Қандастар Ассамблея

Әр елдің салты басқа... немесе әлем халықтарындағы ерекше салт-дәстүрлер

04.08.2014 13711
Әр елдің салты басқа... немесе әлем халықтарындағы ерекше салт-дәстүрлер

1. Африканың кейбір халықтары арасында күйеу жігіт басқа жігітпен күреске шығып, жеңсе, жеңілген жігіттің аталық жыныс мүшесін кесіп алу рәсімі болған. Ол мұны өзінің қалыңдығына сыйлаған. Ал қалыңдығы оны қасиетті сыйлық ретінде омырауына тағып жүреді екен.


2. Осы құрлықтың тағы бір аймағында семіз қалыңдықты нәзік әрі сұлу деп санаған. Сол себепті қызын күйеуге беретін кез келгенде, оны ауыл-аймақ, ру болып түрлі тағам беріп семіртеді екен. Кейде ондай қыздар өздігінен жүріп тұра алмайтындай болып семіретін көрінеді. Осындай салт солтүстік халықтарда да сақталған. Олар семіз қалыңдыққа жиырма түлкі терісін, ал арық қалыңдыққа түлкінің пұшпағын ғана беретін болған. Бұл халықтарда әйелді қызғану деген атымен болмаған. Сондықтан үй иесі құдайы қонағының қойнына әйелін салып берген.


3. Ежелгі Египеттегі Танит мәдениеті бойынша, бой жеткен қыздың алғаш етегін құдай ғана ашады деп есептеген. Сондықтан, әрбір ата-ана қызы бой жеткенде ғибадатханаға әкеліп түнететін болған. Сол түні құдай үкімімен келген «құдіреттің» күшімен қыз әйел болып шыққан. «Құдірет» дейтін ешнәрсе жоқ. Бай саудагерлер ғибадатхана қызметкерлеріне көп ақша беріп, қыздарға баратын болған.

4. Бахуту тайпасында ерлі-зайыптылар үйленген соң, бірінші түні күйеудің үйіне барады. Сол жерде жас қалыңдық қолына түскен нәрсемен күйеуін ұрады. Содан таңға жақын өз үйіне келіп, кешкісін тағы барып ұрып кетеді екен. Бұл рәсім бір апта жалғасу керек. Содан кейін барып, жас жұбайларға татуласып, бірге болуға рұқсат етіледі.


5. Қытайда ұл бала бір жасқа толғанда, оны қара айдаһардың бейнесі салынған сары төсемге жатқызып, басын балғамен соғады. Егер соққан кезде «дзен» деген дыбыс шықса, сәбиді дзен-буддаларының ғибадатханасына береді, «бэм» деген дыбыс шықса, кәдімгі қытайлық болып қала береді. Қытай тарихында бір рет қана «кон-фу» деген қызық дыбыс естіледі. Ол бала атақты данышпан Конфуций болған екен.  


6. Ауғанстан мен Пәкістан елдерінде ұлы болмаған отбасылардың қызын ұл сияқты тәрбиелейді екен. Ондай қыздарды «бача пош» деп атайды. Оларды ұл балаша киіндіріп, шаштарын алып, метепке береді. Олар бой жеткен соң, қайтадан қыз кейпіне келіп, тұрмыс құрады. Бірақ бұндай жандардан жақсы әйел шыға бермейді. Өйткені үй шаруасына олақ, ер мінезді болып өседі.


7. Жапондықтарда самурай деген ерекше каста бар. Адам анатомиясы оқытылатын әрбір оқу орнының жанында  «бонзайка» дейтін арнайы ғимарат болады. Онда харакири жасаумен күн көретін самурайлар тұрады. Харакири дегеніміз – өткір жіңішке қылыш арқылы солдан оңға қарай  құрсақ қуысын тіліп жіберу.  Тәжірибелі самурайлар күніне 2-3 харакири жасайды екен.  

Ұқсас материалдар