Қандастар Ассамблея

ҚР Конституциясының 72-бабына түсіндірме

25.09.2015 9462
ҚР Конституциясы, 72-бап

ҚР Конституциясы, 72-бап

1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:

1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және Республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;

2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды;

2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

3) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың

Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;

4) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;

5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар бередi.

2.  Конституциялық  Кеңес  соттардың  өтiнiштерiн  Конституцияның 78-бабында белгiленген реттерде қарайды.

1. Конституцияда және Конституциялық Кеңес туралы Конституциялық заңда Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруге құқығы бар субъектілердің шеңбері, сондай-ақ оның юрисдикциясының саласы айқындалған. Конституцияның 72-бабының 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша Президент, Сенат Төрағасы, Мәжiлiс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгi (қазіргі уақытта өтінішке 31 депутат қол қоюы тиіс), Республика Премьер-Министрі Конституциялық Кеңеске өтініш білдіру субъектілері болып табылады. Конституциялық Кеңеске соттар Конституцияның 78-бабында белгiленген реттерде жүгінуге құқылы.

Конституциялық Кеңес қызметінің ең кереметі оған Конституцияның кепілі – Республика Президенті және мемлекеттік биліктің барлық салаларының өкілдері: Парламент палаталары төрағалары мен депутаттары атынан – заң шығару билігі, Премьер-Министрдің атынан – атқарушы билік, сот билігі Республика соттары өтініш жасай алады.

Конституциялық Кеңес туралы Конституциялық заңда Конституциялық Кеңеске өтiнiш берудiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілген. Өтiнiш жазбаша түрде берiледi және оларда Конституциялық Кеңестiң атауы, өтiнiш жасаушының атауы, тұрғылықты жерi, мекен-жайы және ол туралы өзге де қажеттi деректер, қол қойған немесе оларды шығарған мемлекеттiк органдардың, лауазымды адамдардың атауы, тұрғылықты жерi және мекен-жайы, өтiнiштiң мәнi, өтiнiш жасауға негiз болатын және оның негiздiлiгiн растайтын өзге де деректер, мәнжайлар мен айғақтар, Конституция мен Конституциялық заңның Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасау құқығын беретiн нормалары және т.б. көрсетілуі тиіс (Конституциялық заңның 22-бабы).

 Кеңеске өтініш білдіру субъектілері өз өкілеттігі шегінде Конституциялық заңда айқындалған iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады. Олар iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардың қысқаша үзiндiлерi мен көшiрмелерiн алуға, дәлелдер келтiруге, оларды зерттеуге қатысуға және өтiнiштерi мен қарсылықтарының негiзi ретiнде өздерi сiлтеме жасап отырған мән-жайларды дәлелдеуге, конституциялық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өздерiнiң дәйектерi мен ойларын Конституциялық Кеңеске айтуға, өтiнiштерiн мәлiмдеуге және мәлiмденген өтiнiштер бойынша өз пiкiрiн айтуға, Конституциялық Кеңеске ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге хақылы (Конституциялық заңның 21-бабы).

Бірқатар заңға тәуелді актілерде Конституциялық Кеңеске өтінішті дайындау мен жолдаудың тәртібі бекітілген1.

1.1). Конституциялық Кеңес Республика Президентi сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының, Республикалық референдумның дұрыс өткiзiлгендігi туралы мәселенi шешедi.

Қазақстан халқының Республикалық референдум және еркін сайлау арқылы өз билігін жүзеге асыруы кезінде конституциялылықты қамтамасыз етудің негізгі тетігінің бірі Конституциялық Кеңестің Республика Президентi сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының, Республикалық референдумның дұрыс өткiзiлгендігi туралы мәселенi қарауы болып табылады. Республика Президентi сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының, Республикалық референдумның дұрыс өткiзiлгендігi туралы мәселенi қарау рәсімі және өтініш нысанына қойылатын талаптар Конституциялық Кеңес туралы, Сайлау туралы және Республикалық референдум туралы конституциялық заңдарда бекітілген.

Конституциялық заңның 22-бабының 4 тармақшасында сайлаумен және референдуммен байланысты мәселелер жөніндегі өтініштер сәйкес келуі тиіс жалпыдан басқа арнайы талаптар бекітілген: егер өтiнiште оларды өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселе қойылған ретте, Президент, Парламент депутаттары сайлауын және Республикалық референдум өткiзуге байланысты актiлерге қол қойған не- месе оларды шығарған мемлекеттiк органдардың, лауазымды адамдардың атауы, тұрғылықты жерi және мекен-жайы. Конституциялық Кеңестің мұндай өтініштерді қарау нәтижесінде қабылдаған қорытынды шешімінің мазмұнында Президент сайлауын, Парламент депутаттары сайлауын немесе Республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы тексерiлген учаскелер, округтер, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер көрсетілуі тиіс (Конституциялық Кеңестің 37-бабының 9-тармақшасы).

1.2) Конституциялық Кеңестің негізгі функцияларының бірі Парламент қа- былдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін, Республика Конституциясына сәйкестігін қарау болып табылады.

Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін Консти- туцияға сәйкестігін қараудың өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, мұндай бақылау күшіне енбеген және қолданысқа енбеген заңдардың контитуциялылығын анықтайды, яғни адамның және азаматтың ықтимал заңсыз салдарлардан конституциялық заңдылығын, конституциялық құқықтары мен бостандықтарын алдын ала қорғайды. Екіншіден, заңдарды алдын ала бақылау Парламенттің заңдарды Республика Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы №552 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені, 1996 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Регламентін және 1996 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республи- касының Парламенті Мәжілісінің Регламентін қараңыз дау барысында туындайтын заңнамалық процесс субъектілерінің арасындағы даулы оқиғаларды шешудің нақты өзегі болып табылады. Республика Президентін елдің Негізгі Заңына қайшы келетін заңдарға қол қоюдан сақтандыруда да маңызы зор.

Конституцияға сәйкес әлі күшіне енбеген заңдарды даулау құқығы заң шығару бастамасы және заңдарды қабылдау үдерісі құқығының барлық субъектілеріне: Республика Президентіне, Парламент Палаталарының төрағалары мен депутаттарына, ПремьерМинистрге берілген.

Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарау кезінде Конституциялық Кеңес заңның нормативті мазмұнына ғана емес, заң шығару үдерісінің формальды жағына да назар аударады. Яғни, алдын ала бақылауды жүзеге асыра отырып, Конституциялық Кеңес Мәжілістің заң жобасын мақұлдау, оны Сенаттың қабылдау, Үкіметтің заң жобасы бойынша міндетті оң қорытындысының болуы тәртібіне және т.б. қатысты Конституция нормаларының сақталуын тексеруге құқылы. Осылайша, Парламент қабылдаған заңдардың конституциялылығын анықтаудың негізі Конституцияның материалдық та, іс жүргізу де нормалары болып табылады. Конституцияның 61-бабының 4-тармағына және Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 8 маусымдағы №8/2 қаулысына сәйкес Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннiң iшiнде Президенттiң қол қоюына берiледi. Президент оған берілген заңға бір айдың ішінде қол қояды (Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 19-бабының 2-тармағын қараңыз).

14 жыл ішінде Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдардың оларға  Президент  қол  қойғанға  дейін  Конституцияға  сәйкестігін  қарау  туралы 29 өтінішті қарады. Олардың ішінде 14 заң конституцияға сәйкес емес деп танылды. Конституциялық Кеңестің қаулылары ескеріле отырып, жекелеген заңдар қайта қабылданды. Мәселен, Конституциялық Кеңестің 1998 жылғы 27 наурыздағы № 1/2 қаулысымен Конституцияға сәйкес емес деп танылған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі, Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 3 тамыздағы № 17/2 қаулысымен Конституцияға сәйкес емес деп танылған «Қызмет- кер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30- ІІІ Заңы 17/2 қаулысы және тағы басқалары.

Конституциялық Кеңес конституциялық заңдар мен заңдарды (кодекстерді) Конституцияға сәйкестігі тұрғысында қарауға құқылы, өйткені Конституциялық Кеңестің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 15/2 қаулысына сәйкес Конституцияда қолданылған «заң» санаты туыстас ұғым ретінде мазмұнымен «конституциялық заң» деген ұғымды да қамтиды.

1.2-1) Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Парламент пен оның Палаталары қабылдаған қаулылардың Негізгі Заңға сәйкестігін қарау құқығын бере отырып, Конституциялық Кеңестің құзыретін кеңейтті. Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 қаулысына сәйкес Парламенттің, оның Палаталарының қаулылары Конституцияның 4-бабы 1-тармағында көрсетілген Парламенттің өзге нормативтік құқықтық актілеріне жатқызылған.

Конституциялық Кеңестің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 8 қаулысына сәйкес Конституцияның  62-бабы  1-тармағында  Парламенттiң  қаулылары,  оның  Палаталарының қаулылары «заң актiлерi» деп, Парламенттiң, Сенат пен Мәжiлiстiң Конституция баптарымен толық көзделген, заң шығару өкiлеттiгiмен қатар iске асырылатын, өздерiнiң құқық қолдану өкiлеттiгiн жүзеге асыру актiлерiнiң нысаны мағынасында аталған. Ең жоғары өкiлдi орган және оның Палаталары Конституцияның бұл нормаларын орындау мақсатында өз қарауына жататын нақты мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды, өзiнiң заңдық күшi жағынан олар заңдармен, мемлекеттiк билiктiң басқа институттары: Президенттiң, атқарушы органдардың, соттардың және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының актiлерiмен құқықтық бәсекелестiк қатынасына түспеуге тиiс. Парламенттiң, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары, әдетте, ұйымдық-құқықтық маңызы бар парламенттiк құқық қолдану актiлерi болғандықтан, мiндеттi сипатқа ие.

Парламенттің және оның Палаталарының қаулыларымен Республика Президентін сайлауды тағайындауды, Президенттің Премьер-Министрді тағайындауға келісім беруін, Мемлекет Басшысының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындауға пайдалану туралы ұсыныс қабылдауын, Үкіметтің бюджеттік жылға арналған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітуді, сондай-ақ бірқатар басқа да мәселелерді қоса алғанда, мәселелердің кең ауқымы реттеледі. Парламенттің және оның Палаталарының қаулыларымен Республика мемлекеттік органдарының бірқатар басшылары мен лауазымды адамдары тағайындалады. Конституция және конституциялық заңнама Парламенттің және оның Палаталарының қандай қаулыларын Конституциялық Кеңес Конституцияға сәйкес келу мәніне қарай алатынын нақтыламайды және Парламенттің және оның Палаталарының мұндай актілерін тексеру бойынша конституциялық іс жүргізудің қандай да бір айырмашылығын немесе ерекшелігін белгілемейді.

1.3) Халықаралық шарттардың оларды Парламент ратификациялағанға дейін

Конституцияға сәйкестігін тексеру халықаралық шарттар Конституцияның 4-бабы 3-тармағында көрсетілген қасиеттерге ие болғанға дейін жүзеге асырылатын алдын ала бақылау болып табылады. Конституцияның 4-бабының 3-тармағына сәйкес Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы бола- ды және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады. Осылайша, Конституция Республиканың  халықаралық  шарттарын  бақылаудың  ратификациялағанға  дейінгі  ныса- нын бекіте отырып, Конституцияға сәйкес келмейтін және мемлекеттің, қоғам мен азаматтардың конституциялық мүдделерін бұзатын халықаралық актілерді ратифика- циялау кезінде болуы мүмкін салдарларды болдырмау тетігін бекітеді. Сонымен қатар, Республиканың халықаралық шарттарын оларды ратификациялағанға дейін қарау Конституцияны қорғаудың тиімді нысаны болып табылады және оның Республиканың халықаралық құқықтық қатынастар саласындағы үстемдігін қамтамасыз етеді.

Конституциялық Кеңестің бірқатар қаулыларында Республиканың халық- аралық шарттары мен Негізгі Заңның арақатынасы туралы мәселелер қаралған. Онда халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкес келуі міндеті көрсетілген1 (Конституцияның 4-бабының 3-тармағына түсіндірмені қараңыз).

1   «Қызылорда облыстық сотының «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12- тармағьның екінші бөлігін, «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық корғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің 5 және 11-баптарын конституциялық емес деп тану жөніндеп ұсынымы туралы» Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 6/2 Қаулысы.

Халықаралық шарттар туралы Заңның 11-бабында тізбесі анықталған Рес- публиканың халықаралық шарттары ғана Конституцияға сәйкестігін қарау нысаны бола алады.

Конституциялық Кеңеске өтініш жасаған жағдайда халықаралық шарттарды ратификациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар ратификацияланбайды (Конституцияның 74- бабының 1-тармағына түсіндірмені қараңыз).

Парламент Мәжілісі Регламентінің 74-тармағында Конституциялық Кеңеске өтініш жасау тәртібі бекітілген, оған сәйкес Палаталар арасында халықаралық шарттарды ратификациялау немесе денонсациялау мәселелері бойынша қарама- қайшылық болған жағдайда екі Палатаның Төрағасы, сондай-ақ Парламент депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігін құрайтын депутаттар осы мәселені қараудың кез келген сатысында Конституциялық Кеңеске оның Республика Конституциясына сәйкестігіне қорытынды беру туралы өтініммен жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда тиісті құжаттардың барлық көшірмелері өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде шешім шығаратын Конституциялық Кеңеске беріледі.

1.4)  Негізгі  Заң  Конституциялық  Кеңеске  Конституцияның  нормалары- на ресми түсiндiрме беру құқығын береді. Конституцияның 72-бабы 1-тармағы

4)  тармақшасы  нормасының  мазмұны  Конституциялық  Кеңестің  2001  жылғы 13 желтоқсандағы № 19/2 Қаулысында ашып көрсетілген. Бұл Қаулыда Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру дегенiмiз, Конституциялық Кеңестің конституциялық нормалардың мазмұны мен мағынасын анықтауы және түсiндiруi деп көрсетілген. Ол, конституциялық нормалардың кейбiрiне дерексiздiк пен арнайы терминология тән болғандықтан, сондай-ақ Конституцияның жекелеген ережелерiн өтiнiш субъектiлерi анық қабылдай алмауына және оларды қолдану практикасында қайшылықтар туындауынан келiп шыққан. Конституцияның нормаларын ресми түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес тәуелсiз болады және тек Конституцияға ғана бағынады. Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме беру құқығынан, Конституциялық Кеңес шешімдерінің, Конституциялық Кеңестің түсiндiру нысаны болған нормалардың заңдық күшiне тең, заңдық күшi келiп шығады.  Конституциялық  құқықтың  нормалары,  Конституцияның  4-бабының 1-тармағымен Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың қайнар көзi болып танылған, Конституциялық Кеңестің тиiстi қаулыларының ережелерiмен бiрге қолданылады. Конституциялық норманың тоқтата тұрылуы, жойылуы немесе өзгертiлуi Конституцияның нормасын ресми түсiндiру жөнiндегi Конституциялық Кеңестің тиiстi қаулысының тоқтата тұрылуына, жойылуына немесе өзгертiлуiне әкеп соқтырады. Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру – бұл нормативтiк түсiндiру, оны Конституциялық Кеңес Конституция нормаларының мазмұнынан үзіндi алып, анықтаудың түрлi тәсiлдерi көмегiмен Конституция нормаларының сөзбен берiлген мағынасына сәйкес бередi. Түсiндiрудің көлемiн алдын ала белгiлеу мүмкiн емес, Конституциялық Кеңес Конституция нормаларын ресми түсiндiрудiң ғылыми заңдық әдiстерiн таңдауда тек Конституцияның өзiне ғана тәуелдi. Конституция нормаларының, оның жалпы ережелерiмен және принциптерiмен қисынды түрде байланыстылығы мен қабаттастығы назарға алынады. Конституциялық Кеңестің нормативтiк түсiндiрулерi, Конституция нормаларын тек өтiнiш субъектiлерiнің мәселелерi бойынша ғана түсiндiруге жағдай жасай отырып, бұл нормалардың мағыналық түсiндiрмесiн тiкелей конституциялық реттеу үшін толықтыра түседi. Бұл орайда Конституциялық Кеңестің, Конституцияның нормаларынан келiп шығатын, құқықтық позициясы Конституцияның өзiне сәйкес келедi. Кон- ституцияның мазмұнынан, онда жазылған нормалардан, жалпы ережелер мен принциптерден тiкелей келiп шықпайтын ұйғарымдарды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жасамайды. Конституцияның нормаларын түсiндiре отырып, Кеңес конституциялық реттеу нысанының шегiнен шығып кетпейдi.

Конституциялық Кеңес құрылған күннен бері оған келіп түскен өтініштердің 40%-дан астамын (80-ге жуық) Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру туралы өтініштер құрайды. Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру туралы қаулыларда Конституциялық Кеңес адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы және қорғалуы, Қазақстан Республикасының азаматтығы, Республика Президентінің мәртебесі мен өкілеттіктері, Парламенттің құзыреті, оның қызметін ұйымдастыру және депутаттарының мәртебесі, заң шығару үдерісі, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының өзара қарым-қатынасы, сайлау жүйесі, Үкіметтің, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті мен қызметі және басқа да мәселелерді қарады.

1.5) Конституциялық Кеңес туралы Конституциялық заңның 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент тиісінше Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату не болмаса қызметінен кетіру туралы шешім қабылдағанға дейін Конституцияның 47-бабының 1-2-тармақтарында белгіленген рәсімдердің сақталғаны туралы қорытынды береді.

Конституцияның 47-бабының 1-тармағына сай Президентті қызметінен мер- зімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады. Конституцияның 47-бабының 2-тармағында қызметтен кетіру бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады (Конституцияның 47-бабының 1, 2-тармақтарына түсіндірмені қараңыз).

Конституциялық Кеңес туралы Конституциялық заңның 39-бабының 6-тармағына сәйкес, Парламенттің тиісінше Республика Президентін мерзімінен бұрын лауазымынан босату немесе қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды бұл мәселелердiң қаралуын тоқтатылуына әкелiп соғады. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды бұл мәселелерді қарауды жалғастыруға жол бередi.

2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 78-бабында белгіленген жағдай- ларда соттардың өтініштерін қарайды (Конституцияның 78-бабына түсіндірмені қараңыз). Республика соттарының Конституциялық Кеңеске өтініш жасауы арқылы қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын қамтамасыз ету механизмі ең алдымен адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Соттар өздерінің іс жүргізуінде жатқан іс бойынша қолданылуға тиісті қолданыстағы  заңдардың  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілердің  (солардың ішінде, конституциялық заңдар мен заңдардың (кодекстердің), Республиканың халықаралық шарттарының, Президенттің нормативтік құқықтық актілерінің, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік қаулыларының нормаларын конституциялығы тұрғысында тексеру туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгіне алады.

Өткен жылдар ішінде Конституциялық Кеңес соттардың 60-тан астам өтінішін қарады. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының1, ҚР ҚК-тің 361- бабы бірінші және төртінші бөліктерінің, «Нотариат туралы» Казақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының және басқа да біреулерінің нормалары конституциялық емес деп танылып, осыған орай күші жойылды.

Соттардың ұсыныстарын қарау нәтижесі бойынша заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормалары Конституцияға сәйкес деп танылды. Сонымен бірге, Конституциялық Кеңес осы ұсыныстар бойынша қабылданған қаулыларда заңнаманы жетілдіру, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап көрсетті. Мәселен, өзінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1 Қаулысында Конституциялық Кеңес, ҚР ҚІЖК- тің 109-бабы бірінші бөлігінің конституциялығын тексеріп, тұлғаның қылмыстық іс қозғау туралы қаулыға сотқа шағым беруге мүмкіндік беретін норманың ҚІЖК- те болмауы Кодекстің бұл бабын конституциялық емес деп тануға негіз болмайды деп атап көрсетті. Сонымен бірге Конституциялық Кеңес, қылмыстық іс қозғау туралы қаулыға сотқа шағымдану құқығы заңнама жүзінде бекітілуі қажеттігін атап көрсетті. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-ІV Қазақстан Республикасының Заңымен ҚР ҚІЖК-тің 109- бабының бірінші бөлігіне өзгерістер енгізіліп, бұл өзгерістерге сай қылмыстық про- цеске қатысушыларға қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысына сотқа шағымдану құқығы берілді.

1. «Қостанай облысы, Қостанай қаласының №2 сотының өтініші бойынша «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26  шілдедегі  №310-ІІІ  Қазақстан  Республикасы  Заңының  9-бабы  3-тармағының  және  25-бабының 1-тармағы тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы» Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 4 нормативтік Қаулысы.

2. «Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы бірінші және төртінші бөліктерінің конституциялылығын тексеру ту- ралы» Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 Нормативтік қаулысы.

3. «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының  15-бабы  3-тармағының  конституциялылығын  тексеру  туралы»  Қазақстан  Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысы.

4. «Батыс Қазақстан облыстық сотының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 109-бабы бірінші бөлігінің конституциялылығын тексеру туралы» Конституция- лық Кеңестің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1 Қаулысы.


Қазақстан Республикасы Конституциясының ғылыми-практикалық түсіндірмесінен үзінді

 

 

Ұқсас материалдар