Қандастар Ассамблея

Н.Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыштар

21.04.2015 7344
Соғыстың отты жылдары Кеңес жауынгерлі көзсіз ерліктін көкесін талай рет көрсетті. Николай Гастелло жанған ұшағын жау нысанының үстіне құлатып, жауды шығынға ұшыратып жанқиярлық ерлік жасады.

Соғыстың отты жылдары Кеңес жауынгерлі көзсіз ерліктін көкесін талай рет көрсетті. Николай Гастелло жанған ұшағын жау  нысанының үстіне құлатып, жауды шығынға ұшыратып   жанқиярлық ерлік жасады. Н. Гастеллоның ерлігін 300 жауынгер ұшқыш қайталаса, соның ішінде  қазақ ұшқышы Нұркен Әбдіров және Көкшетаулық М.Янко, А.Сканеров, Г. Асеевтар қайталап, жау нысанын жойып,ерен ерлік көрсетті. Александар Матросов ажал шашып тұрған, пулеметтің аузын  кеудесімен жапты.   А. Мат росовтың ерлігін 260 жауынгер қайталаса, солардың ішінде қазақ жауынгері Ақәділ Сұханбаев және Көкшетаулық  Николай Сапронов қайталаған. Бүгінгі Ақмолалық майдангерлер топтамасының 5 санына, осындай ерен ерлікті қапысыз қайталаған Көкшелік хас  батырлар және батыр атағын алған жауынгерлер жайлы жариялап отырмыз.  

Михаил Янко 1922 жылы Бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Всеволодовка ауылында туған.  Орта мектеп бітіріп 1940 жылы Қызыл армияға қатарына  алынады. 1944 жылы әскер – теңіз авиациясы училищесін  жабуылдаушы – ұшқыш мамандығы бойынша бітіреді. Ол оқуын бітіре Қиыр шығыстағы теңіз флот – әуе күштері полкне жолдама алады.  Ол қызметін жақсы атқарып 1945 жылы мамыр айынан әуеден шабуылдаушы 37 – полктің звено командирі болады.  1945 жылдың  10 тамыз күні болған Жапондормен болған сұрапыл шайқаста қаза болады. Полк арнайы тапсырмамен Расин маңындағы Жапон әскери базасына шабуылдайды. Базадағы зеңбірек ұясын жойып, жоғары көтеріле  берген  Михайл Янконың ұшағына зеңбірек оғы тиеді. Ұшақ жана бастайды. Айнала су басқан теңіз. Парашютпен секіріп аман қалуға болушы еді. Бірақ, жау қолына түсері сөзсіз. Бірақ, есіл ер В. Янко секіруден бас тартты. Ол ұшақты қолмен басқару тетігіне қосып, жаудың  әскери базасына жанған  ұшағын құлатып,  Гастеллоның ерлігін қай талайды.   Ұшқыш В. Янко және атқыш – радист И. Бабкин ерлікпен қаз табады. Осы қайтпас ерлігі үшін В. Янкоға 1945 жылы 14 қыркүйекте Кеңес Одағының батыры атағын береді.  Батырдың атын  есте қалдыру, ұмытпау  үшін, Тынық мұхит  Әскери – Теңізт  флотының тарих мұражайында  В. Янконың жеке заттары сақтаулы. Туған ауылы Всеволодовкада В. Янконың мүсіні қойылып, сол м аңдағы темір жол бекетіне аты берілген.

Скнарев Александр Ильич

Скнарев Александр Ильич 1912 жылы 22 мамырда  бұрынғы Көкшетау  облысы Володар ауданындағы Саумалкөл селосында туған. Бір мәліметте Ақмола облысы Кривозерное ауылында туды делінген.Ол толық емес орта мектеп бітіріп, комсомол жолдамасымен Украйнаның Донбасс шахтасында құрылысшы болады.1931жылы Қызыл Армияға шақырылады. Ол алдымен Карьковтегі әскери мектепке, артынан Бискдегі И.В. Сталин атындағы    әскери - теңіз  авиация  училищесін түседі.  Мектеп бітірген соң Қиыр шығыстағы Тынық мұхит авиация флотында бақылаушы- ұшқыш болады. Дәрежесі жоғарлап штаб бастығы болады. 1941 соғыс басталғанда 122 авиация эскадрилде бомбалаушы ұшқыш болып ауысады.  1942 жылы ақпан айында  ұсталып, 28 наурызда әскери трибуналмен сотталады.  Оған әскери мүлікті ұрлады деген айып тағылып, ату жазасына кесіледі. Оқиға былай болады.  Бұзылған қыстақтан азық түлік қоймасы табылады. Оны бұрын әскерилер мәжбүрлікпен  жасырғаны расталады. Қоймадағы азық түлікті халыққа таратып береді.  Бірақ, қойма табылмас бұрын тоналғаны анықталады. Осы жайды баяндап шағымданған А. Сканеревке  Жоғарғы сот мейрімділік танытып, ату жазасын 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырады.  Ол 1942 жылы Солтүстік фронтқа  айыпкер жазасын өтеуші болып келеді. Бірақ, оның авиация саласындағы мықты тәжірибелігі ескеріліп, атқыш – бомбалаушы ұшқыш болып тағайындалады. Тәжірибелі ұшқыш жау шебінде талай рет атой салып ерлік көрсетеді. Ерлігі үшін Қызыл жұлдыз орденімен силанады. 1943 жылы 3 наурызда А. Скнаревтің сотталған ісін қайта қарап, ерен ерлігін бағалап, толық ақтап, бұрынғы капитан шенін қайтарып береді. Осылай толық ақталған батыр, жауға қырғидай тиіп, майор шеніне жоғарлайды. А.И.Скнарев 133 рет әуеге көтеріліп, 18 торпедалық шабуыл жасап, жаудың  өте маңызды үш нысанын суға батырды. 1944  жылы  16  қазанда Норвегияның  Хибергнесет маңындағы әуе шабуылында,  жауынгерлік  тапсырманы  орындап жүріп қаза болады. Оқ тиіп, жана бастаған ұшақты  А. Скнарев  жаудың су  транспортына әдейі бұрып, апарып құлатып, жау нысанын жойып, өзіде қаза табады. . Осы ерен ерлігі үшін 1944 жылғы 5 қарашада  Александр Ильич Скнарев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ленин және  екі рет Қызыл Ту, 1 – ­дәрежелі Отан соғыс орденімен марапатталған.  Батырға Солтүстік әскери –теңіз флотының мұражайы алдында ескерткіш мүсін орнатылған. Қәзіргі Айыртау ауданы Саумалкөл селосының бір көшесіне А.И.Скнаревтің есімі берілген.

Григорий Сафронович Асеев

Григорий Сафронович Асеев 1920 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Воладар ауданы Петрпавловка ауылында туған. 1939 жылы орта мектеп бітіріп Иркутск тау – кен иниститутына түседі. Бірақ, сол жылы әскерге шақырылып, Әсери – Теңіз флот жанындағы кіші авиация мамандарын  дайындайтын курсқа түседі. Ол атқыш – радист мамандығын алады. 1942 жылдың 16 қазанынан 1944 жылға дейін Солтүстік майдан шебінде соғысады. Ол қаруластары аға лейтенант Казаков, лейтенантАгафонов, подполковник Сыромятниковтармен бірге әуеде 81 ретшабуылға қатысып, жаудың 4 негізгі тұрағы, 2 кораблін,7 шағын кемелерін жояды. 1944 жылы Норвегияның Кибергнес  қаласы маңындағы әуе шайқасында экипаж командирі Б.П. Сыромятников, полк  штурманы А. И. Сканерев, сержант И.Е. Даниловтармен бірге қайтыс болады. Олардың  ұшағына зеңбіре оғы тиіп, жана бастайды. Бірақ, ұшқыш жанған ұшақты, жаудың негізгі нысанына бұрып, жаудың үстіне құлайды. Немістер тұрған жердің негізгі күші жойылып, суға батады.  Басқа серіктерімен қатар,  осы ерліктері үшін Г.Асеевке Кеңес Одағының батыры атағы 1944 жылы 05 қарашада беріледі. Батырды есте қалдыру үшін Солтүстік флоттағы авиация мұражайы алдында, батырдың кеуде ескерткіші  қойылған. Оның есімі жазылған ескерткіш тақталар Иркутск, Ұлан – үдэ қалаларында бар. Чита облысының Карымсой ауылынан көше аты берілген. Ол Ленин, Қызыл Жұлдыз, Қызыл ту, екінші дәрежелі Отан соғыс ордені және медальдармен марапатталады.

А. Матросовтың ерлігін қайталаған Н. Сапронов.

Н. Сапроновты Ақмола облыстық баспа сөз құралдары А. Матросовтың ерлігін қайталаған жерлесіміз деп, жарыса жазуда. Бірақ, бұл батыр жайлы, сөйлемнен басқа, дәйекті дерек жоқ . Батырдың фотасыда жоқ. Интернетті ақтардық, мұражайлардан сұрастырдық. Бірақ, тыңғылықты дерек аз болды. Қазақ атым өшпесін десең, өнегелі ұрпақ қалдар демейме. Бірақ, соғыс зардабынан жастай қаза болған Н. Сапронов сияқты ерлердің артында жоқтаушысы аз болатын, өзіндік себебіде бар. Көкшетаулықтар жерлесіміз дейді. Ал, Николай Тула облысы, Каменск ауданында туған депті. Мәліметте айырма бар. Ақмолалық, көкшетаулық емес деп, қоя салуға болар еді.  Бірақ, қайда туған, кім болсада, отан үшін жанын қиған,  есіл ер ұмытылып кетпесін деп, Көкшелік майдангерлер жайлы кезеті топтамаға кіргізуді жөн көрдім. Ұлы Абай: - «Адамзаттың бәрін сүй. Олда адамның басасы дегені» - еске орала берген соң,  жазықсыз құрбан болған жанға, жайбарақат қарай алмадым. Қателіктер болса оқырман қауым, кешіреді деп, сенемін.

Сапронов Николай Иванович 1918 жылы туған.  Ол жетіжылдық мектеп бітіріп, мұғалімдер даярлайтын курс бітіреді. Оқуын бітіріп ауылда сауатсыздарға хат танытатын мұғалім болады. 1938 жылы Н. Сапронов әскерге алынғанымен, кешікпей босайды. Бірақ, соғыс басталысымен  22 жасында 1941 жылы өз еркімен сұранып, соғысқа аттанады.  Н.Сапронов Ленинград қаласын қоршадан азат ету шебінде соғысады. Немістер қаланы солтүстіктен буып, қоршап, қаланы алу жоспары бойынша қимылға көшеді. Немістер шеңбер жасап, қала қоршауын қыса береді. Кеңес әскерлері кескілескен айқасқа түседі. Сондай бір қиян кескі соғыста, жаудың төбедегі арнайы жасақтаған, атыс нысанын жою Н.Сапронов басқарған бөлімшеге жүктеледі. Бірақ, жайлы биікті иемденіп, арнайы атыс көзін жасақтап алған жау, бөлімшеге оқ боратып, аттап бастырмайды. Николай еңбектеп, жау нысанына біршама жақындайды.  Граната лақтырып нысанды жоймақ болғанда, қолынан жараланып қалады.  Жау оқ жаудырумен болады. Николайға атыс нысанын,денесімен қалқалап жоюдан басқа амалы қалмайды. Артында, өз әскерлеріде, оққа ұшып жатыр. Ойлануып, толғануға уақыт жоқ.  Атыс нысанын кеудесімен жауып, қана жойамын деген,  ойға нық берілген Николай бірақ секіріп, нысанға жетіп, пулеметтың аузын кеудесімен жаба құлайды.  Пулеметтің үні өшіп, жауынгерлер атакаға көтеріліп, тиісті нысан алынып, бұйрық орындалады. Есіл ер Отаны, елі үшін жан пида болады.  Н. Сапронов осы ерлігі үшін «Соғыс Қызыл ту» орденімен наградталады. Н. Саронвқа Кеңес Одағының батыры атағын беру жайлы ұсыныстар түседі. Бірақ, жоғарыдан: - «Соғыс Қызыл ту» ордені батыр атағымен тең  деген, жауап келеді. Батырдың фота бейнесін іздеп таппадық.

Жаудың бетін жалғыз қайтарған пулеметші

Василий Афанасьевич Бовт 1916 жылы Ақмола облысы / Бұрынғы Көкшетау Балкашино/  Сандықтау ауданының  Васильевка ауылында дүниеге келген.  Әскер қатарына шақырылғанға дейін Масилий  Барнауыл қаласында арнайы қызметте жүрген кезде 1943 жылдың 23 маусымында  Қызыл армияға алынады.  

1944 жылдың 24 наурызынан бастап Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау күндерін бастан өткерді. 3-ші Украин және 1-ші Беларусь майдандарында Украинаны, Молдавияны, Польшаны азат етіп, Германиядағы ұрыстарға қатысты. Ол 5-ші екпінді армияның 60-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының пулемет расчетіне басшылық жасады. Ол алғашқы марапаты   Үшінші дәрежелі «Даңқ» орден 1944 жылы март айында алады. 1945 жылдың 16 сәуірінде Альте- одер өзеніне өту шайқасында ерекше ерлік көрсетеді. Өзеннен шат қимылдап өте салысымен, окап қазып пулеметтін орналастырады.  Бекініс жасау арқылы өз әскерлеріне жол ашып, өзененен өтуге үлкен көмек жасайды.  

Соғыстың аяқталар шегінде, атап айтсақ,  1945 жылдың сәуір, мамыр айларында Берлинді алу операциясы кезінде ерекше көзге түсті. Осындай ұрыстардың бірінде оларға көрші орналасқан кеңес әскери бөлімдері кейін шегінген еді. Мұны байқап қалған жау әскері бұлардың тылына өтіп кетіп, қоршамақ болады. Василий Бовт өзінің пулеметімен жаудың үш шабуылын қайтарады. Фашистерде өлермендік танытады.  Жау төртінші  рет  шабуылдағанда немістерді 30 метірге дейін жақындатып алып, оқ боратады.  Ал, неміс әскерлері бесінші рет бас көтерген кезде, оларды 15 – 20 метр    жақындатып алып, граната лақтырып  көздерін жояды. Ұрыс алаңында жаудың 25 солдаты жайрап қалады. Негізгі күште жетеді.  Оңтайлы ұрыс  шебін жауға бермей табанды  ұстап, негізгі күшке жол ашқан асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атанады.  Василий Афанасьевич соғыстан аман қайтады.  Бірақ, жастай 1949 жылы Дагестан АССР – нің Қызляр қаласында өмірден озады.

Георгий Иванович  Игишев

Георгий Иванович  Игишев  1921 жылы 1 қазанда  бұрынғы Ақмола / қәзіргі Астана/ қаласында  қызметкердің үйінде дүниеге келген. Әкесінің жұмыс бабымен Алматы қаласына ауысады.  Георгий  Алматы қаласындағы № 55 мектепті бітіреді. Ол 1940 жылы армияға алыннып, артиллерия полкында қызмет етеді.  Соғыс бастала Москва қаласындағы Красин атындағы 1 – әскери артиллерия училищесінің жедел курсын бітіреді. 1941 жылдың қарашасында   майдан шебіне келіп, сол жылдың желтоқсан айында немістер басып алған Москва облысының жерлерін азат ету соғысына қатысады.  Ол осы соғыста ауыр жараланып, ұзақ емделеді. Сауыққан соң ,аға лейтенант Г. Игишев 1942 жылдың жазынан үшінші  истребитель бригадасының, танктерге қарсы шабуылдау полкнің  артиллерия батериясының  командирі болады. 1943 жылдың шілде айының 6 – 8 күндері  капитан Г.Игишев басқарған батерия,  Курск облысы Поныров ауданы  Самодуровка  ауылын азат ету, шайқасында, жау танкілерінің бірнеше реткі қарсы шабуылына ұшырайды. Батерия жаудың 19  танк және оқ өтпейтін құрсаулы машиналарын жояды. Бірақ, адам саны басым жау әскері, батерияға жетіп қалғандықтан, Г. Игешев жауынгерлерін бастап, қол ұрысқа шығып, жауды тоқтатады. Бірақ, есіл ер осы шайқаста қаза болады.  Самодуровка ауылында жерленеді. Кейін Самодуровка ауылы г. Игешев ауылы аталады.  Осы сұрапыл ұрыста көрсеткен ерен ерлігі үшін кеңес одағының батыры атағы беріледі.  Алматыдағы № 55 мектеп, батырдың атымен аталады. Шайқас болған  Теплов төбешігінде  артиллерия  зеңбірегі қойылып, шайқасқа қатысқан батырлардың  аты жазылған ескерткіш тақта орнатылған.

 

Тихонов Григорий Матвеевич 1912 жылы 10 сәуірде бұрынғы Көкшетау облысы Рузаевка ауданында туған. Жеті класс бітіріп, Оңтүстік – Уральс темір жолында жұмыстайды.

1934 жылдан Қызыл Армия қатарында болып 1939 -1940 жылдары Кеңес - ­финляндия соғысына қатысады. 1942 жылы кіші офицерлер курсын бітіріп, гвардия лейтенанты шенінде Орталық майдан шебінің  7­ - атты әскерлер корпусының 15- ­гвардиялық дивизияның эскадрон командирі болып тағайындалады.  Г. Тихонов Гомель облысындағы Брагинск ауданының Нивки селосы маңында болған шайқаста ерлік көрсетеді.  1943 жылдың 28 қыркүйегінде оның эскадроны Днепрден өтіп, Нивка, Усохи  елді мекеніндерін босатып, Галки тірегіндегі немістердің үлкен күшін жойып, басып алып, Кеңес әскерлеріне тірек нысаны етуге дайындайды.  1944 жылы 15 қаңтарда Григорий Тихонов Кеңес одағының батыры атағымен силанады. Ленин, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз және бірнеше медальдың иегері. Григорий1944 жылы 13 ақпанда Мозырь қаласын алу шайқасында ерлікпен қаза тауып, сонда жерленеді. Батырды есте қалдыру үшін, осы қаладағы Даңқ алеясына, есімі жазылған ескерткіш тақта орнатылған.  Батырдың фота бейнесін таппадық.


Әзірлеген: Дахан Шөкширұлы Жәмші.