Қандастар Ассамблея

Народный соттың мұршасы

27.08.2014 1388
Народный соттың мұршасының көптігі туралықпен іс етуге көп кемшілігі барлығы, қолайсыз қару екендігі жоғарыда ай- тылды.

 

Народный соттың мұршасының көптігі туралықпен іс етуге көп кемшілігі барлығы, қолайсыз қару екендігі жоғарыда айтылды. Енді сот өзгермекші болған соң, мұршасын да көрсетіп, народный соттың күшін кемітуді Харитонов кеңесі де ұнатқан еді. Осы жоба бойынша уақ-түйек қазақ арасында күнде болатын істер үшін волостной сот сақталып отыр. Волостной сотқа қарайтын уақ іс болған соң, ол соттың мұршасы да аз боларға тиіс. Солай болған соң, 15-нші июль законі бойын- ша мұжықтардың волостной сотына берілетін істер қазақ волостной сотына да берілуге қисыны келіп тұр. Бірақ бұлай ету қисыны келгенмен, мақсатқа тура келер ме екен? Өйткені Сібірдегі мұжықтың волостной соттары 1861-нші жылғы 19- ншы февраль положениесінде жатқанда, қазақтарға ол положениеден артық сот беру оларды мұжықтардан артығырақ көрген болар еді. Сондықтан қазақ сотын сол жерлік мұжықтар сотымен теңгеру қолайлы болар.

Сөйтіп, қазақ народный сотына уголовный істердің нағыз ұсақтары ғана түсуге тиіс, яғни қарындас болып бітуден аспайтын істер ғана народный сотта қаралу керек. Бірақ қарындас болып бітпесе ғана жазалау уголовный политиканың жолына тура келмейді. Кейбір қауіпті уголовный ұсақ істерге хүкімет қол сұға алмай, шарасыз болар еді. Олай болмас үшін закон- да анықтап ашып көрсетерге керек: қандай уголовный ұсақ істер қарындас болып тынуға тиіс, қандай істер екі жағының қарындас болып бітуіне қарамай, айыпты жолында болмақ? Өйту үшін істердің атын атап-атап, законде санап көрсету тиіс. Бұл мəселеге келгенде, қазақ сотына тиіс істер 1860-ншы жылғы 28-нші сентябрьде шыққан сельский соттардағыдай боларға керек. Жазасын онша көп тартқызарлық зор іс болмаған соң, бұрынғы ескі волостной соттың мұршасы жеткілікті болса керек, яғни 7 күн тұтқындық пен штраф ғана боларға.

Гражданский істердің сотқа берілу мəселесіне келсек, бұл жағын əлгі айтылған мұжық соттарымен теңгеруге болмайды. Мұжық сотындағыдай сомамен мөлшерлеуге болмайды. Олай етуге болмайтын істер – жесір турасындағы істер. Сомаға мөлшерлеуге болмайтын жер дауы, енші, мирас даулары. Бұлардың бəрі де халықтың рəсіміне сүйенеді; ондай істерді халық рəсімін білетін народный сот ғана тексере алады. 15-нші июль законі мұндай істерді сомасының аз-көбіне қарамай, волостной соттың қарауында қалдырғанда, қашаннан берілі ондай істі қарап келе жатқан народный соттың қолынан алудың жөні болмас. Солай болған соң, гражданский істер туралы народный соттың күшін кеміткенде, бұл сияқты емес, басқа гражданский істер тақырыпты кеміту тиіс. Жесір дауы, жер дауы, енші дауынан басқа, гражданский істерден 100 сомдық-ақ іске билік айтуға народный соттың мұршасы келетін болса, яғни қазақ сотының мұршасы да жалпы гражданский істер туралы Сібір мұжықтарының волостной сотының мұршасындай болса екен.

Народный соттың мұршасының шегін ашқан кезде, оның қарауынан бұрын алынған істерді сол алынған күйінде қалдыру, мысалы, 1) Көшпелі қазақтар отырықшы – қала адамына істе- ген жазықты ісі болса, құты, қаланың шегінде қазағына істеген жазықты іс болса, народный соттың қарауынан алынбақшы, 2) Қазақ лауазым иесі адамдары, судиялары істеген жазықты істері – олар да народный сот қарауынан алынбақшы, 3) Қазақтан басқа адамдар қатысқан істер народный соттың қарауынан алынбақшы.

Жоғарыда айтылған негізбен өзгерілген народный сот осы күнгі кемшілігінің көбінен арылар еді, хүкімет мекемелерімен сабақтасып, бірте-бірте олардан өзге өнгелер алар еді. Участковой сиезде біліп басшылық ететін председательдер, народный соттың ісін көз жазбай бақылаған крестьянский начальниктер һəм олардың сиездері, əуелі, билерді, екінші, халықты орыс законінің жолына үйретіп, жақсылық қадірін білдірер еді һəм жолмен іс қылуға дағдыландырар еді; жəне де қазақтар да Россия мемлекетінің мүшесі екендігін танытып, тіршілігі сабақтас екендігін білдірер еді.

1915 ж.

А.Байтұрсынұлы / «Ел - шежіре»

Ұқсас материалдар