Қандастар Ассамблея

Назарбаев Университеттің алғашқы түлектері өз дипломдарын алды

15.06.2015 3355
Бүгін Назарбаев Университеттің алғашқы 446 түлегі өз дипломдарын алды.

Бүгін Назарбаев Университеттің алғашқы 446 түлегі өз дипломдарын алды. Бұл салтанатты іс-шараға Елбасы Н.Назарбаев арнайы келіп, үздік үлгеріммен бітірген студенттерге дипломды өзі тапсырды.

Елбасы: «Мен Назарбаев Университеттің түлектеріне диплом тапсыру бойынша алғашқы салтанатты шараға қатысушылардың бәрін шын жүректен құттықтаймын. Бұл күні, бұл оқиға бес жылдық мерейтойын тойлап отырған университет үшін, бүкіл ел үшін бұл өте маңызды. Ел өміріне біздің тарихымыздағы әлемдік деңгейдегі алғашқы ғылыми-білім беру орталығының түлектерері араласпақ. Біздің еліміз жан-жақтсы дайындалған сапалы мамандардың жаңа ұрпағына қол жеткізіп отыр. Бұл әсіресе қазір өте маңызды, өйткені біз реформаларға «100 қадам» атты ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісудеміз», – деп атап өтті.

Айта кетерлік жайт, Назарбаев университет 2010 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде университетте оқитын студенттер саны 2800-ге жеткен. Бар-жоғы 7 мектептен тұратын бұл оқу орнына жылына 500 грант бөлінеді. 


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар