бұның мектептерге де, баспаға да қаншалықты кедергі туғызатыны айтпаса да түсінікті. Ал қазіргі Білім жəне ғылым министрлігі оқулықтарды бекітуге байланысты бұйрықты жылдың басында-ақ шығара бастады. Бұл оқулықтарды дер кезінде əзірлеуге үлкен мүмкіндік береді.

Мұхтар ағамыз Сізді осы баспаның тізгінін ұстатуға ертеден даярлады ма? Қандай ақыл-кеңес берді?

– Ол кісі маған «Болашақта осы корпорацияны басқарасың, соған дайын болып жүр» деп ешқашан айтып көрген жоқ. Жоғарыда айтқанымдай, корпорацияда жұмыс істемей тұрған кезден-ақ, тіпті студент кезімнен бастап баспаның қыр-сырын бір кісідей-ақ игере білдім. Президент əкімшілігінде жауапты қызмет істеп жүрген кезімде ағамыз шақырып алып, баспагерлік жұмысымды редакторлықтан бастатып, барлық баспалдақтардан өткізді. Бəлкім, мені əбден «пісіру» арқылы даярлаған болар. Рас, корпорацияда қызмет еткен 12 жылдың ішінде баспаның бүге-шігесін, оның экономикалық хал-жайын саралауды, баспахана бояуларынан бастап, қағаз сапасын зер-делеу, əлемдік заманауи баспа технологиясының жетістіктерін білуді – бəрін де назарда ұстауды үйрендім. Кітап шығару үшін Қазақстанға полиграфиялық материалдар шет елден жəне Ре-сейден сатып алынады. Қағаздың салмағын, қаттылығын, ақ-тығын, дымқылдығын, сынуға төзімділігі мен мұқабаның сан түрлерін ажырату үшін полиграфиялық білім қажет.

Мен екі университет бітіргенмін. Философия ғылымдары-ның кандидаты дейтін ғылыми атағым бар. Президент əкімші-лігінде жауапты қызмет істеген тəжірибем бар. Жоғарыда айтқанымдай, баспагерліктің қыр-сырын осы «Атамұрада» 12 жылда əбден меңгердім деп ойлаймын. Сонан кейін де ағамыз сенім артқан болар.

Ал сұрағыңызға орай айтарым, ағамыз бұрын да, қазір де «Сен өйт, бүйт» дейтін ақыл-кеңес берген емес. Екі тізгін, бір шылбырды қолға ұстатты да, өз еркімді өзіме беріп, шаруама араласып көрген емес.

Мұхтар ағамыз да, сіз де сауапты да игілікті істердің атқарылуына мұрындық болып, демеушілік қызмет көрсетіп келесіздер. Бұл шығындар баспаның қоржынына кері əсерін тигізбей ме? Қандай салаға демеушілік жасай-сыздар?

– Менің түсінігімше, шығын шықпай, кіріс кірмейді. Ал демеушілікке келетін болсақ, біз оны ешқашан тоқтатқан емеспіз. Мысалы, жыл сайын 15 – 20 кітапты əртүрлі тара-лыммен өз қаржымызға демеушілікпен шығарамыз. Мыса-лы, өткен жылы Ə.Жамбыловтың «Атадан қалған бір мұра», С.Саттаровтың «Майлықожа», Қ.Жұмаділовтің «Көкжал», Ш.Беркімбаеваның «Əлі де ізгілікті іздеп келем», сонымен қатар ауылда жүрген таланттар «Ауылым» əнінің авторы Жа-байыл Бейсеновтің, Айжарық Əбілқасымовтың, сонымен бір-ге мектепке байланысты «Алтын ұя – мектебім», тағы басқа көптеген кітаптарға демеушілік жасап, тегін шығардық.

Жалпы, пайғамбарымыздың хадисінде «Біреуге бергеніңді айтпа, жақсылығын ұмытпа» деген сөз бар. Дегенмен, сіздің сұрағыңызға жауап ретінде айта кетер болсақ, еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін киелі өнеріміз – айтысқа ең алғашқы болып автокөлік тіккен осы «Атамұра» корпорациясы болатын. Ең бірінші автокөлік Бекарыс Шойбековке бұйырған еді. Одан кейін майталман ақындар Мұхаметжан Тазабеков, Аманжол Əлтаев, Құралай Əлкембаева, Мэлс Қосымбаев сияқты айтулы ақындар да жəне өзін «Құланаяқ Құлмамбеттің құлынымын» дейтін аса дарынды ақын, марқұм Оразалы Досбосынов та алғашқы автокөлігін «Атамұрадан» мінген еді. Ұлттық спорты-мыз – қазақша күрестен Сергей Шакимов, Елдос Ихсанғалиев, Шалқар Жоламановтар да «Атамұраның» темір тұлпарларын олжалаған. Мұндағы айтайын деп отырғаным – мұның бəрі де ұмытылып бара жатқан айтыс өнері мен кезінде мəн-маңызын ортайтып алған осынау ұлттық спорттық ойынды жандан-дыру үшін жасалған шара болатын. Қазір, құдайға шүкір, өнер мен спорттың бұл түрінің қаншалықты қанат жайғанын жұрт жақсы біледі. Жалпы, осы 20 жылдың ішінде білім мен ғылымға, ұлттық спорт өнеріне, өзіміз білім алған мектептер-ге, аудан мерейтойларына жалпы саны елуден астам автокөлік сыйға тартыппыз. Үздік оқитын бірқатар мектеп оқушылары мен студенттерге ай сайын «Атамұраның» шəкіртақысы беріліп тұрады. Өзімізді оқытқан ұстаздарымызға да сыйақы тағайындадық. Ұлы Абай мен жыр алыбы Жамбылдың, тағы басқа тұлғалардың ұрпақтарына көп жылдан бері өмірлік зейнетақы беріліп келеді. Ал енді корпорациямызға көмек қолын созуын сұрап келетіндер де баршылық. Ардагерлер мен балалар үйіне де əрдайым қайырымдылық көмек көрсетіп тұрамыз. Əлем, Азия, Олимпиада да жеңімпаз атанып, көк бай-рағымызды желбіреткен спортшыларға қаржылай қолдау жа-сап келеміз.

Корпорацияның 20 жыл ішіндегі негізгі жетістіктері жəне алдағы уақытта атқарылар жоба-жоспарлары туралы айта кетсеңіз?

– «Атамұра» баспа корпорациясы оқулықтардан бөлек, энциклопедиялық, балаларға арналған басылымдарды, анықта-малықтарды, ғылыми жəне ғылыми-танымдық əдебиеттерді, сөздіктер, көркем проза мен поэзия жинақтарын, мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен полиграфиялық өнімдердің барлық түрлерін шығарып келеді. «Атамұра» кітапханасы» сериясымен Абайдан бастап, белгілі ақын-жазушылардың 150-ден астам прозалық жəне поэзиялық жинақтарын шығарды. Осы кітаптардың 10 шақтысы Мемлекеттік сыйлық алды.

Корпорацияның негізгі өндірістік базасы қазіргі заманғы ең озық полиграфиялық құрылғылармен жабдықталған «Атамұ-ра» полиграфиялық комбинаты болып табылады. Бізде Транс-порт компаниясы, Кітап саудасы департаменті, «Атамұра ІТ» технология орталығы бар.

Ел тəуелсіздігінің 20 жылдығына арнап көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі төл тарихымыз қамтылған қазақ, орыс тіл-дерінде бес томдық «Қазақстан тарихы» жарық көрді. Екінші тұлғалық басылым – «Мұхтар Əуезов» энциклопедиясы, «Қа-зақтын салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары» жəне бірнеше тілдегі «Қазақы дастарқан» атты этнографиялық альбом-кіта-бы, «Қазақстан гүлдері» кітабы да осынау айтулы мерекеге арналған «Атамұраның» тартуы деп санаймын.

«Атамұра» өз өнімдерін заман талабына сай сапалы əрі көркем безендіріп шығаруының нəтижесінде Республи-ка Президентінің «Құрмет» дипломымен жəне шетелдерде өткен кітап жəрмеңкелері мен көрмелерінде ондаған диплом-дар, мақтау қағаздарымен, халықаралық сертификаттарымен, сондай-ақ Парижде Алтын медальмен, Женевада Алтын жұл-дызбен, Мальтада «Хрусталь рыцарымен», өткен жылдың соңында Нью-Йоркте Платина сыйлығымен марапатталды.

Алдағы жоспарға келетін болсақ, жоспар көп. Оны кезінде көре жатарсыздар.

Корпорация жанынан газет-журналдар шығару ойы-ңызда жоқ па?

– Əзірше жоқ, кезінде болған.

Адамның қандай қасиеттерін бағалайсыз?

– Тұрақтылық, адалдық, өз ісіне жауап бере алатын, бастаған істі аяғына жеткізе білу қасиеттерін бағалаймын.

Қол астыңыздағы қызметкерлерге қаталсыз ба? Олар-ға қандай талап қоясыз?

– Өз ісіне жауапкершіліксіз қарайтын қызметкерлер болса, оларға өте қаталмын. Қызметкерлерге қоятын талабым – күшіңе көңілің толмаса, көтерме көптің салмағын деген сөзді əр адам түсіну керек деп санаймын.

Сіз кешірімшілсіз бе?

– «Жақсы адамның ашуы – шай орамал кепкенше, жа-ман адамның ашуы – басы жерге жеткенше» деген ғой дана халқымыз. Иə, мен кешірімшілмін.

Ал сынға қалай қарайсыз?

– Сын шын болса, келісемін.

Қолыңыз бос уақытта немен айналысасыз?

– Қолым бос уақытта қыран бүркітпен, құмай тазымен, жүй-рік атпен саятшылыққа шыққанды өте жақсы көремін. Сон-дай-ақ, тау шаңғысын жəне аптасына екі-үш рет фитнес клуб-тарға барып тұрамын.

Өзіңіз баспагер болғандықтан, кітапты көп оқитын сияқтысыз. Əдебиеттің қай жанрындағы шығармаларды жиі оқисыз?

– Əдебиеттің белгілі бір жанрын ғана жақсы көрем деп айта алмаймын. Мені проза да, поэзия да, мемуарлық шығармалар да қызықтырады. Қазіргі уақытта кіші Дж. Буштың өмірі тура-лы кітап оқып жатырмын. Отандық жазушылардан Бексұлтан Нұржекеұлы мен Дулат Исабеков ағамыздың шығармаларына қайта ден қойдым. Дулат ағамыздың біраз əңгімелерін «Ата-мұра кітапханасы» сериясымен шығарсам ба деген ойым бар. «Бекет», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Гауһар тас», т.б. шы-ғармаларын қазіргі жастардың да оқығанын қалар едім.

Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз?

– Бала кезімде агроном болуды армандадым.

Бақыт деген не? Оны қалай түсінесіз?

– «Бақыт деген – бақытты адамдармен өмір сүру» деген екен бір ғалым. Менің ойымша, бақыт деген – Отаныңа, еліңе, отбасыңа пайдаң тию.

Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз?

– Əйелім, үш балам бар.

Сіздер неше ағайынды боласыздар?

– Біз – он ағайынды едік. Қазір тоғызбыз.

Бала кезіңізде қандай болдыңыз?

– Бала кезімде елден ерекше болдым деп айта алмаймын. Ауылдың барлық балалары сияқты інім Мұратқали екеуіміз жабағыға жайдақ мініп, доп теуіп, асық ойнап өстік.

Сіздің осындай дəрежеге жетуіңізге Мұхтар ағаңыз-дың ықпал-əсері болған шығар?

– Бірінші кезекте бір Алланың, екінші – ата-анамның ықпалы басымырақ болды ғой деп ойлаймын. Сіздің білетініңіз Мұхтар ағамыз ғана ғой. Басқа ағаларым да бізге тəрбие беруде үлгі-өнеге бола білді. Бейіште нұры шалқысын, марқұм үлкен ағамыз Ихсан да інілерінің тəрбиесін өз қолынан шы-ғармайтын. Күнделігімізді қарап, ішінде көңілі толмайтын баға болса, жазалайтын, көңілі толса, мақтап-марапаттайтын да өзі болатын. Өзі спортқа өте бейім болғандықтан, бізден ер жігітке тəн қайсарлықты, намысты талап ететін. Ал енді «Ағаға қарап іні өседі» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Əңгімеңізге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ», 2012 ж.

Ұқсас материалдар