Назарбаев Зияткерлік мектебі халықаралық аккредитациядан өтті

21.11.2016 2592
Бұл аккредитация мектеп оқушыларына халықаралық аттестат алуға және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезінде бірқатар жеңілдіктер береді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің аккредитациясын Council of International Schools (Халықаралық мектептер кеңесі) атты халықаралық аккредитациялық ұйымы атқарды. Бұл аккредитация мектеп оқушыларына халықаралық аттестат алуға және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезінде бірқатар жеңілдіктер береді.  

 

2014 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептері білім сапасының жоғары деңгейін дәлелдейтін халықаралық аккредитацияны алу үшін белсенді жұмыс атқаруды бастаған еді. 

 

«Council of International Schools» халықаралық аккредитациясын алу үшін қандай талаптарға сай келуі тиіс?

 

  1. Әр мектептің өз миссиясының болуы — негіз критерилердің бірі.
  2. Мектепті басқару құрлымы және мектеп әкімшілігінің қойылған мақсаттарға жетудегі қолдауы, білікті педагогикалық және қосалқы қызметкерлердің бар болуы аккредитация кезінде есепке алынады.
  3. Тілдік қолдау, инклюзивті білім және кәсіптік бағдар жүйелері оқушылардың қажеттіліктеріне сай келу керек.
  4. Оқушылар үшін барлық жағдай жасау, тиімді пікір және ақпарат алмасу болуы шарт.
  5. Мектептің қаржылық және материалдық ресурстары мектеп миссиясын іске асыруын және оқушылардың қауіпсіздігі мен саулығын қамтамассыз ету.  
  6. «Council of International Schools» халықаралық аккредитациясын алу үшін мектеп үш жылдан – бес жылға дейін жұмыс атқаруы қажет.            

 

Council of International Schools халықаралық ұйымы мен өзге де дүниежүзіне танымал мектептердің өкілдері еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерін аралады. Осындай сапарлардың басты мақсаты — білім ордаларында бекітілген халықаралық білім стандарттарының сәйкестігін анықтау.  

 

Халықаралық ұйымның өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектептерін минималды талаптарға сәйкес деп тауып, әлем бойынша жеті жүзден аса мектептен тұратын Council of International Schools-тың мүшелігіне қабылдады. 

 

Аккредитацияның басты мақсаты – оқу қызметінің сапасын дамытуға үлес қосуы. Шетелден келген сарапшылар мектептің мықты және осал түстерін көрсетіп, ұстаздар мен басшылыққа кеңес берді.  

 

2 мектеп – Council of International Schools-тың аккредитациясын алды;

13 мектеп – «Аккредитацияға үміткер» мәртебесін иеленді

20 мектеп - Council of International Schools мүшесі атанды.


Рустем ӘЛПИ 

 

 

Ұқсас материалдар