Қандастар Ассамблея

Онлайн сатылым ұйымдастыру

11.08.2014 3239
Көптеген жаңа компаниялар интернет-дүкендер ашып жатыр, бірақ барлығы сәтті бола бермейді.

Көптеген жаңа компаниялар интернет-дүкендер ашып жатыр, бірақ барлығы сәтті бола бермейді. Сайттың танымалдығын арттыру қиын жұмыс. Сол себепті интернет кеңістіктегі дүкенді дамыту қиынға соғып жатады. Бүгін онлайн сатылымды ұйымдастырудың тәсілдерін қарастыратын боламыз.

 

№ 1. Таныстар, достар мен туыстарды тартыңыз

Компания туралы көбірек адам білген сайын жақсы. Ең жақсы тәсіл – өнімдер немесе қызметтер туралы таныстарға айту. Кем деген де ұят болмасын деп қарап шығады. Мүмкін соны әсерінен тауарға қызығушылық туатын шығар. Ал таныстардың да таныстары бар. Осындай қиын емес тәсіл арқылы алғашқы сатып алушыларды тартуға болады.

№ 2. Google AdWords, «ВКонтакте» пен Facebook-те жарнама беріңіз

Google арқылы контекстілік жарнаманы сатып алу жақсы көрсеткіш бере алады. Себебі сіз онда белгілі бір уақытқа емес, нәтижеге ақша төлейсіз. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы да жарнама өте тиімді. Бұл аудиторияға жақын болуды қамтамасыз етеді.

№ 3. Сыйлықтар беріңіз

Бұл тәсілді көптеген интернет-дүкендер пайдалануда. Осы тәсіл өзінің тиімділігін көрсетті. Ол жарнамалық кампания аясында болуы мүмкін. Мысалы, тауарларды ұсынған кезде белгілі бір жеңілдіктер онлайн-сатылым көлемін арттырады.

№ 4. Қызықты инфографика

ХХІ ғасырда ақпаратты қабылдау өзгерді. Бұрыңғыдай тек мәтінді оқып отыра бермейді. Оның орнына әдемі әрленген ақпаратты тезірек пайдаланады. Оқудан көрі қарағанды ұнатады. Инфографика ақпаратты көрнекті етеді.

№ 5. Онлайн-аукциондар

Сауда алаңдары болып тек сіздің онлайн-дүкен ғана емес, ірі аукциондар бола алады. Мысалы, eBay секілді. Сондай ірі алаңдарды пайдаланып, сатылым көлемін арттыруға болады.

№ 6. Сұхбат беру

Егер де белгілі бір сала бойынша ұзақ уақыт қызмет еткен болсаңыз, ол жайында көбірек хабардар боларсыз. Адамдарды қызықтыранын ақпаратты сұхбат ретінде беріп отыруға болады. Ол тек интернеттегі басылымдар емес, басқа да арнайы басылымдар болуы мүмкін.

№ 7. Блогты пайдалану

Саладағы қызықты ақпаратты тарату және тұтынушыларды тартудың тиімді алаңы. Корпоративті блог жасап, сонда қызықты мәліметтерді жариялап отырыңыз. Мында өзіңіздін интернет-дүкеніңіз туралы көбірек ақпарат бере аласыз. Жарнамалық рөлді қосы атқарады.

№ 8. Әлеуметтік желілер

Интернет-дүкендерге әлеуметтік желілерді пайдаланбауға болмайды. Адамдардың шоғырланған жері осы, сол себепті тікелей тұтынушылармен әрекеттесетін алаң. 

Ұқсас материалдар