Қандастар Ассамблея

Нашақорлықтың алдын алу айлығы басталды

02.06.2016 4469
Салауатты өмір салты

Бүгін елімізде Халықаралық нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес күніне арналған айлық басталды. Аталған шара бір айға дейін жалғасады.

Сурет: foru.ru

Айлық барысында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Азаматтарға психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер кеңес береді. Сонымен қатар,  халық көп жиналатын орындарда «Денсаулық жарнамасы» атты флэш-моб шаралары өтеді. Мамандар ата-аналармен балалардың бойына сенім ұялату арқылы оларды тәрбиелеу туралы әңгімелеседі. Баланың бойында девиантты мінез-құлыққа жол бермеу мақсатында ата-ана мен балалардың өзара қатынасына қолайлы жағдай жасалып, өзін-өзі қорғау әдетін қалыптастыру мен дамыту шаралары жүзеге асырылады.

Есірткі пайдаланудың алдын алу және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес – республикада мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Психоактивті заттардың денсаулыққа тигізетін зияны туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыруға қатысты іс-шаралар психоактивті заттарды тұтынудан бас тарту машықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.   

Еске сала кетейік, 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес күні ретінде 26 маусымды бекіткен.


Әзірлеген Айбота Өтеулі

 

 

 

 

Ұқсас материалдар