Қандастар Ассамблея

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа 2015 жылмен құттықтауы

01.01.2015 2722
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа 2015 жылмен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар!

Санаулы минуттардан кейін біз жаңа жылды қарсы аламыз!

Жаңа жыл – баршаға жан шуағын сыйлайтын жайдары мереке. Жыл сайын біз оны үкілі үмітпен, игі тілекпен қарсы алып, толайым табыспен шығарып саламыз. Әлемдік экономикадағы бүгінгі қиындыққа қарамастан биыл да әл-ауқатымыз арта түсті.

Өтіп бара жатқан жыл дамудың келесі кезеңіне бастайтын  оқиғалармен айшықталды. Біз алдағы жылы күш-қуатымызды еселейтін ауқымды нарықтың есігін ашамыз. Бағдарымыз – белгілі, таңдауымыз – айқын, мақсатымыз – биік. Баршаға шұғыла шашатын «Нұрлы жол» бүкіл еліміздің күретамырына айналды.

 

Қымбатты отандастар!

Келер жыл – терең тарихымызға, құқықтық негізімізге, берекелі бірлігімізге құрмет көрсететін жыл. Ынтымағы жарасқан халқымыз осы айтулы оқиғаларды лайықты атап өтеді деп сенемін. Қазақ халқы қой түлігін ежелден құт-берекенің басы деп білген. Ендеше, алдағы Қой жылы молшылық пен ырысын ала келсін! Еліміздегі әр шаңырақтың дәулеті мен сәулеті артып, татулығымыз нығая берсін!  

 

Дорогие казахстанцы!

Мои соотечественники!

Смена лет – это символический шаг из прошлого в будущее. В уходящем году мы смогли на самом деле приблизить грядущее. Здесь есть заслуга каждого.

За все это время я встречался с очень многими из вас. Жителями районов, в которые пришла новая дорога и новая жизнь. Врачами, получившими уникальное оборудование, чтобы спасать здоровье. Учителями и учениками в светлых классах новых школ. Инженерами и рабочими в цехах открывшихся предприятий. Работниками сельского хозяйства, которые приумножают хлебный каравай нашей страны с каждым годом. Талантливой молодежью и опытными ветеранами.

Все вместе мы шаг за шагом улучшали жизнь вокруг нас. Было непросто. Мы живем в большом открытом мире, который непрерывно меняется. Сейчас эти изменения ускорили бег. Но мы еще раз доказали, что крепко держим свою судьбу в своих руках.

Казахстан встречает наступающий год с четким созидательным планом действий. Этот Путь в будущее обратит перемены в новые достижения. Силу для них мы черпаем в единстве и согласии – в тех ценностях, которые складывались веками. Сплоченность, незыблемая связь времен и поколений сделают нашу дорогу еще более уверенной.

 

Дорогие друзья!

Совсем скоро пробьют часы, возвещая наступление Нового года. В его ожидании взволнованно бьется сердце страны. В унисон стучит сердце каждого из нас. Хочу от души пожелать всем мира, здоровья, благополучия и успеха!

С Новым 2015 годом!

Жаңа жыл құтты болсын, ардақты ағайын!

Ұқсас материалдар