Қандастар Ассамблея

Нафтизинге тәуелділік

19.03.2016 7478
Бұл тәуелділіктен құтылудың ең басты жолы ол — нафтизинді мүлдем қолданбау. Алғашқы апта ұйқысыз өтуі мүмкін. Бірақ, уақыт өте келе мұрын қуысындағы көк тамырлар өздігінен тіріле бастайды.

  • Нафтизин — көк тамырларды тарылтуға арналған дәрі.  
  • Құрамында нафазалин бар түссіз сұйқтық.     
  • Дәріханаларда бағасы 100 теңгенің айналысында болғандықтан, мұрынға тамызатын дәрілер арасында нафтизин үлкен сұранысқа ие.
  • Нафтизин тамшыларына тәуелділік жайлы ең алғаш 1945 жылы неміс ғалымдары мәселе көтерген.
  • Халық арасында көбінесе тұмау ауыруы, аллергия, ринит, гайморит секілді дем алуды қиындататын ауырулар кезінде көп қолданады.
  • Дәрігерлер бұл дәріні 3-5 күннен артық тамызбауға кеңес береді. Ұзақ уақыт қолдану нафтизинге тәуелділікке алып келеді.
  • Бұл дәріні күніне 10-15 рет 30 жылдан астам уақыт үздіксіз тамызып жүрген адамдар бар.
  • Құрамындағы нафазалин — мұрын ішіндегі көк тамырлардың өздігінен жұмыс істеуін тоқтатады.  
  • Нафтизин есірткі болмағанымен оған тәуелділік нашақорлыққа өте ұқсас. Бұл тек ағзаның ғана тәуелділігі емес, сондай-ақ, психологиялық тәуелділік тудырады.
  • Дәрігерлер жүкті әйелдерге бұл дәріні тамызуға мүлдем тиым салады. Өйткені, ол — дүниеге келген сәбидің де бұл дәріге тәуелді болуына алып келуі мүмкін.
  • Соңғы уақытта нафтизинге тәуелділіктен құтылдыру мақсатында сайттар мен блогтар ашылып, әлемдік семинарларда дәрігерлер бұл дәрінің сатылуына мүлдем тиым салу керектігі жайлы ұсыныстар жасалды.

Нафтизиннің адам ағзасына тигізетін зияны

  1. Мұрын ішіндегі көк тамырлардың өздігінен жұмыс істеуін тоқтатады.  Қалыпты жағдайда көк тамырлар мидың берген бұйрығымен тарылып-кеңиді. Ал бұл қызметке сыртқы фактор әсер ете бергендіктен, біраз уақыт өткеннен кейін мидың берген бұйрығын мұрын мүлдем қабылдамайды.  
  2. Ұзақ жыл бұл дәріні тамызып жүрген адам психикалық ауыруларға шалдығуы мүмкін.
  3. Иіс сезу рецепторлары нашарлайды.
  4. Есту мүшесінің нашарлайды.
  5. Көру қабілеті төмендейді.
  6. Бұлшық ет сіңірлері тартылады.
  7. Қан қысымы көтеріледі.
  8. Жүректің жұмыс істеуі нашарлайды.
  9. Әлсіздік пен ұйқыбастыққа алып келеді.

 

                                         Нафтизинге тәуелділіктен қалай құтылуға болады?       

  1. Бұл тәуелділіктен құтылудың ең басты жолы ол — нафтизинді мүлдем қолданбау. Алғашқы апта ұйқысыз өтуі мүмкін. Бірақ, уақыт өте келе мұрын қуысындағы көк тамырлар өздігінен тіріле бастайды.
  2. Дәрігердің нұсқауымен гормоналды препараттар арқылы емделуге болады.
  3. Нафтизинге тәуелділік — созылмалы ринит ауыруына алып келген жағдайда хирургиялық ота жасалады.   

Рүстем ӘЛПИ