Қандастар Ассамблея

Қоғамдық қатынас ұғымының мәні мен маңызы

08.12.2015 35340
Қоғамдық қатынас ұғымының мәні мен маңызы

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір қоғам немесе қоғамның қалыптасу қатынастарының барлық түрлерінің жиынтығы. Қоғамдық қатынастар саяси, экономикалық қатынастармен бір реттік болмай, олармен тек пен түр ретінде қатынасады. Осындай қатынастардың жалпы жүйесінде өзіне белгіленген рөлін ойнайды. Қатынастар  жүйесінде  қоғамдық  экономикалық  қатынастар,  басқа қоғамдық қатынастардың сипаты мен мазмұнына қарай басым рөл атқарады. Экономикалық  қатынастармен  қатар  әлеуметтік,  идеологиялық, саяси қатынастар да бар. Қоғам – жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардың бірі болып табылатынына қарамастан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және  саяси  институттары  мен  анық  шекаралары  бар  әйгілі  ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен кикілжіңдер туғызып отыр.

Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам – өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолымен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет. «Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік  қоғам, француз  қоғамы, демократиялық  қоғам  т.б.  Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл – әлемнің барлық халықтарының  жиынтығы  жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т.б.). Демек, қоғам – ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;

2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі – қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) – адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар.

Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективтік, адамдардың санасы мен еркін байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістін қажетті жағы.  Жеке  адам  материалдық  игіліктерді  өндіре  алмайды.  Өндіру  үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндірісі орын алады. Идеологиялық қатынастар   адамның санасына байланысты болады. Оның ең  маңыздылары  саяси,  құқықтық,  моральдік,  ұлттық,  діни  т.б.  қатынастар. Қоғамдық  қатынастардың  барлық  жиынтығы  –  өзара  заңды  байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың  өзара  байланысын  сипаттайтын  заңдылықтарды ашу  – ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар  арасындағы  қатынастар  ретінде  және  сол  ұжым  ішіндегі  қатынастар ретінде өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.

Қоғамдық қатынас антогонистік және антогонистік емес болып екіге бөлінеді. Антогонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антогонистік емес   қоғамдық   қатынастар   қанаушылық   жоқ   қоғамда   болады.   Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ комунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.

Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп,  басқарылып  жатады.  Қоғамның  мүдде-мақсаттары,  саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құықтық нормалар арқылы  реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым- қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективті үдеріс, қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып   жатады.   Бұл   процес   әр   түрлі   жолмен   дамиды,   адамдардың бостандығының, іс-әрекеттің шеңбері кеңейеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты.   Бірақ   бұл   қарқынды   даму   процесі   адамды   қоршаған   ортаның экологиясын  нашарлатты,  табиғи  ресурстарды,  байлықтарды  азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдік, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыстар – қатынастар моральдық,   әдет-ғұрып,  діни,   құқықтық  нормалармен  реттеледі.  Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады. Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

Жаһандану,   ғаламдану,   әлемдік   ауқымдану,   глобализация   (ағылшын тілінен  аударғанда  Global  –  әлемдік,  дүниежүзілік,  жалпы)  –  жаңа  жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.

Терминді  ғылыми  айналымға  алғаш  рет  (1983  жылы)  америкалық экономист   Теодор  Левитт   енгізді.  Жаһанданудың  жаңа  сатысының  түрлі қырларын ХХ ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға «интеллектуалдық     индустриялар     экономикасы»,     «ақпараттық     қоғам», «техникалық революция», «ақпараттық жарылыс», «ғаламдық ауыл» секілді ұғымдарды енгізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаһандық инфрақұрылымды құру идеясы алғаш рет ХХ ғасырдың 40-50- жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте  (ХҚК),  «Рэнд»  корпорациясында,  Стратегиялық  және  халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалған болатын. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпы адамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта,   түпкі   ресурстар   (энергия,   су,   азық-түлік),   демография,   көші-қон толқындары,   есірткі   тасымалы,   халықаралық   терроршылдық    мәселелері жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес.

Ақпараттық төңкеріс бұл мәселелердің жаһандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі - жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтуге атсалысады.

Жаһандану әлеуметтік көрініс ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды.  Негізінен,  оны  ұлттық  және  әлемдік  шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған  ортамен  қарым-қатынасының күрделенуі  де  жаһандануға  елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1)  «Менталдық»  немесе  мәдени  жаһандану  –  дәстүрлердің,  діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың «ұқсастануының» кешендік үрдісі.

Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаһандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм,    конфуцийшілдік)    бөлінеді.    Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі «менталдық» жаһанданудың бір   көрінісі   болып   табылады. Соның   ішінде   америкалық   мәдени   дәстүр «планетарлық» деп аталып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары – жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

2)  Экономикалық  жаһандану екі  үрдістің  жиынтығын  –  нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының – компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта экономикалық жаһанданудың нақты сипаттары бар:

а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

ә) жаhандық қаржы, валюта және қор нарықтарының қызмет етуі;

б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

г)     барлық     ұлттық     және     халықаралық    қаржылық,     валюталық

трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3) Аумақтық жаһандану – мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар жаһанданудың

барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте жаһандану нәтижесінде болашақта  ұлттық  мемлекеттерге  немесе  басқа  да  аумақтық  құрылымдарға

бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу  үрдісін  бүкіләлемдік  жаһанданудың зиянды  әсерінен  қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;

4) Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану – қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютерлендірілуі жатады.

Сонымен    қатар,    келешекте     екі    бағыттағы    ғарыштық    жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру;   өмір   сүру   үрдістерінің   мейлінше   үлкен   бөлігін   компьютерлендіру мен роботтау жүреді;

5) Этникалық жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады – планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.

Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу.

Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін – өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және  аймақтық  нарықтардың  әлемдік  нарықтан  кез  келген  оқшаулануы  ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады.

Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты  қазіргі  күнде триллион доллармен өлшенетін,  тауардың  өзіндік құнын  10-12%-ке  түсіретін  және сонымен  бүкіл  циклдық дамуды  өзгертетін электрондық  сауданың елеулі  өсуі  байқалады. Дегенмен  де,  жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің  (жалпы ішкі  өнімнің)  86%-не,  ал  аса  кедейлері  1%-ке  ие  болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің  бәсекелестік  артықшылығын  пайдаланатын  «Вашингтондық консенсус» адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.

Қорыта айтсақ, аталмыш тарауда қазіргі заманғы қоғамдық қатынастардағы лоббизм мен оның жаһандану жағдайындағы ақпараттық кеңістікке жасалынып жатқан  ықпалы  жайлы кеңінен  тоқталып  өтуді  жөн  санадық.  Сондай-ақ, «Қоғамдық қатынас», «жаһандану» ұғымдарының мәні мен маңызы туралы баяндадық.


Ақбөпе ӘБДРАСУЛ

Ұқсас материалдар