Қандастар Ассамблея

Әміренің рөлін Мәдиев ойнайды

09.08.2016 3432
Қазақ киносы

Келесі жылы «Әміре» фильмі халықаралық прокатқа шығады. Бұл – АҚШ және Қазақстан елдерінің бірлескен алғашқы киножобасы.

Фильмнің түсірілім жұмыстары шілде айының соңында Латвияның Рига қаласында басталды.  Ал, қыркүйек айында Алматы қаласында жалғаспақшы.  

Көркем фильм 1925 жылы таңғалдырған Парижде ән салып, өзінің әсем даусымен бүкіл әлем жұртшылығын қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертеді. Туындыны Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, кинопродюсер, инвестор Әлидар Өтемұратов, Голливудтың танымал продюсерлері Кери Гранат, Эд Джонстар қолға алды.

1925 жылы Парижде өткен «Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes» шарасы аясында ұйымдастырылған бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әндері мен  домбырасын таныстырған Әмре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан суырылып шығып, екінші орын мен күміс медальға ие болғаны көпке мәлім. Фильмде Әміренің қоғам қайраткері Мұстафа Шоқаймен және джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы, оның туған еліне оралғанда алдынан шыққан қиындықтар туралы айтылады деп жоспарланып отыр.

Су жаңа фильмде Әміре шырқаған «Бес қарагер», «Жалғыз арша»,  «Балқадиша», «Үш дос», «Сұржекей», «Ағаш аяқ» «Дударай», «Əй-əй бөпем» әндері орындалады.  

АНЫҚТАМА:

Халықаралық түсірілім тобының құрамы:

Қоюшы-режиссер: Джеф Веспа (АҚШ),

Оператор: Максим Осадчий

Сценарий авторы: Бенжамин А. ван дер Вин

Басты рөлдерде: Санжар Мәдиев (Әміре) Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай), британдық актер Бен Алдридж, америкалық актриса Эбби Корниш және т.б.

Тарихи кеңесші: Әміре Қашаубаев туралы еңбектердің авторы Жарқын Шәкәрім.

Музыкалық продюсері: «The Magic of Nomads» жобасының авторы әрі жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимова.

Қоюшы суретші: Екатерина Залетаева,

Костюм бойынша суретшілер: Әсел Шалабаева, Дайва Петрулите.

Фильмнің атқарушы продюсерлері: Әсет Кенжебаев, Анна Чакиртова.


Жансая ТӨЛЕГЕН

Суреттер "Қазақфильм" киностудиясына тиесілі