«Парасатты полицей» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

03.10.2016 2239
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов

«Парасатты полицей» республикалық байқауының

 жеңімпаздарын марапаттады.  

Павлодар қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Парасатты полицей» республикалық байқауы өткізілді. Оған облыстық департаменттер мен ІІМ-нің оқу орындарынан 20 команда қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша іс-шараның мақсаты тәртіп сақшыларын патриоттық рухта тәрбиелеуге, отанын сүюге, ана тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамытуға бағытталған. 

«Парасатты полицей» байқауына 100-ден астам түрлі ұлт өкілдері-полицейлер қатысты. Олар өнерлері, шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы шеберліктері, кәсіби терминдерді білу, өз ойларын мемлекеттік тілде әдеби әрі дұрыс жеткізе алу біліктіліктері бойынша сайысты, сондай-ақ өздерінің шығармашылық қабілеттерін де сынға салды.

«Парасатты полицей» байқауы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналды. Мақсат – ішкі істер органдары қызметкрелері арасында мемлекеттік тілді дамыту. Бүгінде қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын ғана көрсетіп қоймай, өнердегі шеберлік қырларынан танылды», - деп атап өтті өзінің сөзінде ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов.

Байқаудың қорытынддысы бойынша Ақмола облысының ІІД-нің «Көкше сақшылары» командасы үздік танылды. Екінші орынды Қарағанды облысының ІІД-нің «Алаш айбыны» және Солтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің «15-өңір» командасы бөлісті. Ал үшінші орынды Ақтөбе облысының «Серт береміз!», Жамбыл облысының «Тараз қырандары» және Оңтүстік Қазақстан облысының «Қақпан» командары иеленді.

 «Парасатты» полицей» байқауының барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне министрдің бірінші орынбасары арнайы дипломдар мен бағалы жүлделерді табыс етті. Іс-шараның соңында қонақтар мен қатысушылар үшін облыстық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.


Алмас САУДАНБАЙ

 

 

 

 

Ұқсас материалдар