Қандастар Ассамблея

Мешін жылы: 2016 жылға арналған Жұлдыз жорамал

25.01.2016 130104
Келе жатқан Мешін жылы әр адамның өміріне қалай әсер етеді?

Жаңа 2016 жыл өміріміздің келесі бір парағын ашқалы тұр. Келіп жеткен Мешін жылы Сатурн мен Юпитер ықпалында болады екен. Бұл жыл адам өміріне үлкен өзгеріс әкелетін жаңалықтарға толы болмақ.

ТОҚТЫ – (21.03-20.04)

2016 жыл «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін», әр іске ерекше сабырлықпен қарайтын жыл. Жұмысыңызға  шыдамдылық танытып, тианақты орындасаңыз, 2016 жыл Сіз үшін үлкен жетістіктерге қол жеткізетін жыл болмақ. Жеке өміріңізге келетін болсақ, жылдың сәуір, шілде және қыркүйек айларында өз сүйіктіңізді табуға нағыз қолайлы уақыт болады.

Сәтті уақыт аралығы: 6 наурыз – 14 сәуір, 3 тамыз – 26 қыркүйек.

Сәтсіз уақыт аралығы: 17 сәуір – 30 маусым, 6 қазан – 9 қараша.


ТОРПАҚ – (21.04-21.05)

Келе жатқан жаңа жыл торпақтар үшін өте маңызды. Көптен бері шешімін таба алмай жүрген сұрақтар  шешіліп, жұмысыңызда жоғарлау мүмкіндігі пайда болады. Жұлдыздардың болжамы бойынша, келер  жылда күтпеген жерден үлкен олжаға кеңелесіз.   Сондай-ақ, басыңыз бос болған жағдайда, мамыр мен қыркүйек айларының арасында өз жарыңызды табуыңыз әбден мүмкін. Ал, отбасылы жандардың балалы-шағалы болуға мүмкіндігі көбейеді.

Сәтті уақыт аралығы: 23 қантар – 17 ақпан, 30 сәуір – 24 мамыр, 5 тамыз – 30 тамыз, 12 қараша – 7 желтоқсан.

Сәтсіз уақыт аралығы: 18 ақпан – 12 наурыз, 12 шілде – 4 тамыз, 23 қыркүйек – 18 қазан, 7 желтоқсан – 21 желтоқсан.


ЕГІЗДЕР – (22.05-21.06)

Егіздер үшін бұл жыл биік белестерге де, кішігірім  жеңілістерге де толы болады. Келер жылы Сіздің көлік  немесе пәтерге ие болуыңыз әбден мүмкін. Тамыз-қыркүйек айлары өз сүйіктіңізді кездестіруге қолайлы  сәт тудырады. Әр ісіңізге жауапкершілікпен қарасаңыз, Мешін жылы тек сәттілік пен қуаныш әкелді. 

Сәтті уақыт аралығы: 14 ақпан – 5 наурыз, 13 маусым  – 29 маусым, 7 қазан – 24 қазан.

Сәтсіз уақыт аралығы: 5 қаңтар – 25 қаңтар, 28 сәуір  – 21 мамыр, 19 желтоқсан – 8 қаңтар  2017 жыл.


ШАЯН – (22.06-22.07)

Шаяндар үшін 2016 жыл бойындағы бұрын-сонды  біліне бермеген дарынды ашатын кез болады. Сондай-ақ, өміріңізде күтпеген күрт өзгерістер күтуі мүмкін. Мысалы, тұрғылықты жер өзгеріп немесе жұмыс орныңыз алмасуы мүмкін. Жеке өміріңізде де қаңтар, ақпан, қазан-қараша айларында оң өзгерістер  байқалады.

Сәтті уақыт аралығы: 18 маусым – 12 шілде, 12 наурыз – 5 сәуір.

Сәтсіз уақыт аралығы: 21 мамыр – 18 маусым, 8  қазан – 24 қазан.


АРЫСТАН – (23.07-23.08)

Арыстан жұлдызнамасындағы адамдар үшін 2016 жыл  сәттілікке толы болмақ. Әсіресе, қызметі шығармашылыққа жақын адамдар үшін жетістікке қол жеткізу мүмкіндігі өседі. Жеке өміріңізде тамыз-қыркүйек айларында өзгерістер болып қалуы ықтимал. Жыл бойы қаржылық мәселелеріңіз де жоғары деңгейде өтпек.

Сәтті уақыт аралығы: 6 наурыз – 19 сәуір, 17 шілде – 3 қазан.

Сәтсіз уақыт аралығы: 13 қазан – 8 қараша, 28  маусым – 15 шілде.


БИКЕШ – (24.08-23.09)

Бұл жылы Сізге үлкен жауапкершілік артылады. Жанұяңыз бен үй-тұрмысыңыздың берекесі Сізбен тікелей байланыста болады. Қаңтар, мамыр, қыркүйек  және желтоқсан айларында қаржылық алаяқтардан сақ болыңыз! Өз сүйіктілеріңізді тамыз, қаңтар, ақпан немесе қараша, желтоқсан айларында жолықтыра аласыздар. Денсаулық күтімін де ұмытпағайсыз.

Сәтті уақыт аралығы: 6 тамыз – 30 тамыз, 12 қараша – 19 желтоқсан, 6 сәуір – 27 сәуір.

Сәтсіз уақыт аралығы: 5 қаңтар – 25 қаңтар, 28 сәуір – 21 мамыр, 19 желтоқсан – 8 қаңтар.


ТАРАЗЫ – (24.09-22.10)

Келер жылы өміріңізге кері әсерін тигізетін істер мен  адамдардан алшақ болыңыз. Өз мүдделеріңіз үшін аянбек еңбек етіңіз. Тек сондай жағдайда, күз мезгілінен бастап жолыңыз оңынан ашылып, үлкен  белестерге шығасыз. Тамыз, қыркүйек, ақпан, наурыз, әсіресе қараша-желтоқсан айларында жеке өміріңізде көптен күткен сүйіктіңіз пайда болуы мүмкін.

Сәтті уақыт аралығы: 17 ақпан – 12 наурыз, 25 мамыр – 17 маусым, 30 тамыз – 23 қыркүйек.

Сәтсіз уақыт аралығы: 24 қаңтар – 16 ақпан, 12 қараша – 7 желтоқсан.


САРЫШАЯН -  (23.10-22.11)

Сарышаяндар үшін бұл жыл оңынан басталғалы тұр. Күздің алғашқы айларына дейін Сіз Юпитердің ықпалында боласыз. Соның әсерінен, әр қолға алған  ісіңіз жетістікке жетеді. Маусым айында өміріңізде  көңіліңізден шықпайтын жағдайлар болуы мүмкін. Дегенмен, сабырлық пен ақылыңыздың арқасында барлық қиындықтардан оңай шығасыз. Жеке өміріңізге  келетін болсақ, наурыз бен қыркүйек айларында жаныңызға жақын адамды табуыңыз ықтимал.

Сәтті уақыт аралығы: 3 қаңтар – 6 наурыз, 24  қыркүйек – 8 қараша.

Сәтсіз уақыт аралығы: 17 сәуір – 30 маусым, 9 қараша – 19 желтоқсан.


МЕРГЕН – (23.11-21.12)

Наурыз, тамыз және қыркүйек айларында мергендердің өмірі сарқылмас энергия мен табысқа толы болады. Ал сәуір-мамыр айлары аздаған қиындықтар тудыру мүмкін. Жеке өміріңізде наурыз-сәуір айларында жақсы  жаңалықтар күтіңіз. Жалпы, жыл бойғы іс-әрекеттеріңіз тек Сіздің өз күш-жігеріңізге байланысты.

Сәтті уақыт аралығы: 6 наурыз – 16 сәуір, 3 тамыз – 26 қыркүйек.

Сәтсіз уақыт аралығы: 19 ақпан – 5 наурыз, 17 сәуір – 26 мамыр.


ТАУЕШКІ – (22.12-19.01)

Тауешкілер үшін келер жыл қуанышқа толы болмақ. Өміріңізде алыс сапарларға саяхат пен жаңа жұмыс орнына ауысу мәселелері де тұр. Нептунның  ықпалында болатын тауешкілер үшін бұл жыл  шығармашылық даму үшін жағымды. Жұмысыңыз қыркүйек айында өрлесе, жеке өміріңіз қаңтар-ақпан, қараша-желтоқсан айларында жақсара түспек.

Сәтті уақыт аралығы: 26 қаңтар – 17 ақпан, 30 сәуір – 24 мамыр, 5 тамыз – 30 тамыз.

Сәтсіз уақыт аралығы: 20 наурыз – 19 сәуір, 9 қаңтар – 25 қаңтар.


СУҚҰЙҒЫШ – (20.01-19.02)

Суқұйғыштардың карьералық өрлеуі 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларына келіп тұр. Күздің алғашқы айларына дейін жұлдыздар Сіздің қаржылық мәселелеріңіздің жақсаруын болжайды. Ақпан-наурыз, мамыр-маусым және желтоқсан айларында өз сүйіктіңізді табуға нағыз қолайлы уақыт.

Сәтті уақыт аралығы: 14 ақпан – 12 наурыз, 24 мамыр – 20 маусым, 7 желтоқсан – 31 желтоқсан.

Сәтсіз уақыт аралығы: 20 сәуір – 23 мамыр, 23 қазан – 21 қараша, 22 шілде – 22 тамыз.


БАЛЫҚТАР – (20.02-20.03)

Балықтар үшін 2016 жыл осыған дейін атқарылып келген еңбектің жемісін көруге арналғандай. Алдыға қойған мақсаттарыңыз әсіресе наурыз, тамыз ерекше жеңілдікпен орындалады. Сондай-ақ, наурыз-сәуір, маусым-шілде айларында өз махаббатыңызды табуыңыз әбден мүмкін.  

Сәтті уақыт аралығы: 12 наурыз – 6 сәуір, 18 маусым  – 12 шілде, 23 қыркүйек – 18 қазан.

Сәтсіз уақыт аралығы: 21 мамыр – 17 маусым, 22 қараша – 21 желтоқсан.

Жұлдыз жорамал 2016 жыл

Ұқсас материалдар