Министр «Соңғы қоңырауға» қатысты

30.05.2016 1394
25 мамыр

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушыларды «Соңғы қоңыраумен» құттықтады. 

Министр Астанадағы №75 гимназияның салтанатты шарасында мектеп түлектеріне «Сіздер жаңа әлемге қадам басқалы тұрсыздар. Әлемнің басқаша қырларын, меніңше, университеттің бірінші курсында сезінесіздер. Сіздер керемет мектепті тәмамдадыңыздар, жақсы білім алдыңыздар. Барлығыңызға ҰБТ-да сәттілік тілеймін. Еліміз бен шет мемлекеттердегі үздік жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін. Болашақта біздің ұлы ғалымдарымыз, ұлы жазушыларымыз, ұлы инженерлеріміз көп болсын", - деп, жылы лебізін білдірді. 

№75 мектеп-гимназия 2014 жылдың 1 қыркүйегінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын. Гимназияда "Эрудит" деп аталатын ғылыми қоғам бар. Мұнда білімге деген құштарлығы жоғары, алғыр балалармен жұмыс жүргізіледі.


Айбота Өтеулі

Ұқсас материалдар