Қандастар Ассамблея

Медицинада гендік инженерияны пайдалануға рұқсат берілді

12.02.2016 8099
Гендік инженерия

Британ зерттеушілері адам эмбрионындағы гендік өзгерістермен жұмыс істеуге рұқсат алды. Бұл жаңа әдіс адам ағзасының ерте даму ерекшелігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

 

Зертттеу жүргізу мүмкіндігіне Лондондағы Фрэнсис Кирк институтының бір топ ғалымдары қол жеткізіп отыр. Олар әйелдің жатырындағы жұптасқан ұрықты бақылау арқылы жаңа эксперимент жасап, ұрықтың алғашқы 7 күнде даму ерекшелігін зерттеп көрмек.     

 

Гендік инженереяны зерттеу әдісі арқылы ғалымдар адамдардың ДНҚ туралы толығырақ ақпарат алып, талаптарын айқындайды, сау эмбриондардың жақсы жетіліуіне бақылау жасай алады. Осындай ақпаратты игеру арқылы ғалым мамандар мен дәрігерлер эмбриондарға манипуляция жасап, олардың жақсы дамуына әсер ететін болады. Бұл әдістің ең тиімді жері – белсіздікпен күресудің тың жолдарын қарастыру болып табылады.  

  

Мұндай жаңа әдісті сынап көруге Ұлыбританияның адам эмбрионын ұрықтандыру басқармасы рұқсаттап отыр. Ресми түрде рұқсат берілгенімен кейбір құжаттық мәселелерді шешу міндеті тұр. Қағаз жұмыстары шешімін тапқан сәттен бастап дәрігер Кэти Ниякан бастаған зерттеушілер тобы экстракорпоралды әдіспен жүктілікке қол жеткізуге келген пациенттердің эмбрионымен жұмыс істемек. Британдық ақпарат көздерінің таратуынша, қандай жолмен алынған болса да эмбриондарды пайдалану заңсыз әрекетке жатады.

 

Бүгінгі таңда гендік инженерия оның ішінде адам эмбрионын пайдалану әдісі көптеген елдерде даулы мәселе күйінде қалып отыр. Кейбір мемлекеттер бұл – медицина ғылымын дамытудың қарапайым әдісі деп санаса, енді біреулер бұл – «балалар дизайны» технологиясына бастаған өте қауіпті әрі даулы қадам деп есептейді.

Мәселен, аталмыш әдістердің қауіпті жағын мүлде ескермейтін елдер де бар. Қытай ғалымдары қан ауруының күрделі түрін жұқтыру қаупі болса да адам эмбрионына модификация жасаған. Сонымен қатар гендік терапия әдісін қолдану арқылы адам өмірін сақтап қалуға болатынын дәлелдеген. Мысалға, Лондондағы Грейт-Ормонд-стрит балалар ауруханасында гендік терапия әдісімен бір жасар қыз баланы лейкемия ауруынан құтқарған.  

Қалай айтсақ та, гендік инженерияның мүмкіндіктері туралы уәде әзірге тек теория жүзінде ғана қалып отыр. Фрэнсиса Кирк институтының ғалымдары медицинада үлкен жаңалық ашып, осы әдістің болашағы жарқын екенін дәлелдеуі мүмкін.

Былтыр дүние жүзі бойынша алғаш рет Қытай генетигі Цзюньцзю Хуан CRISPR – Cas9 әдісі арқыл адам эмбрионы геномына өзгертулер енгізу бойынша алғаш ғылыми мақаласын жариялаған болатын. Бұл жаңалық ғылыми ортада үлкен резонанс тудырып, талқыға түскен еді.


Аударған Тұмар АСЫЛ

Мақала hi-news.ru сайтынан алынды

 

 

Ұқсас материалдар