ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімі (фото)

30.04.2015 6442
Бүгін, 29 сәуір күні Астанада Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.

Бүгін Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Инаугурация барысында кешегі Президенттік сайлауда айқын басымдықпен жеңіп шыққан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев салтанаты түрде ант береді.

Н. Назарбаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында Ант бере отырып: "Сіздердің сенімдеріңіз маған үнемі қанат бітіріп, күш беретін. Сондықтан, қазір бар жауапкершілікпен алдағы уақытта да халқыма бұрынғыдай адал қызмет етіп, елім мен ұлттық мүддемізді қорғаймын деп сөз беремін," - деп атап өтті.

«Қазақстандықтар осы бірлігімен небір қиын жолдардан өтті. Тәуелсіздік алып, мемлекет құрдық, әлемге жаңа Қазақстанды таныттық, өзімізді ұлы ұлт ретінде таныттық. Сіздердің сенімдеріңіз маған үнемі қанат бітіріп, күш беретін. Сондықтан, қазір бар жауапкершілікпен алдағы уақытта халқыма бұрынғыдай адал қызмет етіп, елім мен ұлттық мүддемізді қорғаймын деп сөз беремін. 2015 жылдың 26 сәуіріндегі сайлау – Қазақстан халқы болашаққа үлкен сеніммен қарайтынын дәлелдеді. Біздің Отанымыз бір, біз бір отбасымыз. Әрбір қазақстандықтың тағдыры – Отанымыздың тағдыры», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгінгі мерейлі сәтте маған берілген сенім мандаты, мемлекетімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы. Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан-2050»  стратегиясына, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен 5 халықтық реформаға елімнің білдірген қолдауы. Өмірін халқының бақытты жолына арнаған жанға бұдан зор құрмет болмас. Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ. Сол сенімді  ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында қандай тәуекелге де бармын.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 26 сәуірінде елімізде ҚР Президентінің салауы өтті. Саяси науқан тарихта дауыс берушілердің рекордтық көрсеткішімен есте қалмақ. Бұл күні сайлау учаскелеріне барлығы 9 090 920 сайлаушы (95,21%) келіп, өз таңдауларын жасаған болатын.

Сайлаушылар дауысы жалпы республика бойынша төмендегідей бөлінді:

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа сайлаушылардың 57718 дауысы берілді, бұл 0,64 %-ды құрады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа - 8833250 немесе 97,75 %.

Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовқа - 145756 немесе 1,61 %. 

Ұқсас материалдар