Қандастар Ассамблея

«Нұрлы жол» – кемел келешек кепілі

19.11.2014 12305
Білім мен ғылымның қарашаңырағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Нұрлы жол» - кемел келешек кепілі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Білім мен ғылымның қарашаңырағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Нұрлы жол» - кемел келешек кепілі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Шараның мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы ел халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын кеңінен талқылау. Жиында негізгі әңгіме өзегі Жолдаудағы басым бағыттардың бірі – білім саласына қатысты өрбіді.

Тараз қалалық «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен институт ұжымы қатысқан жиынды Тараз мемлекеттік институтының ректоры Дария Қожамжарова ашып, еліміздің болашаған бағдарлап, келешегіміздің дамуына негіз болатын биылғы Жолдаудың мән-маңызына тоқталып өтті.

«Қазіргі таңда дамыған елдердің барлығы осы білім саласына ұдайы қомақты инвестиция құйып келеді. Нәтиже де жоқ емес. Жер қойнауындағы табиғи байлықсыз-ақ, олар өздерін білімді де білікті азаматтарының арқасында әлемдік сахнада экономикасы қарышты дамыған, табысты мемлекеттер ретінде танытты.

Елбасының осы маңызды салаға қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздегі іргелі һәм беледі, ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 жоғары оқу орнын әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға қарышты қадам басқанымызды айқын көрсетеді» деді өз сөзінде Дария Пернешқызы. Сондай-ақ, «дөңгелек үстел» барысында институт ұстаздары Жолдаудың басым бағыттары турасында баяндама жасап, пікірлерін білдірді.


Тараз мемлекеттік педагогикалық институт (ТарМПИ) баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар