Қандастар Ассамблея

ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының 150-ден астам әскери қызметкері Астанадағы Жеңіс шеруді ашатын болады

04.03.2015 2287
ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының 150-ден астам әскери қызметкері (біреуі алдында, одан кейін үшеуі ту ұстаушы, одан кейін 150 қызметкер) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына орай Астана қаласында өтетін әскери шеруге қатысатын болады.

ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының 150-ден астам әскери қызметкері       (біреуі алдында, одан кейін үшеуі ту ұстаушы, одан кейін 150 қызметкер) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына орай Астана қаласында өтетін әскери шеруге қатысатын болады.

 «Әскери шеру – өте маңызды оқиға. Өйткені биыл біз Ұлы Жеңістің 70-жылдығын тойлағалы отырмыз. Көптеген қазақстандық отбасыларда біз мақтан тұтатын Ұлы Отан соғысының қатысушылары бар» – ҚР Қарулы Күштерінің Бас Штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев.

Күнделікті жаттығуларда саптық жарғы шыңдалады. Бұл дегеніміз – үйлесімді және ширақ адымдау, бірыңғай темп және ритм.  Әрбір қатысушыға ерекше жауапкершілік жүктелген. Себебі басқа емес, дәл солар шеруді ашатын болады.

Бұл уақытта жекелеген жаттығулар (Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде Қорғаныс Министрлігі әскери бөлімдерінде) да өтіп жатыр. Одан соң әскери шерудің барлық қатысушылары Астанаға келіп, ортақ жаттығуға кіріседі.

Атап өтерлік жайт, бұл шеру біздің елімізде өткізілген шерулердің ішіндегі ең үлкені болмақ. Мұнда әскери құрам мен әскери техника бірліктерін екі есе үлкен көлемде қолдану көзделіп отыр. ҚР Қарулы Күштерімен қатар Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскер мен қаруды көрсету жоспарлануда.   


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар