Қандастар Ассамблея

Назерке Сәрсенбек – ақпан айының жеңімпазы!

03.03.2015 6868
Назарларыңызға ақпан айының жеңімпазы атанған Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Назерке Сәрсенбекпен сұхбатымызды ұсынамыз!

Конституцияның 20 жылдығына арнап басталған тесттің ақпан айы бойынша қорытындыларын жариялаймыз!

Тест сұрақтарына сайтқа тіркелген 500-ден астам адам және сансыз көп өзге қолданушылар жауап берді.

Тестілеу жаңа технологияларды қолданумен жасалды. Жеңімпаздарды анықтау әділ өту үшін таймер енгізіліп, көшірілмейтін етіп шара қолдандық. Бұл тест ай сайын ұйымдастырылып, жыл соңында әр айдың жеңімпаздарының арасында финал ойнатылады. Топ жарғандарға, уәде бергеніміздей, сыйлықтар табыстаймыз. Сондай-ақ, үздік шыққандармен сұхбат ұйымдастырып, ай сайын жариялап отырамыз. Ақпан айында ең үздік нәтиже көрсеткен Наслизат есімді оқырманымыз байқау шарты бойынша үш күн ішінде жауап бермегендіктен, тізімде келесі тұрған қатысушымен хабарластық. Назарларыңызға ақпан айының жеңімпазы атанған Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Назерке Сәрсенбекпен сұхбатымызды ұсынамыз!

 - Назерке, өзіңіз туралы айтып кетсеңіз?

 - Мен болашақ мамандығымды биологиямен байланыстырдым. Себебі маған бұл ғылым саласы өте қатты ұнайды. Негізі табиғат құбылыстары мен заңдыдықтарын оқыған өте қызықты. Мен болашақта осы ғылымды әрі қарай зерттеп, зерделеп Казақстанның дамуына өзімнің үлесімді қосқым келеді.

-  Конституция сіз үшін өміріңізде қандай орын алады?

-  Ата-бабамыз сонау ерте заманнан бері ата заңын қадірлеп, қастерлеп, оны бұзуға жол бермеген. Мен үшін  де Қазақстанның ата заңы - Конституциясының алар орны бөлек. Менің ойымша әр азамат өз елінің Конституциясын білуі керек. Себебі ол арқылы әр азамат өз құқығы мен мумкіндіктерін колданады жане де ең алдымен ел ішіндегі тәртіп пен тұрақтылықты сақтайды. Осы себептен Конституция менің өмірімде маңызды роль атқарады.

- Сіздің ойыңызша Конституция халық үшін қаншалықты маңызды?

- Жоғарыда айтып кеткенімдей, халық үшін Конституцияның маңыздылығы өте жоғары. Егер де ҚР азаматының құқықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдаланғысы келсе, конституцияны міндетті түрде білуі керек.

- Тест сұрақтарының барлығына дұрыс жауап бердіңіз, болашақта заңгер болуды жоспарлап отырған жоқсыз ба? Қандай мамандық иесі болғыңыз келеді?

- Мен биология саласында жұмыс жасағым келеді. Алайда келешекте заңгердің мамандығын да қосымша оқығым келеді. 

 Еl.kz сайты маған қорытынды аттестациялауга дайындалуға үлкен септігін тигізді, сіздерге рахмет!

P.S: Байқау шартына сай Назеркеге жеңісін растайтын сертификат, кітап және El.kz логотипі бар кружка сыйланады.

 


Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Ұқсас материалдар