Қандастар Ассамблея

ҰОС ардагері Бисен Жұмағалиев: халықтар достығы бізге жеңуге көмектесті

10.03.2015 4010
Орал қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бисен Жұмағалиевтің айтуынша, соғыс кезінде жауды жеңуге халықтар достығы көмектесті.

Орал қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бисен Жұмағалиевтің айтуынша, соғыс кезінде жауды жеңуге халықтар достығы көмектесті.

Бисен Жұмағалиұлы Жұмағалиев 1922 жылы 22 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Сайқұдық ауылында дүниеге келген. Фурманов педагогикалық училищесін бітірген соң бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады. 1942 жылы ол әскерге шақырылады да, Ленинград майданының 13-дивизиясына снайпер болып түседі.  

«Біз Ленинградтан 20 шақырымдағы Пулков биіктігін қорғадық. Қала қоршауға алынды. Біздің окоптар немістерден 300 метр жерде еді. Жорғалап жүруге тура келді. Екі ай бойы бізге күнделікті 300 грамм наннан беріп отырды. Аштықтан жауынгерлер көз жұмып жатты» - деп еске алады майдангер.

Тағдырдың жазуымен Бисен-аға әскери корреспондент атанады. Майдандағылар қазақ жауынгерлерінің рухын көтеру үшін «Отанды Қорғауда» деп аталатын газетті шығаруды жөн көрді. Корреспонденттің негізгі міндеті отандастарды майдандағы қазақ жауынгерлерінің ерліктерімен таныстыру болды. Дәл осы газет оқырмандарды жау дзотын көкірегімен жауып қалып Кеңес Одағының Батыры атанған Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігімен таныстырды.

«Халықтар достығы берік болатын. Орыс, қазақ, украин, белорус, грузин және армян сарбаздары жаумен бір қатарда тұрып күресті. Қазақстан Ленинград қоршауы кезінде баға жетпес көмек көрсетті. Республика қоршалған қалаға азық-түлік өнімін жеткізіп тұрды. Украина, Белоруссия және Ресейдің оңтүстігін немістер жаулап алған болатын» - деп атап өтті Бисен Жұмағалиев.

Соғыстан кейін Бисен Жұмағалиев өз жұмысын журналистикада жалғастырды, содан соң партия жұмысына ауысты. Михаил Шолоховқа Нобель сыйлығымен марапатталғанын бірінші болып жеткізген де дәл осы Бисен-аға болатын. Ол Орал маңының ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы. 


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар