Қандастар Ассамблея

Мэтт Дэймонның фильмдердегі кейіпкерлерін құтқаруға 900 миллиард доллардан астам қаржы жұмсалған

05.01.2016 1692
Quora cұрақ-жауап порталының Kynang Eng ecімді пайдаланушысы Мэт Дэймонның «кейіпкерлерін құтқару құны» 900 миллиард доллардан астам екенін есептеп шыққан.

Егер Голливуд фильмдерін үзбей көретін болсаңыз, Мэт Дэймон сомдайтын кейіпкерлердің көпшілігін белгілі бір қиын жағдайдан құтқару қажет болып жатады. Онда тұрған не бар деуіңіз мүмкін, бірақ аталмыш жайтты қызықты ететін бір нәрсе бар. Қай фильмде болмасын құтқару операцияларының ауқымы өте үлкен. «Қатардағы Райанды құтқару» фильмінде Мэтті тауып алу үшін соғыс алаңына арнайы әскери жасақ жіберіледі, ал «Марсиандық» фильмінде жат ғаламшарда жалғыз қалған ғарышкерді үйіне қайтару үшін Жерге енді келіп жатқан ғарыш кемесі бір адам үшін Марсқа кері ұшады. Мұның бәрі шынайы өмірде қыруар қаражатты қажет ететіні белгілі. Quora cұрақ-жауап порталының Kynang Eng ecімді пайдаланушысы Мэт Дэймонның «кейіпкерлерін құтқару құны» 900 миллиард доллардан астам екенін есептеп шыққан.

Vera Anderson/WireImage

Kynang Eng жоғарыда аталған сумманы келесі фильмдер бойынша шығарған:

«Соғыстағы ерлік» (Courage Under Fire). Парсы шығанағындағы соғыс кезінде тікұшақпен құтқару: 300 мың доллар.

«Қатардағы Райанды құтқару» (Saving Private Ryan). Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сарбазды іздеу операциясы: 100 мың доллар.

«Титан: Жердің өлімінен кейін» (Titan A.E.). Жерді құтқару кемесі: 200 миллиард доллар.

«Сириана» (Syriana). Таяу шығыстан кері жеке рейспен ұшу: 50 мың доллар.

«Жасыл аймақ» (Green Zone). Таяу шығыстан АҚШ әскерін шығару операциясы: 50 мың доллар.

«Элизиум» (Elysium). Кемені істен шығару: 100 миллион доллар.

«Интерстеллар» (Interstellar). Жұлдызаралық кеме: 500 миллиард доллар.

«Марсиандық» (The Martian). Марс миссиясы: 200 миллиард доллар.

ЖАЛПЫ СУММА: 900 миллиардтан астам.


Дәурен Омаров 

Ұқсас материалдар