Қандастар Ассамблея

Осетин халқының дастархан басында ұстанатын 10 басты этикеті

30.07.2014 14195
Осетин халқының дастархан басында ұстанатын 10 басты этикеті

Әрбір жүрген ортада өзіңді жақсы жағынан көрсету тек қана әдептіліктің, сыпайылықтың, бір сөзбен айтқанда, тәрбиеліктің белгісі ғана болып саналмайды. Адам өзінің бойындағы жағымды қылықтарын жан-жағына паш ету арқылы өзінің ғана емес, ұлтының да ерекшеліктерін білдіре түсетіні сөзсіз.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қазақ халқының басты этикеті десек қателеспейміз. Сол сияқты қонағын құдайындай сыйлау және тағы да басқа көптеген құрметтеу әрекеттері көп кездеседі. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – дастархан басында әдепсіз қылықтарды көрсетпеу. Дастархан басында келеңсіз болып саналатын кез келген қылықтар қазақ халқында ғана емес, ортамызда жүрген, яғни Қазақстанда тұратын осетин халқының дастарханында да өрескел болып саналады екен. Қазақ халқына ақ дастархан басындағы сыйластық қаншалықты қымбат болса, осетин халқы үшін де соншалықты жоғары. Осыдан өте келе осетиндер дастархан басында ұстанатын он басты этикетті қатаң сақтайды:

1. Дастархан – қасиетті орын. Дастархан басында ұрыс-керіске жол беруге болмайды. Отырғандар бір-бірімен келіспей, дауласуға да болмайды. Және де үстел басында ит, есек сияқты өзге де лас жануарларды атауға тыйым салынады. Оларда бір үстелдің басында атасы мен немересі, әкесі мен ұлы, ағасы мен жиені, енесі мен күйеу баласы, бірге туған бауырлар (егер де олардың арасында, яғни жастарында айтарлықтай айырмашылық болып жатса) қатар отырмайды. Бұл салт-дәстүр бұзылып жатса, кішілер жасына қарай немесе жағдайға байланысты үлкендерге сыйластығы бұзылды деп есептелінеді.

2. Мереке кезінде үйге басқа қонақтар келіп жатса, үй иесі (жасы үлкен ер адам) өзінің жасына қарамастан үлкеннің орнына отыруға құқылы. Егер үйде үлкен мерекелік той немесе  үйлену тойы болып жатса, үй иесі мүлдем дастархан басында отырмайды. Ол үйге келген қонақтарды дәрежесінен де жоғары күтуін қадағалау үстінде болады. Мерекеде орын алып жатқан олқылықтарды жауып, өзінің ескертулері мен ұсыныстарын айтып жүреді.

3. Мас болғанша дейін ішімдікті ішуге тыйым салынады. Қабылданған дәстүрлер мен қалыптарды ескере отырып, кез келген қонақ өзін шектеп, уақытында тоқтай алу қажет. Осетин халқының дәстүрін қолдау мақсатында деп ішімдікке азды-көпті ұрынғандар – алдыңғы қатарлы салт-дәстүрді бұзғандар болып саналады. Ішімдікті қолданбайтын осетин ешқашан кінәлі болған емес, ал ішкілікке берілгендер әрқашан ұяттың көлеңкесінде қалып жүреді.

4. Дастархан басында шылым шегу айналасындағыларға сыйластығының кері әсерін тигізеді. Мұндай әдет осетиндерге ғана емес, басқа да мұсылман халқына жат. Егер де шылымның қажеттілігі орын алып жатса, осетиндерде әрқашан үш тілектен соң үлкендерден сұранып, далаға шығып қайтуға рұқсат беріледі. Сол кезде ғана шылымның шектеусіз қажеттілігін өтеуге болады.

5. Дастархан басында, айналасында бос жүру үлкендерді және үстел басындағылардың барлығын сыйламау, құрметтемеу деп саналады. Сонымен қатар дастарханнан үлкендердің рұқсатынсыз тұрып кетуге болмайды. Бұл – этикеттің бұзылуы.

6. Егер де қонақ шақырылған уақытынан кешігіп келсе, осетиндік отырыстың дәстүрі бойынша жасына қарамастан ол үстелдің соңына қарай, яғни шетіне отыруы тиіс. Бұл бір жағынан әдептілік болып есептелінеді. Егер де қонақ шалғай жерден келіп жатса, ол үлкендерге жақындап, амандасып және осы сияқты мерекелік тойларда жиірек бас қосу тілегін айтып өтеді. Үлкендер оған «кездесу» бокалын ұсынады. Өзінің қысқа да нұсқа тілегін айтып болған қонақ, берілген бокалын тауысып, оған ұсынылған орынның кез келгеніне отыруға құқылы.

7. Осетиндік арнайы отырысқа әдептілікке жат киімдер киюге тыйым салынады (қысқа киімдер, спорттық киімдер және т.б.). Киімнен басқа ортада өзін-өзі ұстау этикеті өте жоғары сақталынуы тиіс. Мысалы: біреуге ұрысып, намысына тию, ауыр сөздер айту, үлкендермен салғыласу, ерлердің дастарханда отырып балаларды алдына немесе жанына отырғызу және тағы да басқа әрекеттер болмауы тиіс.

8. Егер де үлкендер кезекті тілегін айту үшін орындарынан тұрса, қалғандары да міндетті түрде орындарынан тұруы шарт. Тек қана кішілердің біреуі ғана отыра береді (үстелдің «күзетшісі» іспеттес). Ал үлкендердің біреуі тілегін айтып, бокалын тауысып, орнына отырса, «үстелдің күзетшісі» жылдам орнынан тұруы қажет. Осындай этикет тек осетиндерде ғана кездеседі деп айтсақ қателеспейміз.

9. Остетиндықтардың ұлттық мейрамдары кезінде дастарханға тауық пен балық еті қойылмайды. Өздерінің ұлттық мейрамдарында осетиндықтар бұл тағамдарды қолданбайды. Еттен жасалған барлық тағамдар тек қана сиыр мен қой еттерінен жасалуы тиіс. Осындай мерекелерде осетин халқының дастархандарында шошқа етінен және одан жасалған тағамдар мүлдем қойылмайды.

10. Осетин халқының отырысы әрқашан ойын-күлкімен, өлең-жырмен, әзіл-оспақпен өтеді. Бұған, көбіне, жастар қолдау көрсетіп жатады. Бірақ та оларға, дәстүр бойынша, әнді өздеріне шырқап бастай беруге болмайды. Бірінші үлкендер бастап, содан соң қалғандары қосылуы тиіс. Кей кезде үлкендер бірінші құқығынан бас тартып, жастарға орын беріп жатады. Олардың ән шырқап, кез келген аспаптың бір түрінде ойнауын сұрайды да.

Бір кездері қазақ жеріне қоныс тепкен осетин халқының кейбір этикеттері өзіміздің халқымыздың әдептеріне ұқсас болып жатыр. Не дегенмен де мұсылман халық қой. Қазірде осетиндерр біздің арамызда да өмір сүріп жатыр. Олар қанша дегенмен де өздерінің салт-дәстүрлерін берік ұстайды. Этикеттерімен ерекшелене түседі.

 

Зейнегүл Жұмабекова

Ұқсас материалдар